2014 жылғы қараша

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

4 қарашада Астана қаласында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.А.Мамидің Армения Республикасының Әділет министрі О.Г.Манукянмен кездесуі өтті.

 

         8-15 қарашада Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) Халықаралық судьялардың ассоциациясының «Сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының арақатынасы» тақырыбындағы кезекті 57-ші отырысы болды.

Отырысқа құрамында Судьялар одағының төрағасы С.К.Байбатыров, Атырау қ. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.М.Қадырғалиев, Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.А.Рысбеков болған Судьялар одағының делегациясы қатысты.

 

         13-14 қарашада Брюссель қаласында (Бельгия) Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А.Қасымовтың қатысуымен  «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» атты сот әділдігі және құқықтық тәртібі бойынша кіші комитеттің 12-ші отырысы өткізілді.

 

         13-14 қарашада Жоғарғы Соттың судьялары И.А.Калашникова және Е.Ж.Исмаилов Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы (GIZ) ұйымдастырған Әкімшілік құқық бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

         17-18 қарашада Женева қаласында (Швейцария) БҰҰ азаптауға қарсы Комитетінің 53-сессиясы өтті. Онда ҚР азаптауларға қарсы қабылданған шаралар туралы 3-ші кезекті баяндамасы қорғалды. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьясы А.Т.Жөкенов қатысты.

 

         17-18 қарашада Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) Жоғарғы Соттың судьясы Л.А.Ағыбаева қатысқан «Адам саудасының құрбандары үшін сот әділдігіне мүмкіндік және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

         17-18 қарашада Астана қаласында Жоғарғы Сот Венециялық комиссиямен, БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен (ЮНОДК), Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығымен және Судьялар одағымен бірлесе отырып, тренингтер мен «Сот корпусында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

         24-28 қарашада Жоғарғы сот IRZ бірлесе отырып, тергеу судьялары мен Жоғарғы және жергілікті соттардың қызметкерлеріне Бонн қ. және Кельн қ. (ГФР) оқыту сапарын ұйымдастырды. Осы оқыту бағдарламасына Жоғарғы Соттың судьясы А.С.Қажабаев, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Ф.Адильбаева, Астана қаласының Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Е.Д.Тасыров, Алматы қаласының Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Ж.Шамшиев қатысты.

 

         24-25 қарашада Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Алматы қалалық сотының судьясы Е.А.Кененбаев қатысқан Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша бесінші сарапшылық форумы өтті.

 

         26-27 қарашада Қарағанды қаласында Жоғарғы Сот Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығымен бірге Орхустік Конвенция бойынша аймақтық тренинг өткізді. Шараға Жоғарғы Сот судьясы В.М.Борисов қатысты.

 

         27 қарашада Астана қаласында Жоғарғы Сот Аппаратының Басшысы И.С.Испановтың БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Мунхтуй Алтангерелмен ағымдағы және келешек бірлескен қызметті, оның ішінде «Қазақстанда медиация институтын енгізу» және «Қазақстанда сот мониторингісі жүйесін жетілдіру» жобаларын жүзеге асыруды талқылау мақсатында кездесуі өтті.

 

         28 қарашада Алматы қаласында ЕО, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бойынша қазақстандық халықаралық бюросы, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы және Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Іс-шараға Алматы қалалық сотының судьясы Х.К.Керимова қатысты.

 

         30 қараша - 3 желтоқсанда Халықаралық салық және инвестициялық орталығының (бұдан әрі – ХСИО) шақыруымен Жоғарғы Сот судьясы Н.У.Қайыпжан Лондонда (Ұлыбритания) салық заңнамасы және әкімшілік жүргізу саласындағы халықаралық практика бойынша оқыту бағдарламасына қатысты.