сот шешімі

Шымкентте 45 миллион теңгеден астам берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

13/12/2018

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС екінші ЖШС-дан 45 923 382 теңге берешекті және 2 290 383 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген. Серіктестіктер арасында бұрын жалға алу және қызмет көрсету туралы шарт жасалған. Дау серіктестіктердің біреуінің осы шарт талаптарын орындамауынан туындаған.

Ақтауда электр бағасын заңсыз қымбаттатқан компания жауапкершілікке тартылды

06/12/2018

Маңғыстау облыстық прокуратурасы 24.11.2015 жылғы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою туралы «Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) мен «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ-ға (бұдан әрі - МЭБК) талап қойып, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Балқашта сот өтемақы өндіру туралы істер бойынша 46 медиативтік келісімді бекітті

04/12/2018

Балқаш қалалық сотына «Балқаш УАЦЭС» ЖШС 132 жұмыскері жұмыс берушіден пайдаланылмаған еңбек демалыс күндері үшін өтемақы, ұсталған, бірақ аударылмаған зейнетақы аударымдары мен моральдық залалды өндіру есебін өндіру туралы талаппен жүгінді.

Орал қаласында сот әкімдіктің пәтерді жекешелендіруден бас тартуын заңсыз деп таныды

30/11/2018

Сот Орал қаласы тұрғынының пәтерді өтеусіз беруден бас тарту туралы қала әкімінің әрекетін заңсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырды.

2011 жылы комиссия шешімімен талапкер У.-ға 2011 жылғы су тасқыны салдарынан бұзылған үй үшін өтемақы ретінде ақысыз жекеменшік құқығымен тұрғын үй берілген болатын. Алайда, 2018 жылдың маусым айында комиссияның шешімімен пәтерді жекешелендіруден бас тартылды.

«Арселор Миттал Темиртау» АҚ-нан жұмыскердің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 400 000 теңге өндірілді

21/11/2018

Шахтинск қалалық сотына В. «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-на моральдық зиянды өтеу есебіне 400 000 теңгені өндіру туралы талап қоюмен жүгінді. 

В. АҚ-да жерасты электр слесарі болып жұмыс істеді. Сараптамалық дәрiгерлiк-еңбек комиссиясының қорытындысы бойынша ол жұмыс істеп жүрген кезде кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен 30% айырылып, мерзiмсiз уақытқа  кәсіптік ауруға ұшыраған.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында Билер кеңесі құрылады

06/11/2018

Қазалы аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлы Билер кеңесін құру бойынша бастамашыл топтың отырысын өткізді.

Кездесуге татуластырушы судья Қуаныш Мыханов, аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, құқық қорғау органдарының басшылары, кенттің, қаланың және ауылдық округтың әкімдері мен медиаторлар қатысты.

Қарағандыда сот ЖШС-ны талапкерді дереу жұмысына қайта алуға және оған үш айлық жалақысын төлеуге міндеттеді

06/11/2018

Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының №2 сотына ЖШС жұмыс берушінің актілеріне дау келтіру және жұмысына қайта алу, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы төлеу және моралдық шығынын өтеу туралы арызбен Ш. деген азамат жүгінген.

Қостанай облысында сот кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартудан қорғады

01/11/2018

Қостанай облысының Денисов аудандық соты ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Агрофирма «Олимп»» ЖШС-ге қатысты қозғалған іс бойынша іс жүргізуді осы кәсіпорынның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан  тоқтатты.

Республика соттары бітімгершіліктің артықшылықтарын түсіндіреді

31/10/2018

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясында  бітімгершілік кабинеттері ашылды.

Ашылау салтанатына Алматы қ. Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Қырықбаев, оның орынбасарлары  Зульфия Баки және Нұржан Байқұлов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы Дәулет Байделдинов, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының бірінші проректоры Жазира Өмірәлі, сондай-ақ ЖОО-лардың ғылыми-оқытушылар құрамы қатысты.

Даулар медиация тәртібінде шешілді

31/10/2018

Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотына талапкер Банкке банктік қарыз шартының тармағын жарамсыз деп тану және төленген комиссия сомасын өндіріп алу туралы талап қойып жүгінген.

Талапкер ол және Банк арасында жасалған банк қарызы шартының тармағын жарамсыз деп тануды және төленген 344 400 теңге комиссияны, нотариаттық қызметтер бойынша 3 128 теңге сот шығыстарын және 4 647 теңге баж салығын өндіріп алуды сұраған.

Страницы