Соттарға кіру жөніндегі қағидалар жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
 
Жоба
 
 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 
2018 жылғы «__» _____________ № ______
және Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы «___» _________№ ______
бірлескен бұйрығымен бекітілген 
 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі 
қағидалар
 
1. Жалпы ережелер         
 
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент)  және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент)және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.     
2. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып қамтамасыз етеді.       
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) соттар – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті және басқа да соттар; 
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері) жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3) келуші – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, сот процесіне қатысушылар, оның ішінде тыңдаушылар мен байқаушылар;
4) сот процесінің қатысушылары – айыпталушы, күдікті, сотталушы, жәбірленуші, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, талапкер, жауапкер, үшінші тұлға, адвокат, тараптар өкілдері, оның ішінде тыңдаушылар және бақылаушылар.
5) МКҚБ қызметкері – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші
6) полиция бекеті – соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына кіретін орын немесе МКҚБ қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындайтын күзетілетін аумақ учаскесі.
7) өткізу және объектішілік режимдер – ішкі тәртіпті соттардың,  Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларға іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп, ол ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі; 
8) техникалық бақылау – тыйым салынған заттарды санкцияланбаған кіргізуді (алып кіруді), шығаруды (алып шығаруды), өткізуді (алып өткізуді)  анықтауға арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін іс-шаралар жиынтығы;
9) бақылау және рұқсат беруді басқару жүйесі (бұдан әрі – БРБЖ) – техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікке ие және соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес жатқан аумақтағы көлікке рұқсат беруді бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау және басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;
10) пайдаланушының уақытша карточкасы – келуші туралы деректерді қамтитын және Жоғарғы Сот және Департамент ғимаратына өту үшін оқитын құрылғымен ақпарат алмасу арқылы жұмыс істейтін электрондық коды бар БРБЖ пластикалық картасы
11) біржолғы рұқсаттама – сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына біржолғы кіруге (шығуға) құқық беретін құжат;
12) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай; 
4. Жоғарғы Сот және Департамент аумағына және ғимаратына өткізу режимін ұйымдастыруды бақылау Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі. 
5.Келушілер осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер талаптарын сақтауы, сот қызметінің белгіленген тәртібін және жалпы қабылданған мінез-құлық  нормаларын сақтауы қажет.     
 
 
2-тарау. Өткізу объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жалпы тәртібі
 
6. Өткізу режимі мынадай:
1) соттар, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау;  
2) осы қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес соттар, Департамент және оның аумақтық органдарының аумағына, әкімшілік ғимараттарына (бұдан әрі – тізбе) өткізуге тыйым салынған  нәрселер мен заттарды кіргізуге (алып кіруге), шығаруға (алып шығаруға), өткізуге (алып өткізуге) жол бермеу;
3) шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау;
4) Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру;  
5) ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;  
6) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қорғау және сақтау, судьялардың, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
7. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кірген кезде келушілерге, оның ішінде сот процесіне қатысушыларға қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдары пайдаланыла отырып техникалық бақылау жүзеге асырылады. 
Жоғарыда көрсетілген жабдық пен техникалық құралдар қол жүгі мен жеке заттарды қарап-тексеру кезінде де пайдаланылады.
Бақылаудың арнайы техникалық құралдары іске қосылған жағдайда МКҚБ қызметкері адамға көзбен қарап-тексеру үшін заттарды көрсетуді ұсынады.
Арнайы құралдарды пайдалана отырып техникалық бақылау көрсетілген құралдардың істен шығуы (не олардың болмауы) себебі бойынша мүмкін болмаған жағдайларда келуші дербес МКҚБ қызметкеріне көзбен шолып қарап-тексеру үшін қол жүгін (сөмкелер, портфельдер, пакеттер, барсеткалар және т.б.) ашық түрде көрсетеді.
8. Келушінің заттарында өткізу үшін тыйым салынған нәрселер бар екеніне жеткілікті негіздеулер бар болған кезде сыртқы тексеріп-қарау жүргізіледі. Сыртқы тексеріп-қарауды тексеріп-қаралатын адаммен бір жыныстағы МКҚБ қызметкерлері жеке үй-жайда және сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте МКҚБ қызметкерінің әрекеттері жеке тексеріп-қарауды жүргізген кезде тексеріп-қаралатын адамның абырой мен қадір-қасиетіне қысымшылық жасамауға тиіс.
9.  Адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп-қараудан өтпеуі оның ғимаратқа өтуінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.
10. Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) пайдаланушының уақытша карточкасы – Жоғарғы Соттың және Департаменттің келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Уақытша карточка жеке басты куәландыратын құжат болған кезде ресімделеді;
2) біржолғы рұқсаттама – жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Рұқсаттама жеке басты куәландыратын құжат болған кезде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
3) келушілердің, оның ішінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселері ұсынған сот процестеріне қатысушылардың тізбелері негізінде жүзеге асырылады.
11. Келушілердің сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде кіруіне рұқсат берілмейді.
12. Келушіде, сот процесіне қатысушыда оқ ататын, суық қару, арнайы құралдар, оқ-дәрілер (рұқсат ету құжаттарынсыз), есірткі заттары, жарылғыш, жанғыш, тез тұтанатын, уытты, улы, радиоактивті заттар анықталған кезде МКҚБ қызметкері оны ұстауға шаралар қолданады және кейіннен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес әрекет етеді.
13. МКҚБ қызметкерлерінің мен сот приставтарының Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Сот приставтары туралы»  заңдарында айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды, оқ ататын және өзге де қаруды қолдануға, дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқығы бар.
14. Сот ғимаратына қарумен немесе арнайы құралдармен келген және оларға рұқсаты бар адамдар оларды МКҚБ полициясы нарядының арнайы сейфінде қалдырады, бұл туралы тиісті журналда жазба жасалады.
15. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкессоттар, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдері олардың кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурасымен кіруіне рұқсат етіледі.   
БАҚ өкілдерінің сот отырыстарында ҚР ҚПК 345-бабына және ҚР АПК-нің 19-бабына сәйкес бейне, кино және фотоаппаратурасын пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья шешуі тиіс.
 
3-тарау. Келушілерге қатысты өткізу режимін ұйымдастыру 
 
16. Пайдаланушының уақытша карточкасы мен біржолғы рұқсаттамалары бойынша келушілерді кіргізу ішкі тәртіпке сәйкес белгіленген жұмыс уақытында ғана жүзеге асырылады.
17. Пайдаланушының уақытша карточкасын не біржолғы рұқсаттамасын ресімдеуге өтінімдерді Департаменттің, сот кеңсесінің не Соттар әкімшісінің қызметкерлері белгіленген жұмыс уақытында қабылдайды.
Уақытша карточкаға не біржолғы рұқсат қағазына тапсырыс беруге  құқылы:
1)  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы; 
2)  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасының төрағалары; 
3) облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары; 
4) облыстық және оларға теңестірілген соттар алқасының төрағалары; 
5) судьялар;
6) Департамент Басшысы және оның орынбасарлары;
7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары;
8) Соттар әкімшілерінің басшылары және олардың орынбасарлары; 
9) Соттар әкімшілерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары;
10) жергілікті соттар кеңселерінің меңгерушілері.
Сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына қызметкерлердің ауызша өкімі бойынша келушілердің кіруіне жол берілмейді.
18. Келушінің біржолғы рұқсаттамасына тапсырыс берілген кезде рұқсаттамаға тапсырыс берген адамның лауазымы, келушінің тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған кезде), кабинет нөмірі, сондай-ақ келушімен ілесіп жүру үшін жауапты қызметкердің тегі мен аты-жөні хабарланады. 
Келушілерге ғимаратқа ілесіп жүрулерсіз кіруге рұқсат берілмейді.
19. Келуші ғимаратқа кірген кезде МКҚБ қызметкеріне біржолғы рұқсаттаманы және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді, оның деректері тиісті журналда тіркеледі.
20. Кіру құқығына құжаттарды ресімдеуде бұзушылық, құжаттың жасанды болудың және оны берушіге сәйкес болмауының, фотобейненің кіруші келбетімен сәйкес келмеуінің белгілері және өзге де бұзушылықтар анықталған жағдайда МКҚБ қызметкері осы адамды ұстауға шаралар қолданып, МКҚБ және ІҚБ басшылығына бұл туралы хабарлайды.
21. Пайдаланушының уақытша карточкасы, біржолғы рұқсаттамасы олар атына  жазылған адамдар үшін ғана жарамды. Оларды басқа адамдарға беруге жол берілмейді. 
22. Келушілер құрылымдық бөлімшенің қызметтік үй-жайларында сот, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің қатысуымен ғана болады, оған ілесіп жүру жауапкершілігі рұқсаттамаға тапсырыс берген адамға жүктеледі.
23. Біржолғы рұқсаттамаға сот не Соттар әкімшісі қызметкерінің белгі қоюынсыз келушінің шығуына рұқсат берілмейді.
24. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері, сондай-ақ төтенше жағдайлар уақытында келушілерді өткізу тоқтатылады.
25. Сот, Департамент және оның аумақтық органдарының аумақтарына және ғимараттарына тізбеде көрсетілген,  тыйым салынған нәрселер мен заттарды сот ғимаратына кіргізу (алып кіру) рұқсат берілмейді, тізбенің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар, ғимаратқа кіретін кезде полиция бекетіндегі  арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады. 
 
4-тарау.Процесс қатысушыларына қатысты өткізу режимін ұйымдастыру  
 
26. Сот процесіне қатысушылар қаралатын істер кестесі бойынша, сондай-ақ полиция бекетіне сотқа шақыру туралы сот шақыру қағазын немесе хабарламаны ұсынған кезде соттарға өтеді.   
27. Сот процесінің қатысушыларын Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, сот кеңсесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Сот процесіне қатысушыларды тіркеу жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша жүргізіледі.
28. Сот отырысына сот ғимаратына келген сот процесінің қатысушыларына Тізбенің 9, 11, 12, 13-тармақтарында көрсетілген заттарды кіргізуге (алып кіруге) рұқсат беріледі. 
Сот процесіне қатысушы сот отырысының залында фото- және бейнеге түсіру функциясы бар техникалық құралдарын пайдаланудан бұрын ҚР ҚПК-нің 345-бабына және АПК-нің 19-бабына сәйкес оларды пайдалану үшін рұқсат беру туралы мәселесімен  төрағалық етушіге жүгінуі тиіс.
29. Сот процесінің қатысушыларына судьялардың және қызметкерлердің қызметтік үй-жайларына шақырусыз кіруге тыйым салынады. 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы 
Соттардың қызметін қамтамасыз ету 
департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының аппаратының) және оның аумақтық
органдарының аумағында және ғимараттарында
келушілер үшін өткізу және объектішілік 
режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі 
қағидаларға 1-қосымша
 
 
Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесі 
 
 
1) Атыс және суық қару; 
2) Жарылғыш заттар, жарылатын құрылғылар, тез тұтанатын сұйықтықтар;
3) Уландырғыш заттар;
4) Қатты әсер ететін улы заттар;
5) Бактериологиялық, биологиялықжәне химиялықзаттар;
6) Радиоактивтізаттар;
7) Есірткілік, психотроптық заттар;
8) Бейне-, кино- және фотоаппаратура;
9) Жазатын құрылғылар, көзбен байқау құралдары, есептегіш техника;
10) Радиотехникалық және басқа аппаратура;
11) Қоңырау/хабарлама/жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.);  
12) Машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, USB-дискілер т.б.);
13) Техникалық, оның ішінде деректер беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және Интернет  желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (Wi-Fi, Bluetooth, 3G, 4G  және т.б.)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы 
Соттардың қызметін қамтамасыз ету 
департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының аппаратының) және оның аумақтық
органдарының аумағында және ғимараттарында
келушілер үшін өткізу және объектішілік 
режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі 
қағидаларға 2-қосымша 
 
Нысан 
 
Біржолғы рұқсаттама
 
 

 Біржолғы рұқсаттама түбіртек  № ___________

 Азамат (ша) _______________________________

 Құжат№  _____________________________________

 Қайдан келді ________________________________

 Кімге келді __________________________________

 Ғимарат № ___________________ каб. № ___________

 Бірге жүретін ____________________________

 Берілген уақыты ________________________________

 Берілген күні _______________________20_____ж.

 Рұқсаттама бюросының қолы  _____________________

 Біржолғы рұқсаттама № ___________

 Азамат (ша)  ______________________________________берілді

 Құжат№ ____________________________________

 Қайдан келді _______________________________

 Кімге келді _________________________________

 Ғимарат № ___________________ каб. № ___________

 Бірге жүретін ____________________________

 Берілген уақыты ________________________________

 Берілген күні _______________________20_____ж.

 Рұқсаттама бюросының қолы  ______________________

 

 

 

 

Рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды

 

 Келушінің шыққан уақыты ___________________

 

 Шақырған адамның қолы _________________