2014 жылғы ақпан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

4 ақпанда Астанада Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қ.О.Елібаев және Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің меңгерушісі Г.Т.Қуанова Дүниежүзілік Банктің өкілі Амит Мукерджимен «Әділ сот секторын институционалды күшейту» жобасы аясында бірікен іс-қимылдарды талқылау мақсатында кездесті.

 

4-6 ақпанда Ашхабадта (Түркіменстан) Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқа төрағасы Г.Ш.Мұсабеков біліктілікті арттыру курстарының/институттарының оқытушыларына, судьялар мен прокурорларға арналған «Адам саудасының құрбандарын, заңсыз кіргізілген мигранттарды қорғауға және оларға көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды қамтамасыз ету үшін Орталық Азия елдерінде халықаралық стандарттарды қолдану» атты аймақтық оқу курсына қатысты.

Бұл курсты БҰҰ Есірткі және қылмыстылық жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі ХАС/Х44 «Үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса отырып, адам саудасы құрбандарын, заңсыз кіргілізген мигранттарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғауға, сондай-ақ оларға көмек көрсетуге қажетті Орталық Азия елдерінің әлеуетін күшейту» атты өңірлік жобасының аясында ұйымдастырды.

 

5-11 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми 2014 жылғы қыркүйекте Астанада ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының кезекті отырысын Қазақстан тарапы өткізуіне орай ШЫҰ мүше-мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті елшілерімен екіжақты кездесулер өткізді. 

 

9-15 ақпанда Жоғарғы Соттың жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің делегациясы Түркияның электрондық әділ сот жүйесін қолдану тәжірибесін зерттеу мақсатында Анкараға (Түркия Республикасы) барып қайтты.

 

12 ақпанда Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері Дүниежүзілік Банктің өкілі Амит Мукерджимен кездесіп, «Әділ сот секторын институционалды күшейту» жобасының С компоненті бойынша қорытынды ескертпелер мен ұсыныстарды берді.

 

12-13 ақпанда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы А.А.Қасымов ҚР Үкіметі делегациясының құрамында Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы 6-шы және 7-ші біріккен мерзімдік баяндаманы қорғауға қатысты.

 

14 ақпанда Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә.Б.Қасенова Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының аясында міндеттемелерді орындау туралы Қазақстанның 3-ші және 4-ші біріккен баяндамаларын қорғау мақсатында БҰҰ Әйелдерді кемсітушілікке қарсы комитетінің 57-ші сессиясының жұмысына қатысты.

 

17-19 ақпанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім жобасын талқылау бойынша профильді мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық консультациялардың кезекті раунды өтті.   

Қазақстан үкіметаралық делегациясы құрамында ҚР Жоғарғы Сотының судьясы А.Ө.Сарсенбаев және Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің бас консультанты А.Н.Рамазанова қатысты.

 

20 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісім жөніндегі Еуропалық комиссиямен «Әділ сот» атты 6-тарауды талқылау мақсатындағы жұмыс отырысы және видеоконференция өтті.

ҚР-ЕО жобасын талқылауға ҚР Жоғарғы Соты тарапынан Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ә.Мархабат және  Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің халықаралық байланыстар секторының меңгерушісі Г.Қ.Игенбердинова қатысты.

 

24 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасы жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімінің халықаралық байланыстар секторының меңгерушісі Г.Қ.Игенбердинова ҚР Үкіметінің Стратегиялық консультативтік кеңесінің және БҰҰ Даму бағдарламасының 5-ші отырысына қатысты.

 

24-25 ақпанда Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы В.М.Борисов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділетке қол жетімділік және шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысуы, ақпаратқа қол жетімділік туралы конвенциясын - Орхус конвенциясын дайындау бойынша арнайы жұмыс тобының 7-ші кездесуіне қатысты.

 

28 ақпанда Астанада Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі сотының судьясы Ж.Қ.Алпысбаева мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «жетім балаларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандары бойынша ұлттық және халықаралық тәжірибе» атты диалогқа қатысты.