2014 жылғы мамыр

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

11-15 мамырда ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық құқықтық ынтымақтастық германиялық қорымен (IRZ) бірге компьютерлік технологиялар саласындағы қылмыстық істерді бақылау мен тергеу мәселелері бойынша, құрамына ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.С. Смолин кірген қазақстандық делегацияның сапары ұйымдастырылды.

 

15 мамырда Астанада ҚР Жоғарғы Соты Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясымен (Венециялық комиссия) бірге ЕҚЫҰ Орталығының сараптамалық  қолдауымен «Судьялыққа кандидатураларды іріктеудің тәжірибесі мен халықаралық стандарттары» деген тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді.

Форум жұмысында тәуелсіз сот төрелігінің шарттары ретінде судьяларды іріктеу мен тағайындаудың тиімді жүйесі, сондай-ақ қоса сот корпусының кәсіби деңгейін арттыру: ұлттық механизм мен халықаралық тәжірибе мәселелері қарастырылды. Талқылауға Жоғарғы Соттың судьялары, Парламент депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.   

    

17-25 мамырда Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының Аймақтық өкілдігімен (UNODC) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.М. Рахымбековтың АҚШ-қа оқу сапары ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты – терроризмнің алдын алу және онымен күресу саласындағы АҚШ саясаты, шаралары және практикасымен танысу.

 

19-20 мамырда Астанада ҚР Жоғарғы Соты Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық Қорымен бірге соттардың баспасөз-хатшыларының БАҚ-пен қарым-қатынасына, БАҚ-қа арналған және БАҚ-тың қатысуымен іс-шаралар  ұйымдастыруға қатысты мәселелері туралы облыстық және оған теңестірілген соттардың баспасөз-хатшылары мен судьяларына (БАҚ бойынша жұмыстың үйлестірушілеріне) арналған тренинг ұйымдастырды.

 

21-22 мамырда Астанада Жоғарғы Соттың судьясы А.Ө. Сәрсенбаев ҚР Әділет министрлігімен ұйымдастырылған «Антиконтрафакт» II Халықаралық форумының жұмысына қатысты.

Форумда зияткерлік меншік құқығын қорғау, контрафакті, жалған және сапасыз өнім  айналымына қарсы тұру мәселелері; тамақ, фармацевтикалық қауіпсіздік және балалар өнімінің  қауіпсіздігі мәселелері;  Кеден Одағы шеңберінде зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғау заңнамасын үйлестіру мәселелері талқыланды. 

 

28 мамырда Жоғарғы Соттың судьялары Г.Б. Ақ-Қуова және Д.Д. Нұралин кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған соттарды құжаттандыру және шолу әдіснамасын талқылау, сонымен қоса 2009-2011 жж. Қазақстан Республикасында Ювеналды әділеттілік жүйесінің даму Концепциясын жүзеге асыру нәтижесін қарастыру мақсатында БҰҰ-ның Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық сарапшылары Аваз Рауф және Каролин Гамильтонмен кездесті.

 

28 мамырда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен БҰҰ-ның Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ) халықаралық кеңесшісі Йоханнес Худобаның кездесуі өтті. Кездесуде 2016-2020 жылдар аралығына мемлекеттің ағымдағы жағдайына талдамалы есеп беруін дайындау және дамудың өзекті мәселелерін анықтау бойынша БҰҰ-ның ел командасына жәрдемдесу мәселелері талқыланды.