Желтоқсан 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

4 желтоқсанда Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаеваның басшылығымен Қазақстан Республкасының Жоғарғы Сотының судьялары, Халықаралық заңгерлер комиссиясының делегациясымен  кездесу өткізді.

4-9 желтоқсанда Қазақстан Республкасы Жоғарғы Сотының судьясы А.Қасымов Брюссель (Бельгия) қаласында ЕО және Орталық Азия Әділет министрлерінің 5 кеңесіне қатысты.

5 желтоқсанда Қазақстан Республкасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми Лорд Вульфтің басшылығымен АХҚО сотының судьялығына кандидаттармен кездесу өткізді.

5-7 желтоқсанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Ә. Сәтбаева және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №2 сотының судьясы Р.К Исабекова Александрия (Вирджиния штаты, АҚШ)  қаласында заң шығару, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған коммерциялық құпияларды қорғау жөніндегі оқу бағдарламасына қатысты.

6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында CEPEJ және CCJE (CE) делегациясымен, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә. Мәмимен бірқатар кездесулер өтті.

6-8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Англия мен Уэльстің Заң қоғамымен бірлесіп ұйымдастырылған презентация мен семинар өтті. Іс-шараға Мамандандырылған алқа төрағасы А.Қ. Қыдырбаева, мамандандырылған алқа судьялары, сондай-ақ «Болашақ» стипендиаттары қатысты.

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Бизнестің құқықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру» форумы өтті.

18-20 желтоқсанда Қазақстан Республкасы Жоғарғы Сотының судьясы Е.М. Рахымбеков Минск қаласында (Беларусь) «Кылмыстық іс процестегі апелляциялық іс-жүргізу: дамудың қазіргі жағдайы, үрдiстері және перспективалары» атты өңірлік конференцияға қатысты.