Кассацияда сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттарға қоса берілетін құжаттар және оларды жиі қайтару себептері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Құрметті азаматтар!
 
Кассациялық сатыға өтініш беру кезінде келесіні көрсетуді сұраймыз:
  • өтініш жолданып отырған соттың немесе лауазымды тұлғаның аты;
  • өтініш беруші тұлғаның аты, және мүддесі үшін беріліп отырған тұлғаның аты (тұрғылықты жері/орналасқан жері және іс бойынша процессуалдық жағдайы);
  • іске қатысатын тұлғалар (тұрғылықты жері/орналасқан жері);
  • бірінші, апелляциялық сатыда қараған соттар, және олардың қабылдаған шешімдері;
  • қайта қарауға жататын сот актісі;
  • шешім қабылдауға негіз болған материалдық және процессуалдық құқықнормаларының бұзылуы, талап мәні және сот актісін қайта қарау негізі;
  • тұлғаның /өкілетті тұлғаның қолы немесе ЭЦҚ-мен куәландыру;
  • іс материалдарының тізімі және өкілдің, адвокаттың құжаттары (жоғары заң білімі туралы дипломның куәландырған көшірмесі, сенімхаты/өкілеттігін куәландыратын құжаты, ордері);
  • Жоғарғы Сот Төрағасының атына ұсыным енгізу туралы өтініш беру кезінде сот актілерін қайта қараудың айрықша негіздерін көрсету;
  • егер бұрын шағымдалған және қайтарылған болса– қайтару себебі;
  • мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат – азаматтық істер бойынша;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша – актінің орындалуы ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін жағдайларда (адамдардың өмірі, денсаулығы не экономика мен қауіпсіздік үшін); құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуына (адамдардың әлдеқандай тобының немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын); соттардың, уәкілетті органдардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларды анықтау.
 
Өтініштерді беру мерзімдері: азаматтық істер бойынша – 6 ай; қылмыстық істер бойынша – кінәсіздік себептері бойынша – мерзімі шектелмеген; сотталушының жағдайын төмендетуге алып келетін дәлелдер бойынша – 1 жыл; әкімшілік істер бойынша – тұлғаның жағдайын төмендететін тарап жақта, немесе әкімшілік өндіріс тоқтатылған тұлғаға қатысты - 1 жыл, басқа жағдайларда мерзім шектелмеген.
 
Мембажды төлеу реквизиттері:
Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі
БСН: 081240013779
КБК: 108126 
Бенефициар банкі:    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ 
ЖСК: KZ24070105KSN0000000
БСК: KKMFKZ2A
КБЕ: 11
Салық органның коды: 6205
Төлеу тағайындау коды: 911 
 
Мембажды төлеу құнын есептеу ыңғайлылығы үшін ҚР Жоғарғы Соты сайтында «Сот кабинеті» сайтында мембажды есептеу үшін есептеуіш құралы енгізілген.
 
Жоғарғы Сотта өтініштерді қайтарудың негізгі себептері 
 
Мембажбен байланысты азаматтық істер бойынша:
  • мембажды төлеу туралы құжаттың болмауы;
  • қате көрсетілген реквизиттер бойынша төлеу (қате КБК, жаңылыс бенефициар немесе төлеуші);
  • кейіннен мүлікті қайтарумен байланысты мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы даулар бойынша мембажды толық төлемеу, мүліктің нарықтағы бағасы есебі (1%-жеке тұлғалар, 3%-заңды тұлғалар) төлеу қажет болған жағдайларда талап арыз бойынша мембажды төлеу АЕК-тен 50% есеп жүргізілсе;
  • өтінішті беру сәтінде бекітілген айлық есептік көрсеткіштен төмен мөлшерде өндірлген АЕК бойынша ставка есебі мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша мембажды толық төлемеу, немесе төлеу мөлшері өтініш талаптарының санына сәйкес келмесе.
 
Талаптарды сақтамау:
  • мазмұны бекітілген талаптарға сәйкес келмейді (қолдың болмауы, сот актісі көрсетілмеген және т.б.) ;
  • құқықтары мен заңды мүдделері сот актісімен қозғалмаған тұлғалармен берілген;
  • мерзім өткеннен кейін ұсынылған; 
  • сот актілері аппеляциялық тәртіпте қаралмаған;
  • өкілдің: сенімхаты/өкілеттігін куәландыратын құжаты, жоғары заң білімі туралы дипломның куәландырған көшірмесі, адвокат ордері болмағанда;
  • істің санатына байланысты сол тараптармен немесе сол негіздер бойынша кассациялық сатыда сот актісін қайта қарау туралы өтінішті беруден бас тарту туралы қаулы болса;
  • сот актілерін қайта қарауға себеп болатын айрықша негіздің болмауы.
    
Қайта қарауға жатпайтын сот актілері:
  • теріс қылықтар; онша ауыр емес қылмыстар; дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен тәсіліне, процесске қатысушылардың өтінішхатына, үкімді орындаумен байланысты отырыс залында тәртіпті сақтауға, сонымен қатар айыптаудан бас тартуға қатысты сұрақтар бойынша рақымшылық актісін қолдану; тергеу судьяларының қаулылары (қылмыстық істер бойынша);
  • істер бойынша: бітімгершілік келісімін бекітумен аяқталған, медиация тәртібінде немесе партисипативтік үрдісте, төлемқабілетсіздігін төлеу туралы, сонымен қатар оңалту үрдісі және банкроттық аясында туындаған даулар бойынша істер; жеке тұлғарарға-2000 АЕК, заңды тұлғаларға-30000 АЕК бекітілген көрсеткіштерден төмен емес мүліктік мүдделермен байланысты (азаматтық істер бойынша);
  • орындалуы ауыр салдарларға әкеп соқпайтын (адамдардың өмірі, денсаулығы не экономика мен қауіпсіздік үшін); құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуына (адамдардың әлдеқандай тобының немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын); соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша).