Шілде 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2-3 шілдеде Астана қаласында «ЕҚЫҰ аймағында су ресурстарын басқару: ынтымақтастық негізінде қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту» тақырыбында ЕҚЫҰ 23-ші Экономикалық-экологиялық Форумына жоғары деңгейдегі ұлттық дайындық кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы  Б.Б.Шермұхаметов қатысты.

 4-11 шілдеде Жоғарғы Сот Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп, әкімшілік әділет тәжірибесін үйрету мақсатында ҚР Жоғарғы Соты судьялары делегациясының Баку қаласына (Әзербайджан) және Берлин қаласына (Германия) іссапарын ұйымдастырды. Іссапар қатысушылары: Жоғарғы Сот судьялары А.А.Қасымов, Ж.Б.Архарова, Е.Ж.Исмаилов, И.А.Калашникова, В.В.Ноздрин, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы С.М.Шамшинурова, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Хуанова.

14 шілдеде Астана қаласында Жоғарғы Сотта Венециандық комиссияның мүшелерімен кездесу өтті. ҚР ЖС тарапынан А.Д.Рахметулин, Ак-куова, Д.Д.Нуралин, М.С.Шегенов, І.С.Испанов, А.Б. Касенова, А.Б.Рахимбекова, А.А.Касимов, А.Ж.Куркбаев, Венециандық комиссия тарапынан Николае Ешану, Талапина Э. қатысты.

 4-8 шілдеде Жоғарғы Сот Дүниежүзілік Банк жобасы аясында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті делегациясының Баку қаласына (Әзербайжан) мамандану (критерийлер) бойынша судьялардың жұмыс көлемін бағалау әдістемесін, сот практикасын қорыту мәселелерін және жұмыс көлемін бағалауға әсерін, судьялар қызметін бағалау стандарттарын, сот актілерін жариялау (деректерді деперсонификациялау), ақпараттық технологияларды, соттар ғимараттарын және техникалық талаптарды, судьялардың әлеуметтік пакетін пайдалануды зерделеу үшін сапарын ұйымдастырды. Делегация құрамы:   Қ.О.Елібаев, А.Б.Рахымбекова, Н.Б.Молдаков, Б.Б.Нүрпеисов, С.Н.Бектұров, Р.О.Тауымбеков.

 19-26 шілдеде Жоғарғы Сот ABA ROLI-мен ынтымақтастықта есірткілік заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстармен күрес саласындағы тәжіребемен танысу үшін жергілікті соттар судьяларының Бангкок (Тайланд) қаласына сапарын ұйымдастырды. Делегация құрамы: жергілікті соттар судьялары А.Д.Шамшиев, Е.А.Кененбаев, А.Ж.Сагидан, С.Т.Будыков, А.Ж.Рахимжанов, Л.Ф.Кравец.

 20 шілдеде Страсбург қаласында Қазақстан Республикасы, Еуропалық Одақ және Еуропа Кеңесінің «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапысы мен тиімділігін жақсартудағы қазақстандық биліктің қолдауы» Бірлескен бағдарламасы аясында сот шешімдерінің бірыңғай базасы арқылы сот шешімдеріне қолжетімділікті жақсарту бойынша жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері А.Е.Жұмабаева және Р.М.Жакенова қатысты.

23 шілдеде Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.А.Мәмидің  Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайсам Салах Камел Ибрагиммен кездесуі өтті.