Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі аудит бөлімі туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2020 жылғы «___»__________  № __________

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті

 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты)

 Басшысының өкімімен бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі аудит  бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

          1. Бөлім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі ‑ Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.                                                   

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды, 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі ‑ Заң), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №599 бұйрығымен бекітілген, Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге, қолданыстағы заңнама талаптарына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, және Департаменттің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылымын және штаттың санын (сандық кұрамы) Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

4. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жуапкершілігі бөлім туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және Департамент Басшысының өкімі негізінде бекітіледі.        

  1. Бөлім  мәртебесі

         5. Бөлім Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Департамент Басшысына есеп береді және бағынады, Департаменттің  ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.

         6. Бөлім ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі  аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.

         7. Бөлім Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне  жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды.

          8. Бөлім қызметкерлеріне бөлім мәртебесіне сәйкес қолданылуы мүмкін құжаттарды, Департамент туралы және iшкі мемлекеттік аудит туралы ережелерін қоспағанда Жоғарғы Соттың және Департаменттің ішкі құжаттарының ережелері таратылмайды.

          9. Бөлім қызметін бағалауды iшкi мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

 

3. Бөлім  мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Департаменттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін,  қажетті жәрдемдесу, аудит объектілерін тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты Департамент Басшысына ұсыну, Бөлімнің нeгiзгi мақсаты болып табылады.

          11.Бөлім міндеттері:

          1) Департаменттің, оның аумақтық бөлімшелерінің мақсаттарына, міндеттері мен бағдарламарына қол жеткізілуін талдау;

          2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің  қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.

          12. Бөлім функциялары:

          1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

          2) Департаментте, оның аумақтық бөлімшелерінде, олардың қызметінің барлық бағыттары, соның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік  аудитін жүргізеді;

          3) Департаментте, оның аумақтық бөлімшелерінде сәйкестік аудитін жүргізеді;

          4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

           5) Департаменттің ішкі процестерінің тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Департаментте, оның аумақтық бөлімшелерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

          6) Департаменттің бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы бағдарламаға, мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуін талдайды;

          7) Мемлекеттік аудит объектілерінде тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сакталуына тексеруді жүзеге асырады;       

          8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тындайды;       

          9) Департамент Басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, аудит объектілерінің қызметін ұйымдастырудың iшкi процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен iшкi мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;

         10) Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

        11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жібереді;

        12) Департамент Басшысының, сондай-ақ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.

        Егер тиісті Есеп комитетінің және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, бөлім Департамент басшысының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.

       13.Бөлім құқықтары:

        1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ақпараттар жүйелері деректерінің құрамымен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;

       2) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;

       3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат aлy;

       4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес iшкi аудит нәтижелері  туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кipeтiн мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде

электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін

немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;

          5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;          

          6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілepi бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;

          7) Қазақстан       Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.

          14. Бөлім  міндеттері:

          1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;

          2) Бөлімнің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Бөлімнің  окыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды Департамент Басшысына бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;

          3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Департамент Басшысы бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;

          4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Жоғарғы Соттың  интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;

           5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және   қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі.  

           6) ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды және мемлекеттік аудит объектісі және басқа да мүдделі тұлғалар жіберетін растайтын құжаттарды қарау нәтижелері туралы ақпараттың  уақытылығы мен толықтығын тұрақты және жүйелі түрде бақылайды;

           7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;

           8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;   

           9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады; 

          10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ic- әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;

          11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;            

         12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақытылы және толық көлемде орындайды;

         13) қызметтік және кәсіби этиканың талаптарын сақтайды;

         14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;   

         15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;

        16) Департамент Басшысына мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;

        17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;

        18) Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

        19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.

        15. Бөлім оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

       16. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін Бөлім

қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.

 

                                     4.Бөлім қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімге басшылықты, Департамент басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлім меңгерушісі жүзеге асырады;

18. Бөлім меңгерушісі Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл, Бөлім қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.

19. Бөлім меңгерушісі Департамент Басшысына Бөлім құрылымы және штаттық кестеci жөнінде ұсыныстар береді.

20. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойыншa Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, аумақтық органдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда - оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

21. Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Бөлім туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықты актілермен белгіленеді.

22. Бөлімге жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Бөлім Департамент Басшысы  бекітетін жылдық, тоқсандық жұмыc жоспарына және мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

                                               5. Бөліммен  eceп беру

 

          23. Бөлім ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.

          24. Бөлім жыл сайын Департамент Басшысына, сондай-ақ iшкi мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға iшкi мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер береді.