Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаныңдағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы Соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаменті

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының аппараты) басшысының                                             

2020 жылғы   «__»___________

№ ______________өкімімен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаныңдағы

Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Цифрландыру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1.  Цифрландыру бөлімі (бұдан әрі — Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі — Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

              2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, «Қазақстан  Республикасының сот жүйесі мен  судьяларының  мәртебесі туралы» Конституциялық заңды, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан  Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқыктық актілерді, Департамент туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

             3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.      

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, кұқыктары мен міндеттері

 

              4. Міндет: Жоғарғы Сотта, Департаментте және жергілікті соттарда ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қаматамсыз ету, сондай-ақ компьютерлік және ұйымдық техникалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Функциялар:

  1. сот жүйесінде ақпараттық жүйелерді енгізу, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  2. сот жүйесін ақпараттандыруды енгізу және дамыту бойынша бюджеттік бағдарламаларды дайындау және жоспарлауға қатысу;
  3. сатып алынатын құралдардың және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін дайындау;
  4.  сот жүйесін ақпараттандыру бойынша қызметтерді ұсынатын мердігерлердің шарттық міндеттерді уақытылы және сапалы орындалуына мониторинг және бақылау жасау.

           5. Міндет: Департамент туралы Ережеге, Жоғарғы Соттың және Департаменттің жоспарларына, хаттамалық және өзге де тапсырмаларға сәйкес міндеттерді орындау.

Функция:

1) сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану және енгізу бойынша өзекті ұсыныстар енгізу. 

              6. Міндет: сот жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдануды жетілдіру және дамыту.

Функция:

1) ақпараттық жүйелер мен сервистердің  жұмыс істеу мәселелері бойынша жергілікті соттармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу.

           7. Бөлім:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды құрылымдық бөлімшелерден және мемлекеттік органдардан сұратуға және алуға;

2) заңнамамен белгіленген өзге де құкықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8. Бөлім белгіленген тәртіпте:

1) Жоғарғы Соттың және Департаменттің жұмыс жоспарларына Департамент Басшысы бекіткен Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызметті жүзеге асыруға;

2)    Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, жергілікті соттармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тығыз өзара іс-қимылда өз жұмысын жүргізуге міндетті.

 

 

3.  Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

 

9. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіліктерге ие.

10. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басқарады.

11. Бөлім меңгерушісі Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімнің әрбір қызметкері Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына үшін дербес жауапты.

12. Бөлім меңгерушісі Департамент басшысына Бөлімнің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстарды енгізеді.

13. Осы мақсатта меңгеруші:

  1. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  2. Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне, Департамент туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         14. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда  оның орынбасары қол қояды.

         15. Бөлімнің қызметі Жоғарғы Соттың және Департаменттің жұмыс жоспарларына, Департамент басшысы бекіткен Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

          16.  Бөлімнің жұмысы өзара алмасушылық, есеп берушілік, алдына қойылған міндеттерді орындауға дербес жауапкершілік негізінде құрылады.

 

_______________________________