Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық сипаты және олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділік рөлі атты зерттеу жобасын іске асырыуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының Сот жүйесін зерттеу жөніндегі бөлімі жұмыстың перспективалық жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық сипаты және олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділік рөлі» атты зерттеу жобасын іске асыруға кірісті.

Зерттеуді жүргізу барысында үш негізгі бағыт қаралатын болады:

1. Сот билігі және оның ұлттық заңнаманы жетілдірудегі және дамытудағы рөлі: Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары интерпретациялық қызмет нәтижесі ретінде; нормативтік қаулыларда қамтылған құқықтық ережелер мен құқықтық позициялар, нақты істерді шешуге арналған ережелер (нормалар); нормативтік қаулылар және олардың классикалық сипаттағы заңға тәуелді актілерден айырмашылығы; нормативтік қаулылардағы заңды нақтылау шектері.

2. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының заңдық күші және оларды қолдану мәселелері: нормативтік қаулылардың нормативтік құқықтық актілер мен қолданыстағы құқық жүйесіндегі орны және рөлі; сот органдарының Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қолдануының өзекті мәселелері; нормативтік қаулыларды жедел тергеу және бақылау-қадағалау органдарының қызметінде қолдану.

3. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары: құқық шығармашылық және интерпретациялық техника: нормативтік қаулыларда тыйымдардың, ұйғарымдардың және рұқсат етулердің көріну нысандары; Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларындағы заңдық конструкциялардың және құқықтық дефинициялардың рөлі, нормативтік қаулылардың логикасы (заңнаманың жалпы қағидаттарына сәйкестігі, заңның идеясынан туындайтын сипат, құқық нормасының элементтерін реттеудің ерекшеліктері).

Осы зерттеу жобасын іске асыру мақсатында 2009 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының, Парламент депутаттарының, ғалымдардың, жергілікті соттар судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық сипаты және олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділік рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік семинарды өткізу жоспарланып отыр.

Ғылыми-тәжірибелік семинарды өткізу Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының заңдық сипатын және олардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділік рөлін терең талдауға мүмкіндік береді.