Шілде 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

10-13 шілде аралығында Гаагада, Нидерландыда V Дүниежүзілік форум өтті, оған ВР Жоғарғы Соты тарапынан  Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.К. Қыдырбаева қатысты.

13-14 шілдеде  Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.Н Еңсебаевтың қатысуымен Минскіде ТМД Атқарушылық комитетінің отырысы өтті.

17 шілдеде ҚР Жоғарғы Сотында Сот төрелігі Академиясының жай-күйін бағалау жөніндегі БҰҰДЖ жобасының басшысы Е. Захарченкомен кездесу өтті. Кездесуде Жоғарғы Соттан ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы У.А.Сүлейменов, Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қ. Елібаев, Персоналды басқару бөлімінің сектор меңгерушісі   Г.А. Жақсылықова және Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.Н Еңсебаев өкілдік етті.

24 шілдеде Жоғарғы Сотта Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Т.Е.Қаудыровпен және Персоналды басқару бөлімінің сектор меңгерушісі   Г.А. Жақсылықовамен БҰҰДЖ өкілдерінің кездесуі өтті.

25 шілдеде Жоғарғы Сотта Жоғарғы Сот судьясы Л.А. Шепелеваның EUCJ (EU Project: Enhancing Criminal Justice in Kazakhstan – Қазақстанның қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі ЕО жобасы) өкілдерімен кездесуі өтті.

26 шілдеде Жоғарғы Сот Төрағасы Қ. Ә. Мәми мен Соттар қызметін қамтамасыз ету депатрментінің басшысы Н. К. Шәріповтің Қазақстандағы Сингапур елшісі Зулькифли Бахарудин мырзамен кездесуі өтті.

28 шілдеде Жоғарғы Сотта Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қ. О. Елібаевтің  Сот төрелігі академиясының жай-күйін бағалау жөніндегі БҰҰДЖ жобасының басшысы Е. Захарченкомен және Қазақстандағы БҰҰДЖ жобасының Тиімді басқару департаментінің басшысы К. Сокульскиймен кездесуі өтті.

28 шілдеде Жоғарғы Сотта EUCJ өкілдерінің Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьяларынмен, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті және Бас прокуратура  өкілдерімен кездесуі болып өтті.

28 шілдеде Алматы қаласында ABA/ROLI (American Bar Association/Rule of Law Initiative – Американдық заңгерлер ассоциациясының заң үстеледігі бойынша бастамасы): «Қажетті қорғаныс жай-күйінде қылмыс жасау» тақырыбына семинар өтті.

31 шілдеде Жоғарғы Сотта Мамандандырылған сот алқасының төрағасы А. Қыдырбаеваның Литва Жоғарғы Сотының судьясы Арманас Абрамавич мырзамен кездесуі өтті. Кездесуге Жоғары Сот  Кеңесінің мүшесі Б.А. Раисова, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Б. А. Жоламанов, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары А. Е. Жұмабаев және Мамандандырылған сот алқасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Б.Т. Алдабергенова қатысты.