Ақпан 2017

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3 ақпан Астана қаласында  ҚР   Жоғарғы Соты ABA/ROLI америкалық заңгерлер  қауымдастығының қолдауымен: «Инвестициялық ынтымақтастық. Дамудың қазіргі заманғы жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мамандандырылған ауданаралық сотының судьялар алқасы, Халықаралық Кеңес мүшелері, шетелдік  инвесторлар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

4 ақпан Астана қаласында  ҚР   Жоғарғы Сотында  ҚР   Жоғарғы Соты мамандандырылған сот алқасы судьяларының халықаралық сарапшы 
М. Евсеевпен кездесуі өтті.

6 ақпан ҚР   Жоғарғы Сотында ҚР Жоғарғы Соты судьяларының    (А.Қ. Қыдырбаева, М.Т. Балкен, Ж.К. Ермағамбетова, У.А. Сүлейменова  және В.В. Ноздрин) неміс сарапшылары  Лотор Янмен және Тильман Шнайдермен кездесуі өтті.

13 ақпан  Астана қаласында  ҚР   Жоғарғы Сотының судьялары Ұ.А.Сүлейменова , Г.Ш.Мұсабекова , Б.Ж.Тоқтарова және Персоналды басқару бөлімі секторының меңгерушісі Г.А.Жақсылықова  NI-CO Еуропалық Одақ жобасының сарапшылары Карстенмен және Глин Хукингзоммен судьяларға арналған менторлық жөніндегі өңірлік семинарды дайындау мәселелерін талқылау үшін кездесті.

15 ақпан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстандағы Кореяның  төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнг-чон мырзамен кездесті. 

15 ақпан ҚР   Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Дүниежүзілік Банк мемлекеттік секторының бас сарапшысы А.Мукерджимен кездесті. «Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

16-17 ақпан Тараз қаласында жергілікті соттардың судьялары үшін менторлық тәжірибені дамыту бойынша практикалық курс ұйымдастырылды. ҚР Жоғарғы Сотынан ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Г.Ш.Мұсабекова және Персоналды басқару бөлімі секторының меңгерушісі Г.А.Жақсылықова қатысты.

16 ақпан  ҚР   Жоғарғы Сотында  ҚР Жоғарғы Соты Аппараты басшысының орынбасары Ж. Әбдиевтің Орталық Азиядағы PRI өкiлдiгiнiң  өңірлік директоры А. Шамбиловпен «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: сотталғандардың осал топтарының сот төрелігіне қол жеткізуін жақсарту мақсатында азаматтық қоғамдық ұйымдардың әлеуетін арттыру» жаңа жобасын іске асыруын  талқылау бойынша кездесуі өтті.

16 ақпан Қазақстандағы ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің  2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастығы жөніндегі бағдарламасын  орындау жөніндегі 2016 жылғы нәтижелерді талқылау бойынша кеңес өтті. ҚР   Жоғарғы Сотының атынан іс-шараға ҚР   Жоғарғы Сотының судьялары Г.Б.Ақ-қуова, З.Б.Кейкибасова және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р. Раззак қатысты.

21 ақпан ҚР   Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ. Мәми Венеция комиссиясының сарапшылары  Г.Папуашвилимен және С. Кузнецовпен кездесті.

23-24 ақпан Атырау қаласында жергілікті соттардың судьялары үшін   менторлық тәжірибені дамыту бойынша практикалық курс ұйымдастырылды.  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан  ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Б.Ж.Тоқтарова  және Персоналды басқару бөлімінің бас сарапшысы А.Өмірбаева қатысты.  

24 ақпан  "Hilton Garden Inn Astana" қонақ үйінде  «Есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты  қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу мониторингі нәтижелерінің презентациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына   ҚР   Жоғарғы Сотының судьялары Ж.А. Волкова, Г.Ш. Мұсабекова, Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің меңгерушісі  Г.Т. Хуанова, Астана қаласы сотының судьясы М.Е. Солтыбаев, Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қ.А. Аринов,  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.М.Мекемтас қатысты.