Ақпан 2015

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

6 ақпанда Астана қаласы «Rixos» қонақ үйінде Жоғарғы Сот Қазақстандық мұнай-газ саласы заңгерлерінің қауымдастығымен және Шевронмен  бірлесіп «Әділетті сот жүйесі мен тұрақты заңнама – тартымды инвестициялық ахуалдың негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

13 ақпанда Астана қаласында Жоғарғы Сот ЕҚЫҰ-мен бірлесіп ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты 2015 жылы өтетін бірлескен іс-шараларды талқылау болатын. Кездесуге Жоғарғы Сот тарапынан Департамент басшысының орынбасары Ә.Б. Қасенова, бөлім меңгерушілері Л.С. Құрмантаева, Б.С. Кальянбеков,           Г.Т. Хуанова қатысты. ЕҚЫҰ тарапынан кездесуге құқықтық мәселелер және жобалар жөніндегі ұлттық үйлестіруші Олег Козырев, саяси мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестіруші Мария Дубовицкая қатысты.

24 ақпанда Астана қаласында Жоғарғы Сот ЕҚЫҰ-мен бірлесіп Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесу өткізді. Жоғарғы Сот тарапынан іс-шараға Қ.О. Елібаев, Л.С. Құрмантаева,  В.В. Лушников, С.Б. Омаш, Г.Т. Хуанова, Ә. Мархабат, Д.Қ. Нұрпейісов қатысты.

24 ақпанда Астана қаласында Жоғарғы Сот ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараға ЖС тарапынан судья А.К. Қыдырбаева, Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т. Хуанова, Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) сот оқуы секторының меңгерушісі Г.Ә. Жақсылықова қатысты. ЮНИСЕФ тарапынан халықаралық консультант Ирина Урумова,  Балаларды қорғау жөніндегі бағдарлама жетекшісінің орынбасары Татьяна Адерихина, Балаларды қорғау жөніндегі бағдарламалар үйлестірушісі Айсұлу Бекмұса қатысты.

26-27 ақпанда Ақмола облысы Бурабай кентінде ынтымақтастық шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, ҚР ЮНИСЕФ және ЕО «Балалар сот төрелігі жүйесінде және Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шараға Жоғарғы Соттан Жоғарғы Сот судьясы Ғ.Б. Ақ-қуова, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н. Раззак және Жоғарғы Сот аппаратының  Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы Ә.А. Ескендіров қатысты.