қорытынды шығару

Алматы облысында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен 2016 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

20/01/2017

Бүгін Алматы облыстық сотында өңір активінің қатысуымен 2016 жылғы облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Серік Мұқанов, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, облыс судьялары, соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар, өңірдің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.