Бағлан Мақұлбеков, Жоғарғы Соттың судьясы «Арман асуында» // «Егемен Қазақстан», 12.01.2016ж.
Еліміз өткен 2015 жылды үлкен қошеметпен тарих қойнауына шығарып салып, жаңа 2016 жылды үкілі үмітпен, көтеріңкі көңіл-күймен, зор қуанышпен қарсы алды. Әрине, өткен жылға өкпеміз жоқ. Еліміздің беделі еселеніп артып, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, экономикалық даму қарқыны күшейіп, мәдениетіміз мәнерлі үрдістермен толықты. Дегенмен, жаңа 2016 жылдың жасампаз жоспарларының іргетасы өткен 2015 жылы қаланғанын есте сақтауымыз қажет.