Қыркүйек 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысы І.С.Испановтың БҰҰДЖ өкілдерімен бірлескен "Қазақстанда медиация институтын енгізу" жобасы аясында кездесуі өтті.

3-6 қыркүйекте ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Бішкек қаласына ШЫҰ мүше елдері Жоғарғы Соттары Төрағаларының кезекті (оныншы) Отырысына қатысу үшін ресми сапары ұйымдастырылды.   

4 қыркүйекте Астанада ҚР Жоғарғы Соты PRI және UNICEF бірігіп,  Орталық-Азия конференциясын өткізді. Конференция тақырыбы: "Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бірте-бірте түп-тамырымен жою және оларды қорғау жөніндегі озық тәжірибені қалыптастыру мәселелері бойынша сұхбат". Конференцияға "Бала құқықтары бойынша заңнаманы дамыту және заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру" тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйлеген қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Д.Д.Нуралин қатысты.

4-24 қыркүйекте Шанхай қаласында ҚХР Коммерция министрлігі ШЫҰ қатысушы мемлекеттерінің мемлекеттік қызметкерлері үшін қылмыстық заң саласында халықаралық ынтымақтастық бойынша Жоғары курстарды ұйымдастырды. Іс-шараға Ақмола облысының Бұланды аудандық сотының төрағасы Р.Б.Шакуанов, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Б.К.Баймурзин, Алматы облысы Қаратал аудандық сотының төрағасы Ж.С.Арыстанбеков, Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары А.А. Сарсенбаев қатысты.

7 қыркүйекте Жоғарғы Сот Астана қаласында Еуропа Кеңесі сарапшыларының Жоғарғы Сот өкілдерімен медиация мәселелері бойынша  кездесуін ұйымдастырды. Кездесуге қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Ж.А.Волкова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары А.Б.Қасенова, Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығы меңгерушісі Г.С. Байбосынова, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Б.А. Жоламанов, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л.Смағұлова қатысты.

8 қыркүйекте Астана қаласында Жоғарғы Сотта UNICEF және PRI өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.О.Елібаев, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.Мархабат қатысты.

9 қыркүйекте Астанада Жоғарғы Сотта Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысы І.С.Испанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.О.Елібаев, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі С.Б.Омаш, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.Мархабат қатысты.

11 қыркүйекте Астана қаласында Интеллектуалдық меншік бойынша аймақтық атташе Дональд Таунсендпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы И.А.Калашникова,  Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы А.К.Кыдырбаева, Персоналды басқару бөлімінің сот оқуы секторының меңгерушісі Г.Ә.Жақсылықова қатысты.

10-11 қыркүйекте Астана қаласында БҰҰ АҚЖКБ және БҰҰДБ "БҰҰ келісім органдарының адам құқықтары бойынша жеке хабарламаларды (шағымдарды) беруі мен қарауы және жеке келісім органдарының өтініштер бойынша шешімдерін орындау рәсімдері" атты практикалық семинарын өткізді. Семинарға ҚР ЖС қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Ж.А.Волкова, Астана қ. сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Г.Ж.Мергенова, Астана қ. Алматы ауданы №2 аудандық сотының төрағасы А.С.Ақылбай, Астана қ. Алматы ауданы №2 аудандық сотының тергеу судьясы А.К.Рамазанова, Астана қ. Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының тергеу судьясы Н.А.Пазылов, Астана қ. Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотының судьясы Н.Т.Бапакова, Астана қ. Есіл ауданы №2 аудандық сотының тергеу судьясы Қанат Тобағалиулы, Астана қ. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Рахимбеков, Астана қ. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.С.Космуратов қатысты.

10-11 қыркүйекте Астана қаласында ЕҚЫҰ Астанадағы Кеңсесі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты "Азаматтық істер, оның ішінде Орхусс Конвенциясынан туындайтын даулар бойынша экологиялық заңнаманы сотта қолдану" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға ҚР ЖС судьялары Б.Б.Шермұхаметов, Р.Н.Мамырбаев, Т.А.Кожан қатысты.

11 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотында «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі – қазақ мемлекеттілігінің феномені» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

14 қыркүйек – 19 қыркүйек аралығында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Г.Б. Ак-Куова Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндаманы қорғауға қатысты (Женева қ., Швейцария).

17-18 қыркүйекте Ақтау қаласында БҰҰ АҚЖКБ "БҰҰ келісім органдарының адам құқықтары бойынша жеке хабарламаларды (шағымдарды) беруі мен қарауы және жеке келісім органдарының өтініштер бойынша шешімдерін орындау рәсімдері" атты практикалық семинарын ұйымдастырды.

23 қыркүйекте Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотта ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің шетел серіктестерімен кездесуі өтті.

26 қыркүйек – 2 қазанда ҚР ЖС судьясы И.А.Калашникованың Рига қаласына (Латвия Республикасы) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" заң жобасының ("Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке әрекеттесу" GIZ бағдарламасы) алғашқы жобасын талқылау үшін іссапары ұйымдастырылды.  

 30 қыркүйекте Астана қаласында ҚР ЖС  USAID өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚР ЖС судьясы А.К.Қыдырбаева қатысты.