Қазан 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1-2 қазанда Щучинск қаласында Жоғарғы Сот IRZ бірлесіп, "Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды.

 2-3 қазанда ҚР ЖС судьясы А.О.Сарсенбаев Владивосток қаласына "Кеден қатынастарын ұлттық және халықаралық реттеу" Халықаралық заң форумына қатысу үшін сапарға барды. Мұнда ол "Кеден дауларын қарау практикасы" тақырыбында баяндама оқыды.

 7- 8 қазанда  Өскемен қаласында Жоғарғы Сот БҰҰ АҚЖКБ-мен бірлесіп, " БҰҰ келісім органдарының адам құқықтары бойынша жеке хабарламаларды (шағымдарды) беруі мен қарауы және жеке келісім органдарының өтініштер бойынша шешімдерін орындау рәсімі" атты практикалық семинарын ұйымдастырды.  

 7-9 қазанда ШЫҰ қатысушы мемлекеттер судьяларының Қазақстан Республикасына (Астана қ. және Ақмола облысына) "Қазақстанның балаларға қатысты сот төрелігін дамыту тәжірибесі" тақырыбында таныстыру сапары өтті.

8-9 қазанда Алматы қаласында "БҰҰ келісім органдарының адам құқықтары бойынша жеке хабарламаларды (шағымдарды) беруі мен қарауы және жеке келісім органдарының өтініштер бойынша шешімдерін орындау рәсімі" атты практикалық семинары ұйымдастырылды.  

9 қазанда Астана қаласында ҚР Әділет министрлігі ЕО бірлесіп, "ЕО құқықтың үстемдігі платформасы - Орталық Азия" Жобасының екінші фазасын іске асыру аясында Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы 2007 жылғы Гаага конвенциясына, сондай-ақ Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттарын және соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы 1965 жылғы Гаага конвенциясына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды. ЖС тарапынан семинарға Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің Құқықтық көмек секторының меңгерушісі Р.М.Жауарова қатысты.

 12-13 қазанда ҚР ЖС судьясы Ж.А.Волкованың, Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г.А.Байбосынованың Нидерландыға қылмыстық істердегі медиация бойынша таныстыру сапары ұйымдастырылды.

16 қазанда Астана қаласында Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің "Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттырудағы қазақстандық биліктің қолдауы" бірлескен бағдарламасы Басқарушы комитетінің екінші отырысы өтті. Отырысқа Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г.А.Байбосынова, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Хуанова қатысты.

20 қазанда ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) экономика саласындағы таласты істерді шешетін Жоғары арбитраждық, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттар төрағалары кеңесінің кезекті (он екінші) отырысына қатысу үшін сапары ұйымдастырылды.

28-29 қазанда Астана қаласында "Халықаралық стандарттар аясында әділетті сот қарауына құқықты қорғау" тақырыбындағы тренинг жұмысына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының тыңдаушылары қатысты.

26-29 қазанда ҚР ЖС Төрағасы Қ.Ә.Мәми Гонконг қаласына Азия-Тынық мұхиты аймағының сот жүйесі бойынша саммитке (ЮНСИТРАЛ) қатысу үшін ресми іссапарға барды.

29-30 қазанда Ақмола облысының Боровое кентінде "БҰҰ тетіктерінің адам құқықтарына қатысты ұсынымдарын орындауға байланысты кешенді тәсілдерін жылжыту"  тақырыбындағы семинарға Талдау және жоспарлау бөлімінің бас консультанты Б.И.Тюзюльбаева, Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің бас консультанты Е.А.  Попова қатысты.