мүгедек

Атырауда сот мүгедектің меншік құқығын қорғады

11/04/2017

Атырау  қалалық сотында талап қоюшы Б-ның «Атырау қалалық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талапы арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Сот мүгедектің құқығын қорғады

22/12/2015

А. Тулеуова жауапкер – Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автомобиль жолдары ММ-ге, Ақтөбе қаласы әкімінің апараты ММ-ге және Ақтөбе облысының Әділет департаменті тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар кезегіне қайта енгізу туралы талап-арыз беріп, сотқа арызданған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

02/11/2015

Алматы облысы Іле аудандық соты «Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі A.Байымбетоваға қатысты  қылмыстық істі қарады.

Сот «Казфосфат» ЖШС-дан 2-топ мүгедегінің пайдасына үш миллионнан астам теңге өндіріп берді

05/08/2015

Ағымдағы жылдың наурыз айында Құрманқұл Әлімханов Тараз қалалық сотына жауапкер «Казфосфат» ЖШС-ға қатысты талап арызымен жүгінген. Өзінің арызында оған келтірілген кәсіби сырқаты үшін жұмыс берушінің кінәсін белгілеуді, бірқатар бұйрықтардың күшін жоюды және ЖШС-дан алты миллионнан астам теңге өндіруді сұраған.

Сот мүгедектің пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады

19/03/2015

Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциалық сот алқасы А.Қоянбаевтың шағымы бойынша Қостанай қалалық сотының шешімін қайта қарады.  Апелляциалық сот Қостанай қалалық әкімдігінің екінші топтағы мүгедек меншігіне пәтерді ақысыз беруге қарсылық  келтіру туралы шешімін заңсыз деп таныды.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нен моральдық залал өндірілді

19/01/2015

Сәтбаев қалалық сотында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бес жұмыскерінің талап арызы бойынша моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкерлердің айтуынша олар жауапкердің қарамағында, жер астында шахтер ретінде жұмыс атқарған. Жұмыс барысында олардың денсаулығына зиян келіп, соның салдарынан олар 3-топтағы мүгедек болып танылып, жұмыс атқару қабілетінен 40-50 пайызға айырылған. Сол себепті жауапкерден әр талапкердің пайдасына 700 000 теңге моральдық шығынды өндіруді сұраған.