Сәуір 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1-3 сәуір аралығында Бішкек қаласында  (Қырғыз Республикасы) АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сарапшылары үшін ядролық және радиоактивті материалдар контрабандасы саласындағы соттық қудалау бойынша өңірлік кездесу ұйымдастырды. Жоғарғы Соттан кездесуге судья М.Қ. Жанғұттинов қатысты.

7 сәуірде Астана қ. Жоғарғы Сот және Энергетика министрлігі адам құқықтарын жүзеге асыру үшін улағыш және қауіпті өнімдер мен қалдықтарды заңсыз тасымалдау мен оларды көмудің қолайсыз салдарлары туралы мәселе бойынша қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы А.Ж. Рахметулиннің БҰҰ Арнайы баяндамашысы Баскут Тункакамен кездесуін өткізді.

7 сәуірде Астана қ. Жоғарғы Сот Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Түрікменстандағы Ф. Эберт атындағы Қордың өңірлік директоры Пэр Тешендорфпен кездесу өткізді. Жоғарғы Соттан кездесуге судьялар           Ғ.Б. Ақ-қуова мен Д.Д. Нұралин қатысты.

8 сәуірде Астана қ. Жоғарғы Сот пен ҚР СІМ Жоғарғы Соттың Төрағасы        Қ.А. Мәмидің ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының басшысы К. Йонкермен кездесуін өткізді.   

6-20 сәуір аралығында  Вашингтон қ. (АҚШ) ҚР-дағы Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестер өкілдігі «Ашық Әлем» бағдарламасы шеңберінде «Заң үстемдігі: медиация және арбитраж» жобасын ұйымдастырды. Жобаға Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық сотының төрағасы Е.Б. Төлеев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Р.А. Қуанышбаева, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы  Б.Б. Қайыпов қатысты.

15-17 сәуір аралығында Александрия қ. (Вирджиния штаты, АҚШ) АҚШ Елшілігі зияткерлік меншігі құқықтарын қорғау мәселелері бойынша судьяларға арналған оқу бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарламаға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мәдияр Темірұлы Балкен қатысты.

15 сәуірде Астана қ. Жоғарғы Сот ҚР СІМ және ҚР Ұлыбритания Елшілігімен  бірлесіп ЕО «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: сот актілерін орындау үшін қылмыстық процесс реформалары мен рәсімдерін қолдау арқылы қылмыстық сот төрелігін жақсарту» жобасы бойынша грантқа қатысушы “NI-CO” ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді. Жоғарғы Соттан қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г.А. Байбосынова қатысты. 

20 сәуірде Жоғарғы Сот Астана қ. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан Бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Александрович Слободамен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты Жоғарғы Соттың сайлауға байланысты дауларды қарастырудағы рәсімдері мен рөлін талқылау болатын. Жоғарғы Соттан кездесуге ҚР Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров қатысты.

22-23 сәуірде Астана қ. Америкалық заңгерлер қауымдастығы (ABA)  Сот төрелігі институтында сот шешімдерін жазу әдістемесі жөнінде семинар өткізді.

27-28 сәуірде Страсбург қ.  (Франция)  ЕҚЫҰ адам саудасына байланысты мәселелер жөнінде семинар өткізді. Семинарға Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ж.Қ. Бердіғұлова қатысты.