Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

1.

 Жобаны әзірлеуші  мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Үкіметтің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 19-тармағына сәйкес әзірленген.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды тудырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Заң жобасының мақсаты сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту болып табылады.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Талап етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беру

Рұқсат етіледі

11.

Жобаны интернет-ресурсына орналастыру туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Б. Бекназаров

2013 жылғы  « __ »____________