Мамыр 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2 мамыр Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының  орынбасары Ә.Б. Қасенованың және Халықаралық байланыстар және Пртокол бөлімінің меңгерушісі Д.Н. Еңсебаеваның арасында «Қазақстандағы сот мониторингі жүйесін жетілдіру» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша БҰҰДБ өкілдерімен кездесу өтті.

 

5 мамыр Астана қаласында Жоғарғы Сот ABA/ROLI қолдауымен  «Қылмыстық істерді прокурорға қайтару» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіді. Жоғарғы Соттан дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. К.А. Шаухаров, ҚР Жоғарғы Соттың судьялары Е.К. Даулиев, Е.М. Рахымбеков, Г.Ш. Мұсабекова қатысты.

 

18 мамыр Астана қаласында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г. А. Байбосынованың және Халықаралық байланыстар және Пртокол бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Д.Н.Еңсебаевтың қатысуларымен Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасы Басқарушы комитетінің «Қазақстанның сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін жақсартуда қазақстандық билікті қолдау» атты төртінші отырыс өтті.

 

19 мамыр Минск қаласында «ТМД Экономикалық сотының қызметіндегі электрондық сот төрелігінің элементін пайдалану» тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.О. Сәрсенбаев және Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Аралбаева А. А. қатысты.

                                 

19 мамыр ҚР Жоғарғы Сотта IRZ қолдауымен жобаны қолдау үшін «Алаяқтық туралы қылмыстық істерді қарау кезінде проблемалық мәселелер» тақырыбына Жоғарғы Сот және жергілікті соттар судьяларының қатысуымен халықаралық конферения өтті.

 

22 мамыр Астана қаласында  ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты  халықаралық стандарттар мен  істерді қарау бойынша үздік практикаға сәйкес мамандандырылған ауданаралық соттар судьяларына арналған семинар-тренинг өткізді.

 

22-24 мамыр Парижде (Франция) «Сот төрелігіне тең қол жеткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, оған ҚР Жоғарғы Сотының судьясы    Д. А. Шипп және мамандандырылған сот алқасының бас консультанты          Л. Камели қатысты.  

 

23 мамыр Астана қаласында «Халықаралық түрме реформасы»  ұйымының қолдауымен «Бас бостандығынан айыру және шектеу орындарында осал топтардың сот төрелігіне қолжетімділігі. Әйелдер мен балалардың құқықтары үшін арнайы фокус» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Л. А. Шепелева қатысты.

 

23-26 мамыр ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Л.А. Ағыбаева делегация құрамында Германияға  (Франкфурт) және Эстонияға (Таллин) осы елдердің  қылмыстық процесті реформалау саласындағы озық практикасын зерделеу үшін барды.

 

24 мамыр Астана қаласында  ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы АҚШ Елшілігінің қолдауымен  судьяларға арналған «Адам саудасына қарсы әрекет жасау» тақырыбында семинар өткізді.

 

25-26 мамыр Алматы қаласында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е. Н. Әбдіқадыров жыл сайынғы цивилистикалық оқулар шеңберінде «Шарттан тыс міндеттемелер» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға  қатысты.