Мамыр 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

9-12 мамыр аралығында  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дубай (БАӘ) қаласына сапарын ұйымдастырды. Сапарға мыналар қатысты: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Аждарқызы Сүлейменова және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мәдияр Темірұлы Балкен.

 

13 мамырда Астана қ. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің Тони Блэр тобының сарапшыларымен кездесуі өтті.

 

15 мамырда Астана қ. Жоғарғы Сот ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің ҚР ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитныймен кездесуін ұйымдастырды.

 

15 мамырда Астана қ. Жоғарғы Сот пен Дүниежүзілік Банк Жоғарғы Соттың Департамент басшысының орынбасары  К.О. Елібаевтың Жоба басшысы, Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік сектор мәселелері бойынша бас маманы Амитабха Мухерджимен кездесуін ұйымдастырды.  

 

18 мамырда Астана қ. Жоғарғы Сот пен Дүниежүзілік Банк Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің Жоба басшысы, Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік сектор мәселелері бойынша бас маманы Амитабха Мухерджимен кездесуін ұйымдастырды.  

 

21-22 мамырда Алматы қ. Қазақстандық халықаралық арбитраж «Азаматтық құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі және оларды тоқтату негіздері сияқты заң фактілері» атты жыл сайынғы цивилистикалық оқулар шеңберінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Жоғарғы Соттан конференция жұмысына судья А.Қ. Қыдырбаева қатысты.   

 

26-28 мамырда Рига қ. (Латвия Республикасы) Еуропалық Комиссия әкімшілік құқық бойынша Еуропалық Одағы мен Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін жоғары деңгейдегі сарапшылардың семинарын ұйымдастырды. Жоғарғы Соттан семинарға судья  Ж.Б. Архарова қатысты.

 

27-28 мамырда Астана қ. Жоғарғы Сот АВА, ЕО, IRZ бірлесіп Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық Процессуалдық Кодексі бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды.