Түсіндірме жазба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) сайлау құқықтарын бұзу туралы арыздарды соттардың қарау тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы Үкіметтің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 23-тармағына сәйкес әзірленген.

Сайлау құқықтарын қорғау жөніндегі істер бойынша сот шешімдеріне апелляциялық шағым беру институтын енгізу, талапкерлердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша  мемлекеттік баж төлеуден босату көзделіп отыр.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Ахметов