Наурыз 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

4 наурызда Астана қ. Жоғарғы Сот БДИПЧ (ЕҚЫҰ) және ҚР СІМ бірлесіп       ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың ЕҚЫҰ БДИПЧ өкілдері Ричард Лаппинмен және Радив Груичпен кездесуін өткізді. Кездесуде сайлауға байланысты дауларды қарауда5ы Жоғарғы Соттың рөлі мен рәсімдері талқыланды.

4-5 наурызда Минск қ. Бас Прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға тартылған адамдарға қатысты сот шешімдерінің орындалуы туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Конвенциясы жобасын келісу бойынша сараптамалық топтың қосымша отырысына қатысуды ұйымдастырды. Отырысқа қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г.Ә. Байбосынова қатысты.  

10 наурызда Астана қ. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәмидің Болгария Республикасының Бас прокуроры С. Цацаровпен кездесуі болып өтті.

12 наурызда Алматы қ. Жоғарғы Сот пен ЕВРОБАК Қазақстанның сот жүйесіндегі жоспарланған реформалар мен өзгерістер туралы мәселе бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Жоғарғы Соттың судьясы Н.Ү. Қайыпжан және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Т. Балкен қатысты.

12 наурызда Астана қ. Жоғарғы Сот USAID-пен бірлесіп Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т. Хуанованың USAID өкілі Т. Гарретпен кездесуін ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты жоба шеңберінде Жоғарғы Сот пен Американдық заңгерлер қауымдастығының арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

12-13 наурыз аралығында Алматы қ. Жоғарғы Сот Венеция комиссиясымен, Конституциялық Кеңеспен, Бас Прокуратура және IRZ-пен бірлесіп «Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту – құқық қорғау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету және Республика Конституциясының құқық қорғау әлеуетін іске асыру кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

13 наурызда Астана қ. Жоғарғы Сот, ГИЦ, Дүниежүзілік Банкпен және Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі аясында азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және  қорғау» (2015 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған ЖС жұмыс жоспарының 9-тармағы) тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

17-23 наурыз аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәми БАӘ-ге (Дубай қ.) ресми сапармен барды, оның барысында БАӘ Федералдық Жоғарғы Сотының төрағасы Абдель Уахаб Абдулмен, Дубай Әмірлігі Соттарының Бас директоры Тарыш Аид аль-Мансуримен, Дубай Әмірлігі Үкіметінің құқықтық мәселелер жөніндегі Бас директоры Л. Белхоулмен, Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының бас судьясы доктор М. Хванмен кездесулері өтті, Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік сотының Бас судьясы А. Прескамен және Дубай Халықаралық қаржы орталығы сотының бас судьясы доктор М. Хванмен үшжақты кездесу болып өтті.

31 наурыз - 4 сәуір аралығында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәми Сингапурға ресми сапармен барды.