Н.Шәріпов, Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасы «Сот саласына түбегейлі өзгерістер енеді» // «Айқын» газеті, 2015жылғы 31 шілде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам жоспарын ұсынды. Осы 100 қадамның 11 қадамы сот жүйесіне арналған. Соттар қызметінің заңдық қана емес, сонымен бірге саяси мәні зор екенін Елбасы жоспарлаған қадамдардан анық байқауға болады. Осы тұрғыда біз Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповты әңгімеге тартқанбыз.             

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз 20 жылда дамудың бірнеше қиын белестерінен өтіп, әлемдегі мықты 50 елдің қатарына қосылды. Мемлекеттің алдында тұрған ендігі міндет – ең қуатты 30 елмен иық тірестіру екендігін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы айтып, оған жетудің жолы «Бес реформа және 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын» белгілеп берді. Мемлекет басшысы жасаған осы Ұлт жоспары – ұлт дамуының негізгі ұстыны болады. Себебі, бұл бес институттық реформа – бес елге жүк болатындай салмағы бар аса ауқымды жоба. Демек, бұл дамудың даңғыл жолы мен оның нақты қадамдарын көрсеткен бес реформа. Осы бес институттық реформаның екіншісі «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» мәселесіне, оның 11 қадамы сот жүйесіне арналғаны оның заңдық тұрғыдан да, сонымен бірге саяси жағынан да маңыздылығының жоғары екендігін көрсетіп тұр. Жалпы, бұл институттық реформаның маңыздылығы мен құндылығы – сот жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталғандығында дер едім.

Нұрсерік Кәрімұлы, Мемлекет басшысының 11 қадамды тұтастай сот жүйесіне арнауы тектен тек емес екені белгілі. Мәселен, бес институттық реформасының 16-қадамында «Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру бойынша бес сатылы жүйеден (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшуді» ұсыныпты. Мұнда халықтың мүддесіне, сұранысына көбірек көңіл бөлу қарастырылған.

Ұлттық комиссия үш сатылы сот жүйесіне көшу бастамасымен келісті. Қазіргі кезде кассациялық алқа іс жүзінде Жоғарғы Сотқа жүктелген қадағалау сатысының қызметін атқарып келеді. Сондықтан, оның Жоғарғы Сотқа берілуі қисынға қонымды. Мысалы, Италия, Испания, Франция және тағы да басқа дамыған елдерде істерді қайта қараудың мұндай тетігін кассация деп атайды және оны Жоғарғы сот сатысы жүзеге асырады. Үш сатылы сот жүйесі – халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Жұмыс көлемінің артуына байланысты Жоғарғы Сот судьяларының санын арттыра отырып, облыстық соттардың қазіргі штаттық құрамын қайта бөлу көзделуде. Қазіргі таңда сот сатыларының қарауына берілетін істердің санаттары мен тізімі, судьялардың жүктемесі пысықталуда. Мұндағы мақсат – азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот сатыларын мейлінше азайту, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, іс бойынша сот шешімінің жедел қабылданып, сот әділдігін орнату. Бір сөзбен айтқанда, сот сатыларын оңтайландыру – сот төрелігінің сапасын арттырудың басты жолы болып табылады.                                                                                                     

20-қадамда «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын» міндетті түрде енгізу» Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» делінген...

Иә, 20-қадамда көрсетілген міндеттерге қатысты, сот жүйесінде бірқатар жұмыстар іске асырылды. Мәселен, бүгінгі таңда Жоғарғы  Соттың жанындағы Департамент  тарапынан барлық сот процестеріне аудиобейнетіркеу (бұдан әрі – АБТ) жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Біздің ОҚО соты бойынша 33 сот залы АБТ жүйесімен жарақтандырылды. 2015 жылдың соңына дейін тағы да 372 залды осындай жүйемен жабдықтау жоспарланып отыр. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жазбаны тоқтатуын немесе аудиобейнетіркеу материалдарын редакциялауын болдырмау мақсатында АБТ-ның бағдарламалық қамту жүйесі жетілдірілуде.

Ұлт жоспарына орай облыстық сотта қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр?

Мемлекет басшысының 16-қадамнан бастап, 26-қадамдарды тұтастай сот жүйесіне арнап, еліміздің сот жүйесінің алдына қойған ауқымды міндеттеріне байланысты Жоғарғы Сот тарапынан берілген тапсырмалар бойынша, облыстық сотта арнайы жоспарлар жасалып, жүйелі түрде іске асырылуда. Биылғы мамыр айынан бері облыстық, қалалық және аудандық соттарда «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» атты тақырыпта  жиындар мен семинарлар өткізілді. 26 маусымда ОҚО сотының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларының, жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «100 нақты қадам: Жаңа тарихи жағдайда Ұлт жоспарын одан әрі дамыту негіздері» тақырыбында мекемеаралық семинар-кеңес өтті. Сонымен қатар, осы жылдың 15 шілдесінде «Бес институттық реформаның» Заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі МЕДИА-ЖОСПАР бекітіліп, ол бойынша облыс соттарының судьялары ірі кәсіпорын, мекемелердің ұжымдарымен кездесіп, оларға 16-26 қадамдарда айтылған мәселелерді жан-жақты түсіндіріп және жергілікті әкімдермен бірлесіп елді мекендерге барып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сұхбаттасқан Г. Қалмырза, Оңтүстік Қазақстан облысы