2014 жылғы қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3 қыркүйекте  Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының кезекті (тоғызыншы) кеңесі өткізілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қырғызстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Ф.З.Джамашевамен, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Ш.А Газиевпен, Тәжікстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Н.Абдуллозомен,  ШЫҰ-ның Бас хатшысы Д.Ф Мезенцевпен, ШЫҰ-ның Өңірлік террорға қарсы құрылымының Атқарушы комитеті директорының орынбасары Т.Д. Мусабаевпен және ШЫҰ-ның Өңірлік террорға қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің директоры Жан-Поль Лабордпен  бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

3 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Венгрия Куриясының (Жоғарғы Соты) Төрағасы Петер Даракпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жоғарғы Сот пен Курия арасындағы одан арғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

4-5 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының кезекті (тоғызыншы) кеңесін өткізді

17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасары Қасенова Ә.Б. Хельсинки қаласында (Финляндия) «Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша «Заң үстемдігінің тұғырнамасы» Стратегиясы жобасының шеңберінде «Конституциялық заңнама» атты өңірлік семинарға қатысты.

17 қыркүйекте  Астана қаласында ЮНИСЕФ пен ЕО-ның 2014-2017 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б.Ақ-қуова ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Т.Адерихинамен кездесті.

26-27 қыркүйекте Алматыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен БҰҰДБ-ның «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» бірлескен жобасының шеңберінде және  29-30 қыркүйекте Астанада «Соттағы тауластырушы рәсімдер» жобасын үйлестірушілерінің және судьялардың қатысуымен үйретуші семинарлар  өткізілді. Жоғарғы Соттың атынан осы іс-шараға судья Сүлейменова Ұ.А. қатысты.