Халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту шеңберінде
Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және С.Аманжолов атындағы университет ректоры Мұқтар Төлеген Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне медаиторлар, оқытушылар, магистранттар мен ЖОО студенттері қатысты.
Меморандум татуластыру рәсімін және «Отбасы соты» жобасын кең қолдану бойынша жұмыста өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.