Желтоқсан 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

7 желтоқсанда Астана қаласында 2016 жылға одан әрі ынтымақтастықты талқылау үшін Жоғарғы Сот судьясы У.А. Сүлейменованың Қазақстандағы GIZ бағдарламасының басшысы Й.Пуделькомен кездеуі өтті.

9-10 желтоқсанда Бишкек қаласында (Қырғызстан) баяндамаларды ұсынудың ұлттық тетіктерін және кейінгі шараларды қабылдауды және    БҰҰ-ның адамдар құқығы бойынша тетіктерінің көзқарастарын іске асыруды әзірлеудегі тәжірибемен алмасу бойынша аймақтық конференция өтті. Іс-шараға ҚР ЖС Департаменті басшысының орынбасары Ж.Н. Әбдиев қатысты.

10 желтоқсанда Астана қаласында  PRI «Түрме жүйесін дамытудың жаңа дәуірі және қамалқандардың құқығын қорғау» атты тақырыпқа дөңгелек столды ұйымдастырды. Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы О.С. Қожабаев қатысты.

10 желтоқсанда ҚР ЖС Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Д. Рахметолиннің, ҚР ЖС судьялары  Л.А. Ағыбаеваның, А.Ж.Құрықбаевтың, М.С.Шегеновтың, Ж.А.Волкованың қатысуымен «Сот ісін жүргізудің жаңа үш буынды моделі шеңберінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселесі» атты тақырыпқа дөңгелек стол ұйымдастырылды.

22 желтоқсанда Астан қаласында «ҚР-дағы сот-құқық жүйесін қолдау» атты Еуро одақ жобасы бойынша жұмыс жоспарын талқылау үшін Ni-Сo өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) басшысының орынбасары Қасенова А.Б., ҚР ЖС отставкадағы судьясы Юрченко Р.Н., қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы Хатшылығының меңгерушісі Байбосынова Г.А., Халықаралық байланыс және хаттамалар бөлімінің меңгерушісі Хуанова Г.Т., Персоналдарды басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нүрпейісов Д.К., Персоналдарды басқару бөлімі соттық білім беру секторының  меңгерушісі Жақсылықова Г.А. қатысты.

22-23 желтоқсанда Турцияның Судьялардың және прокурорлардың Жоғары кеңесі Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің Жоғары сот кеңестері өкілдерінің және бас прокурорлардың кеңесін өткізді. Іс-шараға ҚР ЖС судьясы А.Ж. Құрықбаев қатысты.