2014 жылғы қаңтар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

16 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми БҰҰ Балалар қорының өкілі Джун Кукитамен кездесті. Кездесу барысында 2014 жылға ынтымақтастық бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды, атап айтқанда ювеналды әділ сот, келістіру процедуралары және дивергенция бойынша модельдік бағдарлама саласындағы біріккен іс-шараларды өткізу туралы сөз болды.

 

17 қаңтарда Астана қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi ұлттық комиссия Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның аясында міндеттемелерді орындау туралы Қазақстанның 3-ші және 4-ші біріккен баяндамаларын дайындау бойынша жұмыс тобы мүшелерінің отырысын өткізді және оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә.Б.Қасенова қатысты.

 

28 қаңтарда Астанада Жоғарғы Сотта ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар жөніндегі Жоғары комиссарының сапарын дайындаушы тобының өкілдерімен кездесу өтті. 

Кездесу аясында Қазақстанның сот жүйесіндегі тіл саясаты мәселелері талқыланды.

 

30-31 қаңтарда Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасының институционалды бөлігін талқылау бойынша профильді мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңесулердің кезекті (сегізінші) раунды өтті.  

Қазақстандық үкіметаралық делегация құрамында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.О.Сарсенбаев және ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің Халықаралық-құқық көмек секторының бас консультанты А.Н.Рамазанова қатысты.