ҰСАҚ ДАУЛАРДЫ ЖЕҢІЛДЕТІП ҚАРАУ МЕХАНИЗМІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 17 қарашадағы Заңмен Азаматтық процестік кодексіне азаматтық сот ісін жүргізудің жаңа нысаны – Жеңілдетілген талап қою ісін жүргізу енгізілді.

Жеңілдетілген талап қою ісін жүргізу – бұл соттар тараптардың жазбаша дәлелдері негізінде оларды шақырусыз ақша сомаларын өндіріп алу туралы күрделі емес істерді қарайтын азаматтық сот ісін жүргізу нысаны. Яғни жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде келесі істер қаралады:

- егер талап қоюдың бағасы:

заңды тұлғалар үшін - 500 айлық есептік көрсеткіштен (1 млн. теңге немесе 5400$);

дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін - 100 есептік көрсеткіштен (198 200 теңге немесе 1000$ сәл артық) аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша.

- талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде істерді қарау мерзімі – 1 айды құрайды.

Жылдың басынан бастап осы күнге дейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қараған істер саны - 27 503, олардың ішінде 691 немесе 2,5 % жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралды (жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралған істер санының аз болуы осы норманы енгізу мерзімінің қысқа болуымен байланысты).