Маусым 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 маусымда Астана қаласында ҚР Жоғарғы Соты ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Қазақстан Республикасындағы Сингапурдың елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесуін ұйымдастырды.

2 маусымда Астана қаласында ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блермен кездесуі өтті.

4-5 маусым Алматы қаласында Жоғарғы Сот, ХЗО, ГИЦ және Дүниежүзілік Банк «Әкімшілік сот төрелігі: тәжірибе және проблемалар» тақырыбында халықаралық конференцияны ұйымдастырды. Конференция жұмысына Жоғарғы Сот тарапынан ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәми, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыров, ҚР ЖС судьялары А.А.Қасымов, В.В.Ноздрин,           Ж.Б.Архарова, Е.Ж.Исмаилов, И.А.Калашникова қатысты.

4 маусымда Алматы қаласында «Әкімшілік сот төрелігі: тәжірибе және проблемалар» тақырыбындағы халықаралық конференция аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Беларусь Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы О.В.Сукаломен, Ресей Федерациясының Жоғарғы Соты төрағасы Т.А.Петрованың, Дүниежүзілік Банк жобасының басшысы, мемлекеттік сектор мәселелері бойынша бас маман А.Мукерджимен кездесуі өтті.

15-17 маусымда Женева қаласында (Швейцария) ЕҚЫҰ соттардың ақпаратқа қол жеткізу туралы халықаралық шарттарды қолдануы бойынша конференцияны («Орхусс конвенциясы») өткізді. Конференцияға Жоғарғы Сот тарапынан ҚР ЖС судьясы Б.Б.Шермухаметов қатысты.

18-19 маусымда Өскемен қаласында ҚР ЖС Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, «Сот білімінің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға ҚР ЖС тарапынан ҚР ЖС судьясы А.К.Қыдырбаева, Қызметкерлерді басқару бөлімінің сектор меңгерушісі Г.А.Жақсылықова қатысты.

18-19 маусымда Астана қаласында ЕҚЫҰ облыстық және оларға теңестірілген соттардың баспасөз-хатшылары үшін семинар-тренинг ұйымдастырды.

22-27 маусымда ҚР БП Түркияның заңнамасымен және сот сатыларының жұмысымен, сондай-ақ қылмыстық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі озық технологиялармен танысу мақсатында екі жақты ынтымақтастық шеңберінде Анкара және Стамбул қалаларына (Түркия Республикасы) сапар ұйымдастырды. ҚР ЖС тарапынан Қызметкерлерді басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Д.К.Нүрпейісов қатысты.

25 маусымда Астана қаласында ҚР СІМ, ҚР Еуропа Кеңесі және ҚР ЕО «Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін жақсартудағы қазақстандық билікті қолдау» тақырыбында Еуропа Кеңесі мен Еуропа Одағының Бірлескен бағдарламасы Басқару комитетінің Екінші отырысын өткізді.

29-30 маусымда Астана қаласында «Риксос» қонақүйінде ҚР Бас прокуратурасы Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің  зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясын өткізді. Конференцияға ҚР ЖС тарапынан қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Д.Рахметулин қатысты.