Қаңтар 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

13 қаңтарда Астана қаласында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Қазақстан Республикасының Православие Шіркеуінің Басшысымен кездесуі өтті.

21 қаңтарда Астана қаласында Жоғарғы Сот БҰҰДБ-мен бірлесе отырып, Жоғарғы Сот пен БҰҰДБ-ның бірлескен «Қазақстанда сот мониторингісі жүйесін жетілдіру» жобасы аясында «Соттар қызметінің тиімділігін бағалау мониторингі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Іс-шараға БҰҰ Үкіметінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Стивен Тулл және халықаралық сарапшы Пим Альберс (Соттар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Халықаралық консорциумның кеңесшісі, Нидерланды Корольдігінің Қауіпсіздік және әділет министрлігінің сот саясаты мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі) қатысты.   

21 қаңтарда Астана қаласында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясы (EUROBAK) төрағасы Марк Смитпен кездесуі өтті.

22 қаңтарда Астана қаласында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымовтың БҰҰ-ның Бейбіт жиналыс және ассоциация құқығы жөніндегі мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Майин Киаимен кездесуі өтті.