Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық әлеуметтік феномен ретінде барлық қазіргі мемлекеттерге әр түрлі дәрежеде тән болып отыр. Ол туралы газеттерде, ғылыми мақалаларда, монографияларда жазылады. Бұл құбылыстың зияндылығын оның саяси, экономикалық және рухани өркендеуге кері әсерін түсініп сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін анық уғынып, көптеген  мемлекеттер қалыптасқан  қатынастар, жүйесінен шығу жолдарын іздейді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіндірді әзірлейді және іске асырады.

Еліміздің Президенті сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы іс-қимыл мәселесіне айрықша мән бере отырып, мемлекет масштабында сыбайлас жемқорлықты жою тұжырымдамасының негізгі бағыттарын анықтады, оның шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2005 жылғы 23 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-абырой кодексі және басқалар да қабылданып іске асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүйесін әрі қарай қалыптастыру бойынша міндеттер мемлекет басшының соңғы бағдарламалық құжаттарында да көрініс тапты. Өзінің «Қазақстаң, халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бас прокуратураның кеңейтілген отырысы шеңберінде өткен құқық қорғау органдарының жедел кеңесінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті атап айтқанда  қазіргі таңда ең алдымен құқық бұзушылықты болдырмаудың және оның алдын алудың маңыздылығын ескеретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстың аса анық және үйлестірілген жүйесін құру қажеттілігінің туындағанын атап өтті. Жоғарыда аталған басымдықтарды іске асыру мақсатында 2008 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының Сот жүйесін зерттеу жөніндегі бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі зерттеу жобасын іске асырды . Жоба бойынша жұмысқа Жоғары Соттың судьялары, Парламент депутаттары, Жоғары Сот Аппаратының қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының профессорлары және ғалымдар қатысты.

Авторлық ұжымның ғылыми әдірлемесі аталған мәселелердің аспектілеріне арналады және Қазақстан Республикасында заңдылықты жөнге келтіру және нығайту міндеттері мен мүдделері контекстінде орындалды.

Мәселені кешенді түрде қарастыра отырып, зерттеу авторлары сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік теріс құбылыс ретінде зерттеуге ерекше назар аударады, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жалпы себептерді және жағдайларды қарастырады.

Еңбекте сот жүйесіндегі құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл тетігін жетілдіруге жеткілікті назар бөлінеді, мұнда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың алдын алуды, жолын кесуді және оны жасағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі, тәртіптік-біліктілік алқалары, сот этикасы жөніндегі комиссиялар және т.б. құқықтық және қоғамдық институттар оның элементтері болып отыр. Зерттеуде бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғары кәсіби мәдениеттің құқық бұзушылықтардың алдын алудағы рөлі, шет елдердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тәжірибесі көрсетіледі, қойылған мәселелерді шешудің нақты жолдары ұсынылады.

Осы жобаның материалдары судьялар, прокурорлар, адвокаттар, тергеушілер және анықтаушылар, тәжірибе жасайтын заңгерлер, сондай-ақ қазіргі Қазақстанның сот жүйесінің дамуы қызықтыратын оқырмандардың ауқымды топтары үшін пайдалы болады.