Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмекке жүгіну туралы нұсқаулық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы Соттардың

қызметін қамтамасыз ету

департаменті (Қазақстан          

Республикасы Жоғарғы

Сотының аппараты) Басшысының

2016 жылғы «11» мамырдағы

№ № 6001-16-7-6/196

бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмекке жүгіну туралы

НҰСҚАУЛЫҚ

 

1-тарау. Жалпы ереже

 

1. Осы Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмекке жүгіну туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында, Қазақстан Республикасы соттарының  шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмек көрсету тәртібін және құқықтық көмекке жүгіну тәртібін нақтылайды.

2. Құқықтық көмек көрсету осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 5,                                   6- қосымшаларына сәйкес ресми құжаттар түрінде ресімделеді.

Тапсырма – құжаттарды беру және жекелеген процестік әрекеттердің іс жүргізуі туралы сот құжаты болып табылады.

Өтінішхат – арызданушының шет мемлекеттік сотына жіберген сот актісін тану және оның орындалуын шешу туралы өтінішпен жүгіну болып табылады.

Соттар нақты мән-жайдарға, жалпы сот төрелігі және қоғам мүддесіне, және Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.

3. Құқықтық көмек көрсеткен кезде халықаралық шартың қатысушы-мемлекеттерінің құзыретті органдары бір-бірімен тікелей қатынастарды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде белгіленген орталық органдар (бұдан әрі – орталық орган) және оның аумақтық органдары арқылы қатынасады.

Тікелей құқықтық көмек көрсету жөніндегі құзыретті орган соттар болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы                     № 1093 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – соттар әкімшілері) Қазақстан Республикасы соттарының шетелдік соттарға құқықтық көмек көрсету және құқықтық көмекке жүгіну жөніндегі уәкілетті органдары болып табылады.

5. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген қағидаға қарағанда, өзге де қағидалар белгіленген болса, халықаралық шарттардың қағидасы қолданылады.

Халықаралық шарттар болмаған кезде, басқа мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу халықаралық құқықта көзделген өзара түсіністік қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

6. Халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау кезінде сұрау салынған мекеме өз елінің заңнамасын қолданады.

 

2-тарау. Қазақстан Республикасы соттарының

шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмек көрсетулері

 

7. Құқықтық көмек көрсету хабарламаларын, басқа да құжаттарды беруді және қайта жіберуді, сондай-ақ өзге де процестік әрекеттерді, атап айтқанда тараптарды, куәларды тындауды, сараптаманы жүргізуді, орынды тінтіп-қарауды, заңнамада және Қазақстан Республикасы ретификациялаған халықаралық шарттарда, не өзара келісім негізінде көзделген құқықтық көмек көрсету шеңберінде орындалатын басқа да процестік әрекеттерді қамтиды.Жеке процестік әрекет туралы сот тапсырмасы сот отырысының барысында орындалады және хаттама жасалады.

8. Шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, процестік заңнамада белгіленген тәртіппен атқарады.

9. Шет мемлекеттер соттарының және басқа да құзыретті мекемелерінің тапсырмаларын Қазақстан Республикасының соттары, егер халықаралық шарттақұжаттарды салып жіберудің өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды Департамент немесе соттар әкімшілері арқылы алған кезде орындайды.

Соттарға тiкелей келiп түскен шет мемлекеттер соттарының және басқа құзыретті мекемелерінің тапсырмалары, ол туралы Департаментті хабарландыра отырып, орындауға жатады.

10. ҚПК-нің 476-бабының үшінші бөлігіне, ҚПК-нің 570-бабының бірінші бөлігіне және ӘҚБтК-нің 880-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

11. Тапсырылатын құжаттар (талап арыз көшірмесі, сот хабарламасы, шет мемлекеттер соттарының сот актілері және т.б.) қазақ және/немесе орыс тілдерінде жазылады немесе куәландырылған аудармасы қоса беріледі. Құжаттар шет тілде толтырылған жағдайда немесе аудармасы қоса берілмесе, егер ол ерікті түрде оны қабылдауға келіскен болса алушыға беріледі.

Құжаттарды тапсыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тапсырылған күні, құжат тапсырылған адамның қолтаңбасы көрсетілген және соттың ресми мөрімен және судьяның қолтаңбасымен бекітілген растау құжатымен куәландырылады. Адресат құжатты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырманы орындаушы  құжатты алудан бас тарту себебін көрсете отырып, соңғысы қол қойған және соттың мөрімен куәландырылған бас тарту туралы актіні толтырады.

12. Егер тапсырма соттылығына жатпайтындығынан сот оны орындай алмаған жағдайда, онда осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкес сот 5 жұмыс күні ішінде тапсырманы аумақтылығы бойынша басқа сотқа қайта жібереді.

Тапсырмалар аумақтылығы бойынша басқа сотқа жіберілген жағдайда Департаментке 5 жұмыс күні ішінде ақпарат беру қажет.

13. Егер, оған қатысты процестік әрекеттер жүргізілуі тиісті адам, құжатта көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайтын болса (жоқ болса),  онда тапсырманы орындаушы сот оның тұрғылықты мекенжайын (орналасқан орнын) анықтау арқылы құзыретті органдарға және ұйымдарға сұрау салу жібере отырып, шара қабылдайды.

Көрсетілген адамның жаңа мекенжайы (орналасқан орны) туралы мәліметтер жоқ болған, не егер адресат көретілген мекенжайда болмаған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес еркін нысанда сот тапсырманың орындалуы мүмкін еместігі туралы акт толтырады,  ол судьяның қолтаңбасымен және ресми мөрмен бекітіледі, әрі тапсырманың орындалмауының себебі көрсетіле отырып, оны  растайтын дәлелдеме толтырады.

14. Шет мемлекеттер соттарының және басқа құзыретті мекемелерінің тапсырмаларын орындау кезінде АПК-нің 476-бабының екінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында және ҚПК-нің 569-бабының екінші бөлігінде және ӘҚБтК-нің 882-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайлардақұқықтық көмек көрсетуден тұтастай және ішінара бас тарту мүмкін.

Тапсырманы орындаудан бас тартқан жағдайларда сот соттар әкімшісі және Департамент арқылы сұрау салған мемлекетке бас тартудың себебі туралы кешіктірмей хабарлайды.

15. Сот тапсырмаларды орындау кезінде қажетті материалдар (жауап алу хаттамасы, құжатты тапсыру туралы растау, шығыстар туралы анықтама және т.б.) судьяның қолтаңбасымен ресми мөрмен бекітіледі және 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде соттар әкімшісі арқылы Департаментке жіберіледі.

Департамент тапсырманы процестік  заңнаманың , халықаралық шарттың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес орындау жөніндегі құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын 30 күнтізбелік күн ішінде тексереді және құжатты сұрау салушы мемлекеттің құзыретті мекемесіне  жібереді.

16. Шет мемлекеттер соттарының сот актілерінің орындалуын тану және іске асыру туралы өтінішхаты (бұдан әрі – өтінішхат) заңнаманың, халықаралық шарттың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қаралады.

Өтінішхатты осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орталық органдар арқылы сот актісі пайдасына шығарылған тарап немесе сенімхат бойынша оның өкілі беруі мүмкін. 

Шетелдік соттардың сот актілері АПК-ның 501-бабына сәйкес тануды және іске асыруды  орындауға олар заңды күшіне енген кезден бастап үш жылдың ішінде ұсынылады. Дәлелді себеппен өткізіп алған мерзімі АПК-ның 126-бабында көзделген тәртіппен қайта қалпына келтіріледі.

17. Өтінішхатқа:

1) сот актісі немесе оның куәландырылған көшірмесі;

2) сот актісінің заңды күшiне енгенi және орындалуға жататыны немесе егер бұл сот актісінің өзiнде көрсетілмесе, ол заңды күшiне енгенге дейін орындалуға жататыны туралы көрсетілген ресми құжат;

3) процеске қатыспаған, оған қарсы шешiм шығарылған тараптың сотқа тиiсінше және уақтылы шақырылғанын, ал iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында оның сотқа тиiсінше ұсынылғанын көрсететін құжат;

4) сот актісінің, оны салып жіберуі кезінде ішінара орындалғанын немесе орындалмағанын растайтын құжат;

5) шарттық соттылық iстері бойынша тараптардың келiсiмiн растайтын құжат қоса беріледі.

18. Өтінішхат келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде  қаралады.

Өтінішхатты қарау кезінде шешімнің негізділігі туралы мәселелерді талқылайды, ал халықаралық шартта көзделген талаптардың сақталғанын анықтаумен шектелуі мүмкін.

19. Сот актілерін мәжбүрлеп орындалуын танудан және іске асырудан, мына жағдайларда, егер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды күшіне енгізілгенге дейін орындалуға жататын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгізілмесе немесе орындалуға жатқызылмаса;

2) жауапкер, сотқа шақырту қағазы оған немесе оның өкіліне уақтылы және тиісінше берілмеу салдарынан процеске қатыспаса;

3) сол тараптар арасындағы іс бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшіне енгізілген шешім бұрын шығарылса немесе үшінші мемлекеттің танылған сот шешімі болса, не осы іс бойынша бұрын іс жүргізу қозғалған болса;

4) халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес, ал онда көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс түбегейлі оның мекемесінің құзыретіне жатқызылса;

5) шартты соттылық ісі бойынша тараптардың келісімін растайтын құжат болмаса;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, мәжбүрлеп орындаудың ескіру мерзімі өтсе бас тартуы мүмкін.

20. Шаруашылық субъектілер арасында шарттық және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастардан, олардың  мемлекеттік және өзге де органдармен қатынастарынан туындайтын істерді шешу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету кезінде, егер бұл халықаралық шартта көзделсе, құзіретті соттар бір-бірімен тікелей қатынасады. Алайда тікелей қатынасу кезінде соттар департаментке хабар берулері қажет.

21. Төрелік шешімдерді тану және іске асыру туралы өтінішхатынмүдделі Тарап, егер өзгеше халықаралық шартта көзделмесе,  тікелей құзыретті сотқа жібереді,онда шешім орындалуға жатады.

Шет мемлекеттің құзыретті сотына осындай өтінішхатты жіберу, егер халықаралқ шартқа сәйкес төрелік шешімдердің орындалуын тану және іске асыру бойынша ынтымақтастығы құқықтық көмектің көлеміне енетін болса, Департаменттің құзыреттілігіне жатады.

 

 

3-тарау. Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттер соттарына құқықтық көмекке жүгіну тәртібі

 

22. Құжаттарды тапсыру туралы тапсырма осы Нұсқаулықтың 3,5 және         6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалады.

Тапсырмада істі жүргізіп отырған судьяның  не сот төрағасының қолтаңбасының болуы және ресми мөрмен бекітілуі тиіс.

Құжаттарды беру туралы тапсырмаға судьяның қолтаңбасымен бекітілген, тиісінше ресімделген мынадай құжаттар:

1) сот талқылауының күні және орны туралы хабарлама;

2) талап арыз көшірмесі;

3) басқа құжаттар (азаматтық ахуалы туралы актілер көшірмелері, мекенжайлық анықтама және т.б.) қоса беріледі.

23. Жеке процестік әрекеттердің іс жүргізуі туралы тапсырма Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

24. Шетел мемлекеттерінің соттарына тапсырмалар істі қараған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей жіберілуі қажет.

25. Шет мемлекеттің соттарына немесе оның құзыретті мекемелеріне жазылған құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмасы Департаментке соттар әкімшісі арқылы жіберіледі.

Департамент тапсырманың заңнаманың, халықаралық шарттың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ресімделу тексерісінің қорытындысы бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде  шет мемлекеттің орталық органы арқылы сұрау салған мемлекеттің сотына немесе құзыретті мекемесіне жібереді.

26. Қазақстан Республикасының сот актілерін тану және іске асыру туралы өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) сот шешімі пайдасына шыққан тарап басқа мемлекеттің құзыретті сотына береді, оның аумағында шешім орындалуы тиіс. Ол, сондай-ақ бірінші сатыдағы іс бойынша шешім шағарған сотқа берілуі мүмкін. Бұл сот оның шешімін тану және орындау туралы өтінішхатты сұрау салған мемлекеттің құзыретті мекемесіне 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде соттар әкімшісі және Департамент арқылы  жібереді.

Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін, тануды және іске асыруды орындауға сұрау салушы тараптың заңнамасында көзделген ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады. Дәлелді себеппен өткізіп алған мерзімін сұрау салушы тараптың заңнамасында көзделген тәртіппен қайта қалпына келтіріледі.

27. Өндіріп алушының өтінішхатына бірінші сатыдағы сот мыналарды:

1) сот актісін, не куәландырылған сот актісінің көшірмесін, материалдық залалды өндіріп беруге қатысты оған теңестірілген актіні немесе сот актілерін; сот актісін, егер олар өндіріп алуға жататын соманың мөлшерін өзертсе, сондай-ақ егер ол сот актісінің өзінде көрсетілмесе, сот актісінің заңды күшіне енгені және оның орындалуға жататыны, немесе ол заңды күшіне енгенге дейін орындалуға жататыны туралы ресми құжатты;

2) қарсы сот актісі шығарылған, процеске қатыспаған тараптың  тиісінше және уақтылы сотқа  шақырылуы, ал ол әрекетке қабілетсіз  болған жағдайда, тиісінше ұсынылғаны көрсетілген құжатты;

3) салып жіберген кезде сот актісінің ішінара орындалғанын растайтын құжатты;

4) шартты соттылық істері бойынша тараптардың келісімін растайтын  құжатты қоса береді.

28. Өтінішхат және оған қоса тіркелген құжаттар сұрау салынған мемлекеттің тіліндегі аударылады және расталады.

29. Шет мемлекет аумағында сот бұйрықтарын тану және орындау, сот бұйрықтары шыққан кезде тараптар Қазақстан Республикасы аумағында тұрған жағдайлардан басқа,  көрсетілетін құқықтық көмек көлеміне жатпайды.

АПК-нің 138-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, егер борышкердің тұрғылықты жері немесе орналасқан жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болса, судья арыз иесіне талап қою іс жүргізуінің тәртібінде сотқа жүгінуін түсіндіре отырып, сот бұйрығын шығару туралы арызды кері қайтарады.

Құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес, сот талқылауының уақыты және орны туралы уақтылы не тиісінше хабарланбауы себебінен жауапкердің сот процесінде болмауы, сот актісін мәжбүрлеп орындаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

30. Егер төленбеген сот шығыстары, мемлекеттік баж өндіріп алуға жататын болса, істі нақты қарап отырған сот, бұл шығыстарды, мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы өтінішімен осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен шет мемлекеттің сотына жүгінеді.

 

 

 

        

 

Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық көмек көрсету және

құқықтық көмекке жүгіну туралы   

Нұсқаулығына 1-қосымша

 

Нысан

 

ҚҰЖАТТЫ БЕРУ ТУРАЛЫ РАСТАУ

 

 

 

1

 

Құжатты тапсыруды жүзеге асырушы соттың атауы

 

 

 

2

 

Оған сәйкес құжаттар тапсырылатын, істің номері және қысқаша сипаттамасы

 

 

 

3

 

______ тіліне аударылған және аударылмаған  _______ парақта құжаттар атауы

 

 

 

4

 

Алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 және мекенжайы

 

 

 

5

 

Тапсырылатын күні және орны

 

 

6

 

Алушының қолы немесе тапсырмау себептері  туралы хабарлама

 

 

7

 

Құжатты тапсырған немесе оны тапсырмау себептері туралы хабарлаған адамның қызметтік дәрежесі және қолы

 

 

 

Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық көмек көрсету және

құқықтық көмекке жүгіну туралы   

Нұсқаулығына 2-қосымша

Нысан

 

 

Құзыретті сотқа

                                                 __________________________________________________________________

(сұрау салынған мемлекеттің атауы)

__________________________________________________________________

  (арыз берушінің Т.А.Ә., мекенжайы,  телефоны)

 

 

ӨТІНІШХАТ

_____________________________________________________________сәйкес

(халықаралық шарт атауы)

 

 __________________________________________________________________

                               (сот актісінің орындалуы талап етілетін елдің атауы)

___________________________________________________________шешімін

                     (сот актісін шығарған соттың атауы,  шығырған күні, оның мәні)

______________________________________________аумағында орындалуын

                       (сұрау салынған мемлекеттің атауы)

__________________________________ тануды және іске асыруды сұраймын,

 

өйткені борышкер___________________________________________________

                                               (борышкердің толық сауалнамалық деректері)

_________________________________________________________ аумағында

                                      (елдің атауы)

______________________________________________________________________________

 ________________________________________мекенжайы бойынша  тұрады.

   (борышкердің мекенжайы,жұмыс орны және басқа белгілі деректері)

 

Шешім ішінара орындалған жағдайда, сот шешімі қай кезеңнен орындалмайтынын, жинақталған қарыз сомасын көрсету қажет____________________________________________________________

__________________________________________________________________

өндіріп алу ________________________________ есептік шотына жүргізілсін

               (өндіріп алушының банктік реквезиттері)

 

Қаралуы мүмкін болмаған жағдайда, тиісті құжаттары қоса беріле отырып, өтінішхатты қайтаруды сұраймыз.

 

Арыз берушінің Т.А.Ә.(болған жағдайда), қолы

 

 

 

                                     

                                       Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық көмек көрсету және

құқықтық көмекке жүгіну туралы   

                                                                              Нұсқаулығына 3-қосымша

 

Нысан

                                                                    Құзыретті сотқа__________

                                                                         (сұрау салынған мемлекеттің атауы)

 

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА

 

_____________________________________________________________сәйкес

(халықаралық шарт атауы)

 

(тапсырма шыққан соттың атауы)

 

құзыретті  соттан___________________________________________________

(сұрау салынған мемлекеттің атауы)

_______________________________________________________________________________

 (тапсырылуы тиіс құжаттардың атауы)

 

азамат/заңды тұлға_________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

   (жеке/заңды тұлғалардың сауалнамалық деректері, мекенжайы, тұрғылықты орны)

_________________________________________________________тапсыруды және құжаттардың тапсырылғаны туралы растауды қайтаруды сұрайды.

 

Осы құжаттың тапсырылуы _____________________________________

_________________________________________________________________  

                  (талапкер және жауапкер көрсетілте отырып істің атауы)

_________________________________________________________________ қарауына байланысты жүргізу қажет.

Құжаттардың тапсырылуын Сіздің мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен, егер оны өз еркімен қабылдауға келіскен болса, алушыға беру арқылы жүргізілуін сұраймыз.

Тапсырылуға жататын құжаттардың куәландырылған аудармасы қоса беріледі (қоса берілмейді).

Осы тапсырманы орындау мүмкін болмаған жағдайда оны орындауға кедергі келтірген мән-жайлар туралы хабарлауды және тиісті құжаттарды қоса бере отырып, қайтаруды сұраймыз.

 

 

Мөр орны                                                Т.А.Ә. (болған жағдайда) қолы

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық

көмек көрсету және

құқықтық көмекке жүгіну туралы   

Нұсқаулығына 4-қосымша

 

Нысан

 

                                                               Құзыретті сотқа __________

                                                                  (сұрау салынған мемлекеттің атауы)

 

 

ЖЕКЕЛЕГЕН ПРОЦЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРДІҢ  ІС ЖҮРГІЗУІ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА

 

 

________________________________________________________сәйкес

(халықаралық шарт атауы)

 

(тапсырма шыққан соттың атауы)

 

құзыретті  сотқа ___________________________________________________

(сұрау салынған мемлекеттің атауы)

мынадай процестік әрекеттерді _______________________________________

_________________________________________________________________

(қандай әрекеттер және қандай адамдарға қатысты жүргізілуі тиіс екені көрсетіледі)

 

___________________________________орындау туралы өтінішпен жүгінеді.

 

Көрсетілген процестік әрекеттер істі _____________________________

_________________________________________________________________

(тараптар көрсетіле отырып істің атауы)

қарауға байланысты қажет.

 

Жауап алынуы тиіс адамдардың Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________

_________________________________________________________________

Жауап алу кезінде_____________________________________________

________________________________________________________анықталуы

                                                    (анықталуы тиіс мән-жайлар)

 

және мына сұрақтарға жауап алынуы қажет:

1.________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3.________________________________________________________________

                                             (не сұрақтар тізбесін қоса беру қажет)

Сот________________________________________ осы тапсырманы орындауға _______________________________________________________

                                                (тапсырма шыққан соттың атауы)

байланысты толтырылған хаттаманы және басқа да құжаттарды жіберуді сұрайды.

Тапсырманы орындау мүмкін болмаған жағдайда оны орындауға кедергі келтірген мән-жайлар туралы хабарлауды және тиісті құжаттарды қоса бере отырып, қайтаруды сұраймыз.

 

Мөр орны                                       Судьяның Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық көмек көрсету және

құқықтық көмекке жүгіну туралы   

Нұсқаулығына 5-қосымша

 

Нысан

 

 

ТАПСЫРУҒА ЖАТАТЫН

ҚҰЖАТ (СҰРАУ САЛУДЫҢ ЖӘНЕ РАСТАУДЫҢ) МАЗМҰНЫНЫҢ ҮЛГІСІ

(3, 5, 6 және 7-баптар бойынша қосымшалар) 

 

КОНВЕНЦИЯҒА ҚОСЫМША

 

 

Үлгілер

СОТ ҚҰЖАТТАРЫН НЕМЕСЕ СОТТАН ТЫС ҚҰЖАТТАРДЫ ШЕТЕЛДЕ ТАПСЫРУ

ТУРАЛЫ СҰРАУ CАЛУ

 

1965 жылғы 15 қарашада Гаагада қол қойылған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция 

 

Арыз берушінің және мекенжай атауы

Сұрау салынған органның мекенжайы

 

 

 

Төменде қол қойған өтініш беруші төменде көрсетілген құжаттарды екі данада жіберуді өзіне мәртебе санайды және жоғарыда аталған Конвенцияның 5-бабына сәйкес көрсетілген құжаттардың бір данасын кешіктірмей адресатқа:

(атауы және мекенжайы)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

1) Конвенцияның 5-бабының бірінші бөлігінің (1) тармақшасының ережелеріне сәйкес

2) мынадай ерекше тәртіпке (5-баптың бірінші бөлігінің (2) тармақшасы) сәйкес.

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3) егер адресат құжаттарды өз еркімен қабылдауға келіссе, оған жеткізу арқылы (5-баптың екінші бөлігі) тапсыруды сұрайды.

Сұрау салушы органға құжаттардың бір данасын және оған қосымшаларды үлгіге сәйкес сырт жағында тапсырылғандығы туралы растаумен бірге қайтару немесе олардың қайтарылуын қамтамасыз етуді өтінеді.

Құжаттар тізбесі______________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

_______________________ жасалған.

Қолы және/немесе мөрі

 

       Керек емесін сызыңыз.

 Ескертпе:

 

 

Сұрау салудың сырт жағы

 

РАСТАУ

 

Төменде қол қойған орган көрсетілген Конвенцияның 6-бабына сәйкес

1) құжаттар

         - күні

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

- елдімекен, көше, үй

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

5-бапта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен:

1) 5-баптың бірінші бөлігінің (1) тармақшасының ережелеріне сәйкес.

2) мынадай ерекше тәртіпке сәйкес

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

3) оларды өз еркімен қабылдаған адресатқа жеткізу арқылы тапсырылғандығын.

Сұрау салуда көрсетілген құжаттар:

- (адамның аты және мәртебесі)

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

- адресатқа қатысы (отбасылық, іскерлік немесе өзге)

__________________________________________________________________

______________________________________________________ жеткізілді.

 

  2) құжаттар мынадай себептер бойынша:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

тапсырылмағандығын растауды өзіне мәртебе санайды.

Аталған Конвенцияның 12-бабының екінші бөлігіне сәйкес сұрау салушы органға қосымшада жазылған шығыстарды төлеуді немесе өтеуді өтінеді.

 

Қосымшалар

Қайтарылатын құжаттар:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Тиісті жағдайларда тапсырылғанын растайтын құжаттар:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________ жасалды.

 

Қолы және/немесе мөрі

 

Керек емесін сызыңыз

 

ТАПСЫРЫЛУҒА ЖАТАТЫН ҚҰЖАТТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

 

1965 жылғы 15 қарашада Гаагада қол қойылған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелдетапсыру туралы конвенция (5-бап, төртінші бөлік)

Сұрау салушы органның атауы және мекенжайы:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Тараптар:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

СОТ ҚҰЖАТЫ

Құжаттың сипаты және мақсаты:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Сот талқылауының сипаты және мәні, ал тиісті жағдайларда – талап қою сомасы:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Сотқа келу күні және орны:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Шешім шығарған сот:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Шешім шығарылған күн:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Құжатта көрсетілген шекті мерзім:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

СОТТАН ТЫС ҚҰЖАТ

 

Құжаттың сипаты және мақсаты:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Құжатта көрсетілген шекті мерзім:

 

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Тиісті жағдайларда құжаттың берілуіне мүдделі адамның аты (атауы) және мекенжайы.

Керек емесін сызыңыз.

 

 

 

Қазақстан Республикасы   

соттарының шет 

мемлекеттердiң соттарына

құқықтық көмек көрсету және

             құқықтық көмекке жүгіну туралы 

             Нұсқаулығына 6-қосымша

 

Нысан

 

 

Гаага Конвенцияларына сәйкес сот тапсырмаларын ресімдеу формулярлары

 

 

Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы конвенцияға

1980 жылғы 25 қазанда Гаагада қол қойылды

 

 

Беруші органның                                           Алушы орталық органның атауы мен мекенжайы                                                   мекенжайы

 

 

Төменде қол қойған беруші орган қабылдаушы органға құқықтық көмек туралы қоса берілген өтінішті және жоғарыда аталған Конвенцияның I тарауының мақсаттарына арналған қосымшаны (құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның қаржылық жағдайына қатысты мәліметтерді) беру мәртебесіне ие.

 Егер қажет болса, өтініштер мен мәліметтерге қатысты ескертулер:

Егер қажет болса басқа да ескертулер:

 

      _________________ күні жасалды

 

      Қолы және/немесе мөрі

 

 

Конвенцияға қоса берілген формуляр

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу туралы

 конвенцияға 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада қол қойылды.

 

1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның тегі және мекенжайы

2. Талқылау болған немесе қозғалатын (егер белгілі болса) сот

3. 1) Талқылаудың нысанасы және талап қоюдың бағасы (егер қажет болса)

2) Егер қажет болса, басталған немесе болжанатын талқылауға қатысты негіздеме ретінде қоса берілетін құжаттардың тізбесі

3) Жауапкердің тегі және мекенжайы

4. Талқылауға қатысты және құқықтық көмек көрсетуді өтініп отырған адам үшін құқықтық салдарлары бар, өтініштің тездетіп орындалуына байланысты кез келген күн немесе мерзім

5. Кез келген басқа қажетті ақпарат

6. _______________ күні жасалды

7. Құқықтық көмек туралы өтініп отырған адамның қолы

      _____________________________________

       Қажеттігі болмаса, алып тасталсын

 

 

      Құқықтық көмек туралы өтінішке қосымша

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІП ОТЫРҒАН АДАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

І. Жеке басының жағдайы

8. Аты

9. Тегі (қыз кезіндегі)

10. Туған күні мен жері

11. Азаматтығы

12. 1) әдетте тұратын жері (тұра бастаған күні)

2) әдетте алдыңғы тұрған жері (тұра бастаған және тұруды тоқтатқан күні)

13. Отбасылық жағдайы (бойдақ), үйленген (тұрмыста), жесір, ажырасқан, бөлек тұрады)

14. Жұбайының (ларының) тегі, аты

15. Құқықтық көмек көрсетуді өтініп отырған адамның асырауындағы балаларының тегі, аты және туған күндері

16. Құқықтық көмек көрсетуді өтініп отырған адамның асырауындағы басқа адамдар

17. Отбасылық жағдайына қатысты қосымша ақпарат

 II. Қаржылық жағдайлар

 18. Айналасатын жұмысы

 19. Жұмыс берушінің аты және мекенжайы немесе жұмыс орны

 20. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның, оның жұбайының, асырауындағы адамдардың кірісі

1) еңбекақысы (кез келген төлемдерді қоса алғанда)

2) зейнетақы, еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақы, алименттер, жәрдемақылар, өмірлік зейнетақы

3) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы

4) негізгі еңбекақыдан басқа табысы

5) бағалы қағаздардан және банктегі салымдардан түсетін табысы

6) жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

7) басқа табыс көздері

21. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның, оның жұбайының, оның асырауындағы адамдардың жылжымайтын мүлкі

 (құнын және міндеттемелерін көрсетіңіз)

 22. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның, оның жұбайының және оның асырауындағы адамдардың басқа мүлкі (активтері)

 (бағалы қағаздары, акциялары, талап ету құқығы, банктегі шоттары және т.б.)

23. Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның, оның жұбайының және оның асырауындағы адамдардың борыштары және басқа да қаржылық міндеттемелері

1) қарыздары (жыл сайынғы немесе ай сайынғы төлемдердің қайдан шыққаны, төленетін сомасын және мөлшерін көрсетіңіз)

2) алименттер (ай сайынғы төлемдерді көрсетіңіз)

3) жылуға, электр қуатына, газға және суға төлемдерді қоса алғанда, үй рентасы

4) басқа ағымдағы міндеттемелер

24. Өткен жыл ішіндегі табыс салығы және әлеуметтік төлемдер

25. Құқықтық көмек көрсетуді сұрап отырған адамның ескертулері

26. Егер қажет болған жағдайда, растайтын құжаттардың тізімі

27. Жалған мәліметтер үшін заңда көзделген жаза туралы хабардар төменде қол қоюшы жоғарыда аталғандардың барлығы толық және дұрыс екенін мәлімдейді

28. ____________________ (орны) жасалды

29. ........................................./күні/

30. ................................................/ Құқықтық көмек көрсету туралы өтініп отырған адамның қолы.