Желтоқсан 2014 жыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 желтоқсанда «Қазақстанда дауларды шешудің баламалы тәсілін кеңейту факторы ретінде сот медиациясының даму келешегі» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйлеген Жоғарғы Сот судьясы У.А.Сүлейменова қатысқан «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» атты ҚР Жоғарғы Соты мен БҰҰДБ бірлескен жобасының қорытынды конференциясы өтті. Сонымен қатар конференцияға Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Хуанова қатысты.   

 

5 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ЭЫДҰ-мен бірігіп, ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың Стамбул жоспары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы А.С.Смолин, Қызметкерлерді басқару бөлімінің орынбасары Д.К.Нүрпеисов, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.О.Жұмағалиев және Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің бас кеңесшісі Е.А.Попова қатысты.

 

7-12 желтоқсанда Жоғарғы Сот Судьялар одағы мен ABA-ROLLI-мен бірлесе отырып, тергеу судьясы және сот төрелігімен мәміле облысындағы шетелдік тәжірибені оқыту үшін Эстонияға оқыту сапарын ұйымдастырды. Оқыту бағдарламасына жергілікті соттардың судьялары (Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.Н.Егимбердиева, Ақмола облыстық сотының судьясы Е.Б. Жанадилов, Қарағанды облыстық сотының судьясы А.Б.Кузнецова, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы В.А.Кириленко, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.А.Утешев), Жоғарғы Сот аппаратының басшылығы (Аппарат басшысының орынбасары А.Б.Касенова, Талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Л.С.Курмантаева), Судьялар одағының төрағасы С.К.Байбатыров қатысты.

 

8-14 желтоқсанда Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасындағы Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамының (GIZ) көмегімен электрондық сот төрелігі саласындағы шетелдік тәжірибені оқыту мақсатында Рига және Вена қалаларына оқыту сапарларын ұйымдастырды. Осы сапарға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары (Жоғарғы Сот судьясы  У.А. Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы А.Ж. Рахметулин, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының төрағасы М.Д. Баркинхоев), сондай-ақ Жоғарғы Сот Аппаратының басшылығы (Аппарат басшысы И.С.Испанов, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі С.Б.Омаш, Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Хуанова) қатысты. 

 

10 желтоқсанда Астана қаласында Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасында сот төрелігі секторын институционалдық күшейту жобасын талқылау үшін Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары К.О.Елибаевтың Дүниежүзілік Банктің Ақпараттық технологиялар облысындағы бас маманы Рамеш Сивамен кездесуі өтті.