Қазан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

30 қыркүйек-1 қазан аралығында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы төрағасы А.Қ. Қыдырбаева мен мамандандырылған сот алқасының судьясы Г.Ж. Әлмағамбетованың қатусыларымен Алматы қаласында «Дауларды шешу. МАЭС судьяларымен ашық әңгіме» тақырыбында Қазақстандық Заң Форумы өтті.

7-11 қазанда Стокгольм қаласына (Швеция) Швецияның соттары мен БАҚ өзара іс-қимыл саласындағы тәжірибесін, МАСС-медиа және әлеуметтік желілердегі сыни материалдарға ден қою технологияларын зерттеу мақсатында стади-тур ұйымдастырылды, делегация  құрамында Жоғарғы Соттың судьясы Е. Максюта, Нұр-Сұлтан қаласы тергеу сотының төрағасы Н.Бекназаров, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің м. а. А. Сәдуақасов, Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы К. Домалакова болды.

8 наурыз Нұр-Сұлтан қаласында Жоғарғы Сот ғимаратында мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаеваның, Бас Прокурордың орынбасары М.М. Ахметжановтың, Ішкі істер Министрінің орынбасары А.Д. Калайчидидің ЕҚЫҰ-ның Тұрақты Өкілдерімен кездесуі өтті.

9-11 қазанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің ұйымдастыруымен «Адам құқықтарын қорғау саласындағы қарулы күштердің рөлі» тақырыбында судьялар үшін семинар өтті.         Іс-шараға Әскери соттың судьялары: М.Молышев пен М.Иманбаев қатысты.

15-16 қазанда Нұр-сұлтан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған орнықты даму саласындағы БҰҰ ынтымақтастық бағдарламасын стратегиялық жоспарлау жөніндегі кеңесі өтті. Кеңеске жобалық офистің басшысы Д.Н. Еңсебаев қатысты.

17 және 22 қазанда Нұр-сұлтан қаласында БҰҰ-ның жеке өтініштері бойынша шарттық органдары қабылдаған пайымдауларды орындау мүмкіндіктерін сараптамалық деңгейде талқылау болып өтті. Аталған     іс-шараға Халықаралық байланыстар және Протокол бөлім меңгерушісінің орынбасары Е. А. Попова қатысты.

17-27 қазан аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) «Ашық әлем» кәсіптік алмасудың 10 күндік бағдарламасы ұйымдастырылып, оған жергілікті соттардың судьялары қатысты.

21-26 қазанда ҚР Жоғарғы Соты делегациясының шетелдік сот ісін жүргізу тәжірибесімен танысу мақсатында Норвегия мен Данияға сапары өтті. Делегация құрамында - Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Т. Жүкенов, Жоғарғы Соттың судьясы         Ұ.А. Сүлейменова, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы С.Ж. Абдолла, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі М.Т. Турубаев болды.

29 қазан күні Жоғарғы Сот ғимаратында ЖС судьялары мен аппарат қызметкерлерінің БҰҰ Басқармасының есірткі және қылмыс жөніндегі (БҰҰ ЕҚБ) өкілдерімен кездесуі өтті, оның шеңберінде Қазақстанда қылмыстық сот төрелігі жүйесін күшейту саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоғарғы Сот тарапынан кездесуге Жоғарғы Соттың судьясы А.М. Нұрбеков, Департамент басшылығы қатысты. БҰҰ ЕҚБ тарапынан Орталық Азиядағы өңірлік өкіл Ашита Миттал, бағдарламалардың халықаралық менеджері Вера Ткаченко, бағдарламаның Қазақстандағы халықаралық үйлестірушісі Мадина Сариева қатысты.

30 қазан күні Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында СІМ мен БҰҰ ЕҚБ бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында экстремистік іс-әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимылдың қылмыстық саясатын дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Жоғарғы Соттың судьясы А.М. Нұрбеков «Қазақстан Республикасында экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін жазалауды тағайындаудың сот практикасы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.