Маусым 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 маусымда Жоғарғы Сотта ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Е.М.Рахымбековтің Құқық қолдану проблемалары институтының өкілдерімен «Қазақстандағы ақтау үкімдерінің аз санының себептері» тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық зерттеу жөніндегі Еуропа Кеңесінің сарапшыларымен кездесуі өтті.

13-15 маусымда Тбилисиде (Грузия) баспана рәсімдері шеңберінде құқық негіздері және дәлелдемелерді бағалау бойынша судьяларға арналған конференция өтті, оған Жоғарғы Соттың судьясы Л.А.Шепелева қатысты.

14 маусымда ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы ABA ROLI қолдауымен «Судьялар және медиация. Медиацияның еуропалық тәжірибесі» тақырыбында магистранттарға семинар өткізді.

15 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының судьялары мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ.Қыдырбаеваның қатысуымен «Медиация бойынша халықаралық тәжірибе. Қазақстандағы медиация институтын қолдануды одан әрі жетілдіру бойынша сараптама ұсынымдар» атты тақырыпта медиация жөніндегі ABA ROLI сарапшысы - Алеш Залармен кездесу өткізді.

15 маусымда Астана қаласында Х Астана экономикалық форумы шеңберінде «Тұрақты өсу үшін институционалдық ортаны құру» тақырыбында ЭЫДҰ сессиясы өтті. Сессия жұмысына Мамандандырылған сот алқасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Б.Т.Алдабергенова қатысты.

16 маусымда Астана қаласында Жоғарғы Сот Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) көмегімен «Азаматтық істер бойынша, оның ішінде Орхусс Конвенциясынан туындайтын даулар бойынша экологиялық заңнаманы сотта қолдану» тақырыбында судьяларға арналған оқыту семинарын өткізді. Семинарға ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Б.Б. Шермұхаметов, Р.Н. Мамырбаев және Т.А. Кожан қатысты.

20 маусымда Астана қаласында Жоғарғы Соттың өкілдері (ҚР Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары К.О.Елібаев, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы У.А.Сүлейменова, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т. Хуанова және Персоналдарды басқару бөлімі соттық білім беру секторының меңгерушісі Г.А.Жақсылықова) БҰҰДБ жобасының басшысы Е.Захарченкомен «Сот төрелігі академиясының жай-күйін бағалау» тақырыбында кездесу өткізді.

21-27 маусымда ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә. Мәми Ұлыбритания мен Грузияға ресми сапармен барды. Сапар мақсаты қылмыстық қудалауды ұйымдастыру, сотқа дейінгі іс жүргізуге соттық бақылау және қылмыстық істер бойынша білікті құқықтық көмек мәселелерін зерделеу болды.

22 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.О.Сәрсенбаевтың Бақылаушылар миссиясы штабының басшысы – Е.В. Слободамен ҚР Парламенті Сенатының сайлауына қатысты кездесуі өтті.

24-30 маусымда Страсбургте (Франция) Еуропа Кеңесінің Хатшылығы, ҚР Жоғарғы сот кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты арасында консультация өтті. Сапар «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету» Еуропалық одақ пен Еуропалық кеңестің бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Жоғарғы Сот атынан ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Н.Қ.Шәріпов, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.Б.Қасенова және Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т. Хуанова қатысты.

28 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.А.Мәмидің Ұлыбританияның  бұрынғы Жоғарғы судьясы лорд Гэри Вульфпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан және басқа елдердің аумағындағы сот және төрелік орталықтың мәртебесін айқындау, сот және төрелік актілерінің әрекеті бойынша мәселелер талқыланды.