СОТҚА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШТЕРДІ БЕРУ МҮМКІНДІГІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Озық  ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, ақпараттық жүйелерді біріктіру сот төрелігінің мобильділігі мен ашықтығын айтарлықтай арттырады.

Сот төрелігіне қолжетімділіктің артуын біз, ең алдымен, қарапайым пайдаланушы үшін сотқа тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін қолайлы және түсінікті құралдарды құруда көреміз.

 «Сот кабинеті» сервисі

Бұл барлық сот сатыларына кез келген өтініштер мен арыздарды электрондық түрде беруге мүмкіндік туғызатын сот органдарының онлайн қызметтерін алуға, мемлекеттік бажды онлайн төлеуге, істің өтуін қадағалауға, сот құжаттарын және хабарламаларды жедел алуға арналған бірыңғай терезе.

Бүгінгі таңда Сот кабинетін пайдаланушылар саны 20 мыңнан асады.

2014 жылы Сот кабинеті арқылы 105 707 арыз келіп түсті, олардың ішінде 85 696 талап арыздар және 19 мыңнан астам басқа арыздар (өтінішер), шағымдар және өтініштер.

2015 жылдың бірінші тоқсанында электрондық түрде 56 778 құжат тапсырылды, олардың ішінде 55 715 талап арыздар және 97 қадағалау тәртібіндегі өтініштер, 966 шағымдар, олардың ішінде 739 апелляциялық, 277 кассациялық.

Дегенмен, Сот кабинетін дамыту жалғасуда және Мобильдік Сот кабинеті аяқталу кезеңінде. Мобильдік Сот кабинеті – бұл пайдаланушының ұялы телефонына орнату үшін арналған мобильдік қосымша.

Сот процестерін аудио және –бейне тіркеу жүйесі

Сот ісін жүргізу процесі толығымен ашық болады. Осы жүйені толықтай енгізу  қандай да бір процессуалдық бұзушылықтардың болу мүмкіндігін азайтады.

Сот отырыстары залдарының АБТ жүйелерімен республика бойынша жабдықталуы 55 %-дан артық, ал Астана және Алматы бойынша 100%.

Сот құжаттарымен танысу сервисі

Сотқа талап арызды қағаз тасымалдаушыда берген азаматқа талон беріледі, содан соң оған бірден істі іс жүргізуге қабылдау, ұйғарым шығару, сот отырысын өткізу күнін тағайындау, оның арызы бойынша ол сот органдарының Интернет-ресурстарында таныса алатын сот актісі қабылданғандығы туралы СМС-хабарлама немесе е-mail-ге электрондық хат жіберіледі.