Наурыз 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 наурыз Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы базасында ЭЫДҰ-ның қолдауымен судьялар үшін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау» атты тақырыпта семинар өтті. Жоғарғы Соттан судья Т.Ә. Қожан және отставкадағы  судья Р.Н. Юрченко қатысты.

 

1-2 наурыз Астана қаласында Орталық Азиядағы Penal Reform International қолдауымен қауқарсыз санаттағы сотталған адамдардың сот төрелігіне қолжетімділіктерін жақсарту мәселесі бойынша кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар:  ҚР Жоғарғы Сот судьясы М.Қ. Жанғұттинов және ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшасының орынбасары  Ж.Н. Әбдиев

 

3 наурыз ҚР Жоғарғы Соттың судьялары Ғ.Б. Ақ-қуова, З.Б. Кейкібасова және Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Н.Р.Рәззак  ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік директоры Авшан Ханмен кездесті.

 

3 наурыз Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімінің меңгерушісі
Д.Н. Еңсебаев «Бас бостандығын шектеу және айыру орындарында азаптаудың алдын алу» атты тақырыбында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

 

12-19 наурыз Қазақстан Республикасына Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбдел Разек Әбдел Вахабтің ресми сапары өтті (Астана және  Алматы қалалары).

 

13-18 наурыз  АҚШ-та (Вашингтон) ҚР сот жүйесі өкілдерінің (Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы А.Қ. Қыдырбаева,  ҚР  ЖС судьялары  М.Т. Балкен, Д.А. Шипп, А.А. Сапарова, Қарағанды облыстық сотының азамттық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.К. Сейдалина, Астана қаласы сотының судьясы А.Е. Майқыбаева, Атырау облысы экономикалық сотының судьясы Р.И. Жансықбаев, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшасының орынбасары  Қ.О. Елібаев)  инвестициялық құқықтың өзекті  проблемаларын зерделеу бойынша   жұмыс сапары өтті.

 

17-18 наурыз «Ақ-бұлақ» курорттық аймақта «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделі – қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін дамытудың басымды бағыты» атты тақырыпта жыл сайынғы халықаралық конференция өтті. Конференцияға мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар, оның ішінде Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбдел Разек Әбдел Вахаб қатысты.

 

24 наурыз ҚР Жоғарғы Сот судьясы З.Б. Кейкібасова, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшасының орынбасары  Ж.Н. Әбдиев және  Халықаралық байланыс және Хаттама бөлімінің меңгерушісі  Г.Т. Хуанова «Дағдарыс орталығының одағы» РЗТ өкілдерімен кездесу өткізді.

 

28-30 наурыз Алматы қаласында  UNODC әрекет етуімен сот жүйесі өкілдіктері үшін: «Интернетті террористік мақсатта пайдаланумен байланысты істерді тергеп-тексеру және сотта қарау» тақырыбында  өңіраралық семинар өтті.

 

30-31 наурыз Өскемен қласында неміс сарапшысының қатысуымен  GIZ жобасы шеңберінде сақтандыру бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына ҚР Жоғарғы Сот судьялары Е.Ж. Исмаилов және А.С. Савинова қатысты.