Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2020 жылғы «  »    

№ 6001-20-7-6/     өкімімен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы (бұдан әрі -Хатшылық) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2 Хатшылық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, Департамент туралы Ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

            3. Хатшылықтың құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

4. Хатшылықтың құрамына:

1) хат-хабарларды тіркеу секторы;

2) судьялардың консультанттары тобы;

3) сот практикасын талдау секторы кіреді.

 

2. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндет 1: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының (әрі қарай – Алқа) сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметін, Конституциялық заң мен процессуалдық заңнамаға сәйкес Алқаға жүктелген басқа да қызметтерді ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету.

6. Функциялар (судьялардың консультанттары тобы):

1) сот актілерін қайта қарау туралы келіп түскен өтінішхаттар мен соттардың даулы сот актілерін зерделеу;

2) өтінішхаттарды қайтару, оны алдын ала қарауға тағайындау немесе істі алдырту туралы шешімді қабылдау үшін өтінішхаттарды зерделеу нәтижелері туралы судьяға баяндау;

4) өтінішхаттар бойынша түскен істерді зерделеу және судьяға баяндау;

5) тиісті процессуалдық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

6) істерді кері қайтару және тараптарға қаулы көшірмелерін жолдау;

7) судьяның сот практикасына қорыту жүргізуін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету:

- қорыту жоспарының жобасын құрастыру және оны судьямен келісу;

- зерделенетін істер санаты бойынша статистикалық мәліметтерді әзірлеу;

- қорытудың тақырыбы бойынша шетелдің сот практикасы туралы материалдарды дайындау;

- қорытудың жобасын әзірлеу және судьяға баяндау;

- анықталған ескертулер бойынша жергілікті соттарға қорытуды қоса тіркеп, түсіндірме сипатындағы хаттардың жобаларын әзірлеу;

8) судьяның тапсырмасы бойынша нормативтік қаулыны әзірлеу жұмысына қатысу (әрі қарай – НҚ);

9) хатшылықтың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірмелер дайындау;

10) Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізу үшін кассациялық сатыда процессуалдық шешімдер қабылданған өтінішхаттар мен істер бойынша анықтамалық материалдар дайындау;

11) хатшылықтың құзыреті шегінде бақылау тапсырмаларын қарау;

12) басшылықтың тапсырмасына сәйкес БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды зерделеу және олар бойынша ақпаратты әзірлеу.

7. Міндет 2: Алқаның құжат айналымы мен сот өндірісін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету. 

8. Функциялар (хат-хабарларды тіркеу секторы):

1) құжат айналымын Алқаның номенклатурасы бойынша жүргізу, кассациялық тәртіпте түскен өтінішхаттар/наразылықтар мен істерді (2у) тіркеу және олардың тіркеу-бақылау кәртішкелерін жүргізу;

2) «Төрелік» АЖ-нің  «Істі іздеу» атты 2.1. бөлімінде бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілерін іздеу және оларды түскен өтінішхаттарға тіркеу, қайталап түскен өтінішхаттар бойынша Жоғарғы Соттың мұрағатынан кассациялық өндірістерді (әрі қарай – КӨ) сұрату;

3) Алқаның судьяларына мамандануы бойынша автоматты түрде бөлу үшін түскен өтінішхаттардың, істер мен наразылықтардың санаттарын анықтау;

4) Жоғарғы Соттың кассациялық сатысында қаралу үстіндегі қылмыстық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және олардың қаралу мерзімдерін бақылау;

5) Алқада өтінішхаттар мен істердің айналымына есеп, талдау және бақылау жүргізу. Басшылыққа апта сайын түскен, қаралған және қалдық өтінішхаттар, істер мен наразылықтар туралы мәліметтерді ұсыну;

6) Алқаның отырысында істердің қаралуын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету:

- кассациялық сатының отырысына тағайындалған істер бойынша тараптарға хабарламаларды дайындау және оларды жолдау, хабарламалардың тараптарға табысталуын,  олардың сот отырысына келуін телефон немесе басқа да байланыс құралдары арқылы тексеру;  

- Алқаның отырысына келген іске қатысушыларды тіркеу, облыстық және оларға теңестірілген соттармен өзара байланыс жүргізу арқылы, оның ішінде бейнеконференц байланысы (әрі қарай – БКБ) және ұялы телефон БКБ (ҰТБКБ) құралдарын қолдана отырып сот отырысының өткізілуін ұйымдастыру;

- қаралуға тағайындалған істердің тізімін құрастыру және Интернет-ресурсында қылмыстық істердің кестесі бойынша мәліметтердің апта сайын жаңартылып отыруын қамтамасыз ету;

7) «Төрелік» АЖ-на өтінішхаттардың алдын ала қаралу, істердің өтінішхаттар/Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Бас Прокурордың наразылықтары бойынша негізінен қайта қаралу нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу (2у, 2уп, 2пп);

8) іске қатысушыларға Алқаның қаулыларының көшірмелерін жолдау, соттарға сұратылған істерді кері қайтару, Жоғарғы Соттың мұрағатына кассациялық өндірістерді өткізу;

9) қылмыстық істердің кассациялық тәртіпте қаралу нәтижелері туралы статистикалық есепті құрастыру (тоқсандық, жартыжылдық және бір жылға).

9. Міндет 3. Алқаның қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық және талдамалық қамтамасыз ету. 

10. Функциялар (сот практикасын талдау секторы):

1) Алқа төрағасының тапсырмасымен судьялардың белгілі істердің санаттары бойынша сот практикасына талдаулар жасауы үшін нормативтік-құқықтық қорды, статистиканы, басқа да анықтамалық материалдарды дайындау;

2) статистикалық есептерде көрсетілмеген, істердің нақты санаттары бойынша жергілікті соттардың ақпараттарын зерделеу және Алқа судьяларының жұмыс кеңестерінде талқылау үшін қысқаша шолулар жасау;

3) сот практикасын қалыптастыру бойынша соттардың ұсыныстарын қарау және Алқаның судьялары талқылауы үшін ұсыныстар енгізу. Жергілікті соттарға жолданатын ақпараттық хаттарды әзірлеу;

4) қылмыстық істерді қарайтын судьялар мен жергілікті соттардың жұмыс сапасы туралы көрсеткіштеріне тоқсан сайын салыстырмалы талдау жүргізу, талдамалық анықтамаларды әзірлеу;

5) талдау нәтижелерін талқылау үшін бейнеконференц байланысы арқылы жергілікті соттармен жұмыс кеңестерін ұйымдастыру және жергілікті соттарға хаттамалық тапсырмаларды дайындау; 

6) Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысына сәйкестігін тексеріп, тоқсан сайын сот актілерінің жасақталу сапасына талдау жүргізу;

7) істердің кассациялық сатыда қаралу нәтижелері бойынша сот практикасына ай сайын шолулар әзірлеу және оларды жергілікті соттарға жолдау;

8) заңнаманы жетілдіру және нақты істердің санаттары бойынша сот практикасын қалыптастыруға қатысты келіп түскен заң жобаларына толықтырулар мен ескертпелер енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау кезінде ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

9) семинарлар, дөңгелек үстелдер, оқу және Алқаның басқа да іс-шаралары бойынша жұмысын қамтамасыз ету.

11. Құқықтар мен міндеттер:

1) Алқаның қызметін қамтамасыз ету үшін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен және олардың лауазымды адамдарынан  қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәліметтерді сұратуға/алуға;

2) Департамент пен Хатшылықтың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;

 

3. Хатшылықтың қызметін ұйымдастыру

 

12. Хатшылыққа Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктер беріледі.

13. Хатшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын меңгеруші (бұдан әрі - Хатшылық меңгерушісі) басқарады.

14. Хатшылық меңгерушісінің орынбасарлары бар.

15. Хатшылық меңгерушісі:

1) Хатшылық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

2) Департаменттің Басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

3) Департамент Басшысына өзінің орынбасарлары мен Хатшылықтың құрамына кіретін басқа қызметкерлердің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін бекітуге береді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Хатшылық меңгерушісі орынбасарының функциялары:

1) оған жүктелген функционалдық міндеттерді өз өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыру;

2) өз өкілеттіктері шеңберінде Хатшылықтың қызметін үйлестіру және қарауына бекітілген сектордың жұмысына бақылау жүргізу. 

3) Хатшылықтың құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалардың  істер мен өтінішхаттары бойынша түсіндірме сипатындағы жауаптарға, сондай-ақ тараптарға жолданатын хабарландыруларға қол қою;

4) Хатшылық қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау, өзара орын басу және басқа да мәселелерді қамтамасыз ету;

5) Хатшылық меңгерушісі болмаған кезде Хатшылықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, Хатшылыққа жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

17. Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Хатшылық атынан Алқаның Төрағасына, Департамент басшылығына, басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ Хатшылықтың құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірмелерге Хатшылықтың басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

         ____________