Жоғарғы Сот Төрағалары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алдарыңызға Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен алынған, әр жылдарда Қазақстандағы сот билігінің жоғарғы органын — Революциялық трибуналды, РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімін, Қазақ автономиялық, кейіннен одақтық республика Жоғарғы Сотын басқарған азаматтардың өмірбаяндарынан үзінділер ұсынып отырмыз.

Осы тізімнің басында тұрған, белгілі мемлекеттік қайраткер Нығмет Нұрмақов кезінде Қазақстан Үкіметін басқарған (1924-1929). Сонымен бірге, Москвада БОАК (ВЦИК) аппаратында хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған (1931-1937). Ал, ҚАССР Революциялық трибуналының Төрағасы болғанын білетін адам қазір шамалы шығар. Н.Нұрмақов репрессияға ұшырап, 1937 жылы оның құрбаны болды. 1956 жылы ақталды.Қазақ АССР Жоғарғы Сотының төрағалары Нығметолла Сырғабеков (1929) пен Қазмұхамед Күлетовтің (1932-1934) тағдырлары да қасіретке толы.

Олар А.Д.Горячев басқарған КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының көшпелі сессиясының үкімімен жасанды, бұрмаланған іс бойынша ату жазасына кесілді. Кейін анықталғандай, бұл қаралы үкім 1938 жылдың ақпан-наурыз айларында орындалған. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік министрлігінің мәліметтері бойынша, Н.Сырғабеков еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері — Сәкен Сейфуллин, Ұзақбай Құлымбетов, Сейітқали Меңдешев, Темірбек Жүргенов, Санжар Асфендияров, Құдайберген Жұбанов және тағы басқаларымен бірге 1938 жылғы 25 ақпанда атылған. 1938 жылғы 26 ақпанда Қазмұхамед Күлетов те осындай жазаға тап болды. Сол күні онымен бірге қазақтың асқан зиялылары — Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Ілияс Қабыловтар бар еді. Барлығы 37 адам. Мырзағұл Атаниязов — 1925-1927 жылдары РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы болып, кейіннен Қазақстанның К(б)П ОК-нің бөлім меңгерушісі қызметін атқарды, соңғы жылдары "Аульный Казахстан" журналының редакторы болды. Президенттік Архив мәліметтеріне қарағанда, М.Атаниязов 1938 жылы репрессияға ұшырап, 1957 жылғы қазанда ақталған. Сталиндік репрессия жылдары республикамыздың Жоғарғы Сотын басқарған тағы бір төраға — Шаймерден Бектұрғанов (1934-1937) 1938 жылғы қараша айында атылып, 1964 жылы ғана ақталған. РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімін әр кезде басқарғандар: Тілеужан Мұқашев (1924ж наурыз - 1925ж шілде). Сермұхамед Бекбатыров (1927ж наурыз -1929ж сәуір), Ғұмар Жүнісов (1930ж шілде -1932ж шілде), Т.Мұқашев 1937 жылғы қарашада республика Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары, Ғ.Жүнісов 1934 жылы Ақмола аудандық аткомының төрағасы міндеттерін атқарған, ал БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (Казкрайком) 1929 жылғы қазан айында С.Бекбатыровты шаруа-жұмысшылар инспекциясына жіберген болатын.

Өкінішке орай, олардың кейінгі тағдыры туралы ешқандай мәлімет жоқ. Әбдірахман Құскелдиев, Петр Громов, Темірғали Қожабергенов, Омадияр Адамбаев, Тәңірберген Әділбаевтар туралы мәліметтер де осы тектес. Сонымен бірге, Жоғарғы Сот Төрағалары Күнтуар Сүлейменов (1958-1962), Бекайдар Жүсіпов (1962-1970), Ғалым Елемісов (1981-1984) заман талабына сай қызмет атқарды.

Нұрмақов Нығмет Нұрмақұлы 
(1895-1937)

1895 жылы Семей облысының Қарқаралы уезінде туған. Қазақ. 1920 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1915 жылы Омбы қаласы мұғалімдер семинариясын, 1931 жылы БК(б)П ОК жанындағы Коммунистік университетті бітірген. 
1915-18 жж. - Қарқаралы каласында мектеп мүғалімі. 
1918 ж. (ақпан-мамыр) - Қарқаралы уезінің шаруа-жұмысшылар кеңесі депутаттарыньң хатшысы. 
1918-19 жж. - ақгвардияшылар түрмесінде қамауда болды. 
1920-21 жж. - Қарқаралы уезі Ревкомының және уезд аткомының мүшесі, Семей губревкомының мүшесі және бөлім меңгерушісі, Семей губаткомы бөлімінің меңгерушісі, мүшесі және хатшысы. 
1921 ж. (қазан) - ҚАССР Революциялық трибуналының Төрағасы. 
1923 ж. (сәуір) - РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің Төрағасы. 
1923 ж. - 1924ж. (кыркүйек) - ҚАССР Юстиция халық комиссары, Бас прокуроры. 
1924 ж. (кыркүйек-қазан) - БК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомының бөлім меңгерушісі. 
1924 ж. (қазан) - 1929 ж. (сәуір) - ҚАССР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы. 
1929-31 жж.- Москвада оқыды. 
1931 -37 жж. - БОАК хатшысының орынбасары, БОАК Президиумының бөлім меңгерушісі, 
БК(6)П Қазақ өлкелік комитетінің, ҚАССР Орталық атқару комитетінің (ОАК) мүшесі. 
Репрессияға ұшыраған. 1937 жылғы қыркүйекте атылды. 1956 жылғы тамызда ақталған.

Мукашев Тлеужан Мукашевич 
(1881-1937)

1881 жылы Ақтөбе губерниясы Ақтөбе уезінің №1 ауылында туған. Қазақ. 1918 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.

1911-17 жж. - Ақтөбе уезі 3-бөлімінің хатшысы, әскер үшін мал сатып алу жөніндегі хатшы (Орск қаласы). 
1917 ж. (тамыз) - Ақтөбе жергілікті басқармасында іс жүргізуші. 
1918 ж. (қыркүйек) - уездік милицияда. 
1918-21 жж. - Ақтөбе уездік аткомның бөлім меңгерушісі. 
1921-23 жж. - Ақтөбе губаткомы төрағасының орынбасары, төрағасы. 
1923-24 жж. - Қырғыз (Қазақ) ОАК бөлім меңгерушісі. 
1924 (наурыз) - 1925 (маусым) - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы. 
1925-26 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің мүшесі. 
1926-28 жж. - Орал губсотының төрағасы. 
1928-30 жж. - Орал округтік прокуратурасының прокуроры. 
1930 ж. (ақпан) - (тамыз) - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің мүшесі. 
1930 ж. (тамыз) - "Гигант" колхозының төрағасы, "Еңбекшіқазақ" аудандық ұжымшар одағының төрағасы. 
1931-32 жж. - Еңбекшіқазақ аудандық аткомының төрағасы. 
1932 ж. (қазан) - 1937 ж. (қараша) - ҚАССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары. 
1936 жылдан бастап Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары. 
Архив құжаттарынан Т.М.Мұқашев туралы басқа мәліметтер табылмады.

Атаниязов Мырзағұл 
(1899-1945)

Ақтөбе губерниясы Ақгөбе уезінің №1 ауылында туған. Қазақ. 1919 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1918 жылы Ақтөбе мұғалімдер семинариясын, 1924 жылы КСРО Юстиция халық комиссариаты жанындағы жоғары әділет курсын бітірген.
1918-20 жж. - ауыл мектебінің мұғалімі. 
1920-21 жж. - Ақтөбе қаласындағы уездік аткомның хатшысы, төрағаның орынбасары. 
1921-22 жж. - Ақтөбе губтрибуналы әскери алқасы төрағасының орынбасары, төрағасы. 
1922 ж. - Қырғыз (Қазақ) обкомы бөлім меңгерушісінің орынбасары. ҚАССР Юстиция Халық комиссары. 
1922-24 жж. - Москвада оқыды. 
1925 ж. (мамыр) - 1927 ж. (наурыз ) - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы. 
1927-28 жж. - Ақмола губаткомының төрағасы. 
1928-29 жж. - Семей округтік аткомының төрағасы. 
1929-30 жж. - БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы. 
1930-31 жж. - Қарқаралы округкомының және БК(б)П аудандық комитетінің хатшысы. 
1931-32 жж. - БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы. 
1932-33 жж. - Алматы қалалық жұмысшы-шаруа инспекциясының (КК РКИ) төрағасы. 
1933-34 жж. - ҚАССР-ы Прокуроры. 
1935-37 жж. - БК(б)П Әулие-Ата аудандық комитетінің хатшысы. 
1937-38 жж. - Қазақстан КП(б) ОК бөлім меңгерушісі. "Аульный Казахстан" журналының редакторы. 
1938 жылы репрессияға ұшыраған. 1957 жылғы қазан айында ақталған.

Бекбатыров Сермұхамед Бекбатырұлы
(1899- ?)

1899 жылы Семей губерниясының Жамбейіт уезінде туған. Қазақ. 1920 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1925 жылы Саратов мемлекеттік университетін бітірген. 
1920 ж. - Жамбейіт уезінің халық ағарту бөлімінің меңгерушісі. 
1920-21 жж. (сәуір) - Қызыл Армияның саяси қызметкері. 
1921ж. (сәуір - кыркүйек) - Орал губкомының бөлім меңгерушісі, 'Қызыл ту" газетінің редакторы. 
1921ж. (кыркүйек) - Жамбейіт уездік аткомы мен уездік комитет төралқасының мүшесі. 
1922ж. (тамыз) - Саратов мемлекеттік университетінде оқыды. 
1925 ж. (қазан) - 1926 ж. - РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі алқа төрағасының орынбасары. 
1927 ж. (наурыз) - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы. 
1929 ж. (сәуір) - БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті Қызыл профессура институтына оқуға жіберді.
1929 ж. (қазан): БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті халық комиссариатының шаруа-жұмысшы инспекциясъша жіберді. 
Архив кұжаттарында С.Б.Бекбатыров туралы басқа мәліметтер болған жоқ.

Сырғабеков Нығметолла Сырғабекұлы 
(1890-1938)

1890 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Бейнетқор ауданының №7 ауылында туған. Қазақ. 1921 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 
1921 ж. - Петропавл уездік ревкомының нұсқаушысы. 
1921-23 жж. - Ақмола губревкомының және губаткомының нұсқаушысы, Ақмола губтрибуналы алқасының мүшесі, Ақмола губсоты төрағасының орынбасары. 
1923 ж. (тамыз) - БК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомының нұсқаушысы. 
1924 ж. (мамыр) - РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төралқа мүшесі. 
Қылмыстық сот алқасының төрағасы. 
1926 ж. (сәуір) - Алматы губсотының төрағасы. 
1928 ж. (сәуір) - ҚАССР алқа мүшесі және прокурорының көмекшісі. 
1929 ж. (мамыр-қараша) - ҚАССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. . 
1929 ж. (қараша) - Жер Халық Комиссариаты басқармасының бастығы, ҚАССР Жерхалкомьның орынбасары. 
1931 ж. (қаңтар) - ҚАССР Халық Комиссариаты Кеңесінің жанындағы отырықшыландыру жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 
1932 ж. (қаңтар-наурыз) - ҚАССР Жабдықтау халық комиссары. 
1932 ж. (наурыз) - Шығыс Қазақстан облаткомының төрағасы. 
1933 ж. (кыркүйек) - ҚАССР Жер халық комиссары, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің, Қазақстан К(б)П ОК мүшесі. БОАК және Қаз ОАК мүшесі. 
1937 жылы репрессияға ұшыраған. 1938 жылғы ақпанда атылған. 1958 жылғы ақпан айында ақталды.

Арықова Нағима Ыдырысқызы 
(1902-1956)

1902 жылы Верный қаласында туған. 1925 жылдан БК(б)П мүшесі. 1919-22 жж. Верныйда, Семейде мұғалім. Семей губерниясының кеңестік партия мектебін бітірген. 
1923 ж. - РК(б)П Семей губкомында нұсқаушы; кейіннен Қарқаралы уезкомында әйелдер бөлімінің меңгерушісі. 
1924 ж. - Әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі өлкелік курстың меңгерушісі. 
1925-29 жж. РК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бюро мүшелігіне кандидат, әйелдер бөлімінің меңгерушісі. 
1929-30 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрайымы. 
1930-32 жж. - Москвадағы марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы. 
1932-37 жж. - Батыс Қазақстан обкомының бюро мүшесі, насихат және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, "Сталин жолы" журналының редакторы. 
1937-38 жж. - Қазақ ССР-і Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссары. 
Кейінгі жылдарда Нағима Арықова Қазақстан мемлекеттік баспаларыңда қызмет атқарды. 
БК(б)П 15-16 конференцияларының делегаты, журналист. Әйелдер жөніндегі "Әйелдер өкілдері не істеуі керек" деген кітапшаның авторы.

Жүнісов Ғұмар Сейдалыұлы 
(1900-1938)

1900 жылы Семей қаласында туған. Қазақ. 1928 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 
1919 ж. - "Общество взаимного доверия" банкісінде кеңсеші. 
1920-23 жж. - Семей губерниялық тұтынушылар одағының нұсқаушысы. 
1923-28 жж. - Халық сотының хатшысы, халық судьясы, губерниялық соттың мүшесі (Семей қаласы). 
1928 ж. (ақпан) - Қарқаралы округтік прокуратурасында прокурордың көмекшісі. 
1931 ж. (шілде) 1932 ж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы. 
1932 ж. - ҚАССР Халық комиссарлары Советі жанындағы Отырықшыландыру жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 
1932-33 жж. - БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті жанындағы Отырықшыландыру жөніндегі комитеті нұсқаушылық тобының жетекшісі. 
1933-34 жж. - Көкшетау аудандық аткомының төрағасы. 
1934 ж. (карашадан бастап) Ақмола аудандық аткомының төрағасы. 
Архив құжаттарынан Ғ.С.Жүнісов туралы басқа мәліметтер табылмады.

Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы
(1897-1938)

1897 жылы Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Қазақ. 1918 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы РСФСР Әділет халық комиссариаты жанындағы жоғары заңгерлік курсты бітірген. 
1918-19 жж. - Арал теңізі поссоветінің өндіріс секциясыңда есепші. 
1919-20 жж. - Қазалы уезкомының хатшысы. 
1920 ж. (караша) - Сырдария облревкомының төрағасы, БК(б)П обкомы аткомының мүшесі, (Ташкент қаласы). 
1922-23 жж. - Обкомның бөлім меңгерушісі (Ташкент қаласы), Обкомның бөлім меңгерушісі (Орынбор қаласы). 
1925 ж. - Оңтүстік Қазақстан губкомының бөлім меңгерушісі. 
1926-27 жж. - Орал губпрокуратурасының прокуроры. 
1927-30 жж. -: Петропавл округтік прокуратурасының прокуроры, Петропавл округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары. 
1930 ж. - Өлкелік комитеттің шекара комиссиясының төрағасы (Зайсан қаласы). 
1931 ж. - "Казхлебживсоюз" басқармасы төрағасының орынбасары, "Каззаготскот" кеңсесінің басқарушысы. 
1932 ж. (маусым-шілде) – 1934 ж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің Төрағасы. 
1934-35 жж. - "Казкрайсоюз" басқармасы төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар одағының төрағасы. 
1935 ж. (тамыз) -1937 ж. - Оңтүстік Қазақстан обкомының бөлім меңгерушісі. 
РК(б)П Қырғыз (Қазақ) обкомы бюросының, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің, Түркістан КП ОК және ТүрОАК мүшесі. 
1937 жылы репрессияға үшыраған. 1957 жылы ақталды.

Бектұрғанов Шаймерден Бейсенбайұлы 
(1896-1938)

1896 жылы Ақмола губерниясы Петропавл уезі Мамлют ауылында туған. Қазақ. 1920 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1926 жылы БК(б)П ОК жанындағы уездік партия қызметкерлері курсын бітірген. 
1919-21 жж. - Мамлют ауылсоветінің төрағасы. 
1921-23 жж. - Мамлют ауылы партия ұясының хатшысы. 
1924-25 жж. - Петропавл волкомының хатшысы, Петропавл уезкомының бөлім меңгерушісі. 
1926-27 хж. - Петропавл, Акмола уезкомдарының хатшысы. 
1928-31 жж.- Шымкент губкомының бөлім меңгерушісі, Адай, Карқаралы округтерінде хатшы. 
1931-33 жж.- Қызыл профессура институтында оқыды (Москва қаласы). 
1933-34 жж.- Жоғары ауылшаруашылық коммунистік мектебінің ректоры (Алматы каласы). 
1934 ж. (мамыр) - 1937 ж. ҚазССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің мүшесі, ҚАССР ОАК мүшесі. 
1937 жылы репрессияға үшырап, 1938 жылдың қараша айында атылды. 1964 жылдың желтоқсанында ақталған.

Құскелдиев Әбдірахман Есалыұлы 
(1901-1951)

1901 жылы Батыс Қазақстан облысы Гурьев аудандық Редут ауылында туған. Қазақ. 1930 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1934 жылы РСФСР Юстиция халық комиссариаты жанындағы жоғары заңгерлік курсты бітірген. 
1920-22жж. - Самара, Симбирск волаткомдарында іс жүргізуші. 
1922-24 жж. - Ново-Богатинск "Эмбанефть" кәсіпшілігінде кеңсеші. 
1924-26 жж. - Редут волаткомының хатшысы, төрағасы. 
1926 ж. (мамыр-тамыз) - Редут "Қосшы" одағының төрағасы. 
1926 ж. (тамыз) - 1927 ж. - Гурьев "Қосшы" одағының төрағасы. 
1927-28 жж. - Батыс Қазақстан облысы Гурьев аудандық "Қызыл отауда" халық судьясы. 
1928-30 жж. - Гурьев округтік нотариалдық кенсесінің нотариусы. 
1930-32 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің мүшесі. 
1932-34 жж. - Жоғары заңгерлік курстың тыңдаушысы. 
1934-36 жж. - РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің мүшесі. 
1936-37 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының мүшесі. 
1937 ж . (қыркүйек-желтоқсан) – Алматы облыстық сотының төрағасы.. 
1937 ж. (желтоқсан) - 1938 ж. (тамыз) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
Архив құжаттарынан Ә.Құскелдиев туралы басқа мәліметтер табылмады.

Громов Петр Иванович 
(1895- ?)

1895 жылы Калуга қаласында жұмысшы отбасында туған. Орыс. 1917 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 
1908 ж. (шілде) - Баспада әріп терушінің окушысы, әріп теруші (Калуга каласы). 
1917 ж. (караша) - 1918 ж. (қаңтар) - Калуга республикасы Халық комиссариатының жанындағы Төтенше тергеу комиссиясының төрағасы.
1918 ж. (қаңтар) - 1919 ж. (маусым) - Калуга губревтрибуналы тергеу комиссиясының төрағасы. 
1919 ж. (маусым) - 1922 ж. (қараша) - Калуга губревтрибуналының төрағасы. 
1922 ж. (қараша) - 1925 ж. (наурыз) - Калуга губсотының төрағасы. 
1925 ж. (наурыз-тамыз) - Калуга губерниясы жұмысшы - шаруа инспекциясы бақылау комиссиясының төрағасы. 
1925 ж. (тамыз) - Пенза губсотының төрағасы. 
1928 ж. (тамыз) - 1930 ж. (маусым) - Пенза округі жұмысшы - шаруа инспекциясы бақылау комиссиясының төрағасы. 
1930 ж. (маусым) - 1932 ж. (маусым) - Орта-Волга өлкелік соты төрағасының бірінші орынбасары (Самара каласы). 
1932 ж. (маусым) - 1935 ж. (қазан) -: Северный өлкелік сотының төрағасы (Архангельск-Северный қаласы). 
1935 ж. (қараша) - 1937 ж. (қаңтар) - РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімінде, 1936 жылдан бастап Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының бірінші орынбасары. 
1937 ж. (қаңтар) - 1938 ж. (тамыз) - Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары, арнайы алқа төрағасы. 
1938 ж. (тамыз) - 1939 ж. (сәуір) - Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы.
1939 ж. (сәуір) - 1940 ж. (қыркүйек) - Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары. 
1940 ж. (қыркүйек) - КСРО Әділет халық комиссариатының қарамағына жіберілді. 
Архив құжаттарынан П.И.Громов туралы басқа мәліметтер табылмады.

Қожабергенов Темірғали
(1905 - ?)

1905 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының №24 ауылында туған. Қазақ. 1938 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1929 жылы Орта Азия заң техникумын бітірген. 
1929-30 жж. - Ақтөбе облысы Ақтөбе ауданының халық судъясы. 
1930-33 жж. - Ақтөбе облысы Темір ауданының халық судъясы. 
1933-36 жж. - Ақтөбе облыстық сотының мүшесі. 
1936-37 жж. Бір жылдық академиялық курстың тыңдаушысы (Москва каласы). 
1937-38 жж. Орал облыстық соты төрағасының орынбасары. 
1938-39 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары. 
1939 ж. (сәуір) - 1941 ж. (мамыр) - К,азақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1941-45 жж. - Семей облыстық сотының төрағасы. 
1945 ж. (наурыздан бастап) -: Алматы адвокаттар алқасының төрағасы. 
Архив құжаттарынан Т.Қожабергенов туралы баска мәліметтер табылмады.

Нұрбаев Мырзақадыр 
(1909- ?)

1909 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Қазақ. 1929 жылы бастауыш мектепті бітірген. 1932 жылдан БК(б)П мүшелігіне кандидат. 
1947 жылғы 16 ақпанда Бөрлітөбе сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланған. 
1930-31 жж.- социалистік құрылыс шаруашылықтарында жұмыс істеген. 
1931-33 жж. - Совет Армиясы қатарында кызмет еткен. 
1939-41 жж. – Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) органдарында қызмет істеген. 
1939 жылы КСРО Юстиция Халық комиссариатының жанындағы Бүкілодақтық құқық академиясын бітірген. 
1941-42 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1943-52 жж. - Қазақ ССР Юстиция министрі. 
1952 жылы Өзбекстандағы Мырзашөл өңіріне жер аударылған..

Әділбаев Тәңірберген
(1914-?)

1914 жылы Алматы облысы Бөрлітөбе ауданының Көкжиде ауылында туған. Қазақ. 1940 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1937 жылы Қазан заң институтын, 1940 жылы КСРО Ішкі істер халық комиссариатының Жоғары мектебін бітірген. 1937 ж. (мамыр) - 1939 ж. -: халық сотының судьясы (Павлодар каласы). 
1939 ж. (мамыр) - (қыркүйек) – Юстиция министрлігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 
1939 ж. (кыркүйек) - 1940 ж. - КСРО Ішкі істер халық комиссариаты Жоғары мектебінің тыңдаушысы. 
1940-41 жж. - Ішкі істер халық комиссариаты Жамбыл облысы Сарысу аудандық бөлімінің бастығы. 
1941-43 жж. - Жамбыл облыстық сотының төрағасы. 
1943 ж. (сәуір) – 1945 ж. (қазан) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1946 жылдың наурызынан бастап Алматы адвокаттар алқасының төрағасы. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған (1945 ж.). 
Архив құжаттарынан Т.Әділбаев туралы басқа мәліметтер табылған жоқ.

Адамбаев Омадияр Байжанұлы
(1912-?)

1912 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданының Жуантөбе ауылында туған. Қазақ. 1941 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1935 жылы Қазан заң институтын, 1945 жылы БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 
1932 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы халық сотының хатшысы. 
1932-35 жж. - Қазан заң институтының студенті. 
1935-37 жж. - 1-ші учаскенің аға халық судьясы. (Шымкент каласы). 
1937-38 жж. - Мемлекеттік арбитраж консультанты (Алматы каласы). 
1938-39 жж. - Казторгплодоовощтресінде құқық бөлімінің меңгерушісі. 
1940-42 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумында арыздарды қарау жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы. 
1942-43 жж. - Қостанай облыстық сотының төрағасы. 
1943-45 жж. - БК(б)П ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің тыңцаушысы. 
1946 ж. - ҚазақССР Жоғарғы СотыныңТөрағасы. 
1946-48 жж. – Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облысы Ильич аудандық комитетінің екінші хатшысы. 
1948-50 жж. - Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 
1950 жылы - Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы. 
Архив құжаттарында О.Б.Адамбаев туралы басқа мәліметтер болған жоқ.

Биекенов Әбидулла
(1911-?)

1911 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты №19 ауылда дүниеге келген. Қазақ. 1925 жылы Шалқар темір жол мектебіне түсіп, 1929 жылы бітірген. Ақтөбе округіндегі совет-партия мектебінде оқыған. 1939 жылы КСРО Юстиция халық комиссариатына қарасты Москвадағы Жоғары құқық академиясында оқыған. Үлы Отан соғысына қатысып, екі мәрте "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған. 
1931-32 жж. - Шалкар аудандық кәсіподақ Советінің хатшысы. 
1932-33 жж. - Шалқар аудандық "Социализм туы" газеті редакторының орынбасары. 
1933-34 жж. - Қарабұтақ аудандық партия комитетінің хатшысы. 
1934-36 жж. - Қарабұтақ аудандық тұтынушылар кәсіподағы басқармасы бастығының орынбасары. 
1936-39 жж. - Шалқар, Жұрын аудандық халық сотының судьясы. Ақтөбе облыстық сотының судьясы, төрағаның орынбасары. 
1939-42 жж. - Қарағанды облыстық сотының төрағасы. 
1942-45 жж. - Ұлы Отан соғысы кезінде Бірінші Беларусь майданы саяси басқармасының нұсқаушысы. 
1946 жылдың 24 мамырынан бастап Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы.

Досанов Әбдірахман
(1904 - ?)

1904 жылы Әулие-Ата (Тараз) қаласында туған. Алғаш темір жол техникумын, 1921 жылы Таш-кенттегі ОГПУ қызметкерлерін даярлайтын курсты бітірген. Үлы Отан соғысына қатысып, I-II дөрежелі "Үлы Отан соғысы" ордендерімен, медальдармен, бейбіт кезде "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. 
1921-29 жж. - Қарағанды облысы ОГПУ органдарында қызмет атқарған. 
1937-39 жж. - Ақтөбе облыстық сотының судьясы, Родников аудандық атқару комитетінің хатшысы. 
1939 ж. - Шығыс Қазақстан облысы Қотан-қарағай ауданы атқару комитетінің бірінші хатшысы. 
1939-40 жж. - Қазақ ССР-і Юстиция министрінің орынбасары. 
1940-42 жж. - Алматы облыстық партия комитетінін бірінші хатшысы. 
1942-43 жж. - Қызыл Армияның Москвадағы Жоғары саяси мектебінде оқыды. 
1944-45 жж. - Беларусь майданындағы 34-ші жеке саперлік инженерлер бригадасының саяси жетекшісі. 
1946 ж. (тамыз) -1958 ж. (тамыз) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрагасы.

Нұрышев Әмір 
(1909-?)

1909 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданының №3 ауылында туған. Қазақ. 1944 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 
1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. 
1934-35 жж. - Оңтүстік Қазакстан облаткомы бөлім меңгерушісінің орынбасары. 
1935-37 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауаткомының жауапты хатшысы. 
1937-38 жж. - Оңтүстік Қазақстан облаткомының бөлім меңгерушісі. 
1938-41 жж. - Оңтүстік Қазақстан облыстық жер бөлімінде құқықтық топтың басшысы. 
1941-42 жж. - Әскери прокуратурада әскери тергеушінің сынақтан өтушісі (Қиъір Шығыс майданы). 
1942-44 жж. - Әскери прокуратураның тергеушісі (Үшінші Украин майданы). 
1944-45 жж. - Әскери прокурор (Үшінші Украин майданы). 
1945-47 жж. - Әскери прокурордың көмекшісі (Үшінші Украин майданы). 
1947-48 жж. - Әскери прокурордың орынбасары (Одесса әскери округі). 
1948-50 жж. - Алматы қалалық прокурорының орынбасары. 
1950-52 жж. - Қазақстан КП Сталин аудандық комитетінің екінші хатшысы (Алматы қаласы). 
1952-53 жж. - Кдзақстан КП Алматы обкомының бөлім меңгерушісі. 
1953-54 жж. - Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 
1954-58 жж. - Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 
1958-59 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
"Қызыл Жұлдыз", "Құрмет белгісі" ордендерімен және алты медалъмен марапатталған. 
Архив құжаттарынан Ә.Нұрышев туралы басқа мәліметтер табылмады.

Сүлейменов Күнтуар Әлімбайұлы 
(1905-1993)

1905 жылы Ақмола облысының Ключи ауылында туған. Казақ. 1941 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1941 жылы Бүкілодақтық. заң институтын бітірген. 
1923-26 жж. - Аудандық халық сотының хатшысы (Ақмола каласы). 
1926 ж. - Заң курсында тыңдаушы (Қызылорда каласы). 
1926-28 жж. - Ақмола губерниялық сотының мүшесі. 
1928-29 жж. - Ақмола округтік прокурорының көмекшісі. 
1930 ж. - Қарқаралы округтік соты төрағасының орынбасары. 
1930-31 жж. - Қарағанды облысы Қоңырат аудандық. прокуроры. 
1931-32 жж. - Қоңырат аудандық колхоздар одағы басқарма төрағасының орынбасары. Семей облколхозодағы басқарма төрағасының орынбасары. 
1932-35 жж.- Семей облыстық соты төрағасының орынбасары. 
1935-38 жж. - Алматы облыстық сотының мүшесі, орынбасары. 
1938-41 жж. - Қазақ ССР Юстиция халық комиссариатының Алматы облыстық басқармасында консультант. 
1941-42 жж. - Қазақ ССР Юстиция халкомының консультанты. 
1942-45 жж. - Орта Азия әскери округі "Смерш" қарсы барлау бөлімінің оперөкілі (Алматы қаласы). 
1945-46 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының мүшесі. 
1946-53 жж. - Алматы облыстык, сотының төрағасы. 
1953-56 жж. - Қазақ ССР Юстиция министрінің орынбасары. 
1956-58 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары. 
1958-62 жж. - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1962 жылдан бастап зейнет демалысында. "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған.

Жүсіпов Бекайдар
(1920 жылы туылған)

1920 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының №3 ауылында туған. Қазақ. 1943 жылдан бастап БК(б)П мүшесі. 1946 жылы Бүкілодақтық сырттай оқытатын заң институтын бітірген. 
1940 ж. (казан) - 1941 ж. (ақпан) -: Ұлы Отан соғысында 2-атқыштар полкының кызыл әскері (Таллин каласы). 
1940 ж. (желтоқсан) - Қазақстан БК(б)П Қызылорда қалалық комитетінің іс жүргізушісі. 
1941 ж. (ақпан) - 1941 ж. (қьіркүйек) - Әскери-саяси училищенің курсанты. 
1941 ж. (қараша) - 1942 ж. (сәуір) - Рота саяси жетекшісі (Солтүстік-Батыс, Калининград майдандары). 
1942 ж. (мамыр) - 1942 ж. (желтоқсан) - Алматы облыстық прокурорының көмекшісі. 
1942 ж. (желтоқсан) -1944 ж. (мамыр) - Алматы облыстық прокурорының көмекшісі. 
1944 ж. (мамыр) - 1947 ж. (маусым) - Талдықорған облыстық прокурорының орынбасары. 
1947 ж. (маусым) - 1950 ж. (қаңтар):- Қазақ ССР Прокуратурасының тергеушісі. 
1950 ж. (қаңтар) - 1952 ж. (маусым) - Ақмола облыстық прокуроры. 
1952 ж. (маусым) -1962 ж. (маусым) -: Қазақ ССР Бас прокурорының бірінші орынбасары. 
1962 ж. (маусым) - 1970 ж. (қыркүйек) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
Қазақстан КП ОК мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. 
1984 жылдан бастап зейнет демалысында.

Мыңбаев Қайыр Ерденбайүлы 
(1930 жылы туылған)

1930 жылы Ақмола облысы Алексеев ауданының Қосқарағай ауылында туған. Қазақ. 1954 жылдан бастап СОКП мүшесі. 1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. 
1951 ж. (казан) - 1952 ж. (сәуір) - Ақмола облыстық прокуратурасында сынақтан өтуші. 
1952 ж. (сәуір) - 1959ж. (каңтар) - Целиноград облыстық прокуратурасы қылмыстық бөлімінің бастығы. 
1959 ж. (қаңтар) - 1961 ж. (қараша) - Семей облыстық прокурорының орынбасары. 
1961 ж. (қараша) -1962 ж. (ақпан) – Қазақ ССР прокуратурасында бөлім бастығы. 
1962ж. (ақпан) - 1970 ж. (қараша) - Талдықорған облыстық прокуроры. 
1970 ж. (қараша) - 1981 ж. (мамыр) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1981 жылғы мамырдан бастап Қазақ ССР Юстиция министрінің орынбасары. Қазақстан КП ОК мүшесі. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты. Екі медальмен марапатталған. 
Архив құжаттарынан Қ.Е.Мыңбаев туралы басқа мәліметтер кездеспеді.

Елемісов Ғалым Бәжімұлы 
(1929-1995)

1929 жылы Ақмола қаласында туған. Қазақ. 1954 жылдан бастап СОКП мүшесі. 1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. 
1951 ж. (тамыз) - 1952 ж. (тамыз) - Көкшетау облысы бойынша УМГБ-ның оперөкілі. 
1952 ж. (казан) - 1953 ж. (қараша) - Көкшетау облыстық прокуратурасында тергеу бөлімінің прокуроры. 
1953 ж. (қараша) - 1959 ж. (маусым) - Көкшетау облыстық прокуратурасында бөлім бастығы. 
1959 ж. (маусым) - 1962 ж. (қазан) - Көкшетау облыстық прокурорының орынбасары. 
1962 ж. (қазан) - 1968 ж. (наурыз) - Семей облыстық прокурорының орынбасары. 
1968 ж. (наурыз) - 1972 ж. (қыркүйек) - Қазақ ССР прокуратурасының бөлім бастығы. 
1972 ж. (қыркүйек) - 1975 ж. (қараша) - Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 
1975 ж. (қараша) - 1980 ж. (маусым) - КСРО Жоғарғы Сотының мүшесі. 
1980 ж. (маусым) - 1981 ж. (маусым): Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісінің орынбасары. 
1981 ж. (маусым) -1984 ж. (қаңтар) - Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1984 ж. (қаңтар) - 1990 ж. (желтоқсан) - Қазақ ССР прокуроры. 
Үш медальмен марапатталған. 1990 жылдан бастап зейнет демалысында.

Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы 
(1939 жылы туылған)

1939 жылы Ресейдің Астрахань облысы Краснояр ауданында туған. Қазак,. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 
1966-72 жж. - Павлодар облыстық сотының мүшесі. 
1972-73 жж - Павлодар қаласы прокурорының орынбасары. 
1973-74 жж. - Павлодар қаласы Индустриальный ауданының прокуроры. 
1974-78 жж - Павлодар облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 
1978-83 жж. - Қазақ ССР-і прокуратурасы сот органдарында қылмыстық істерді қарауды қадағалау бөлімінің бастығы. 
1983-84 жж. - Қазақстан КП ОК әкімшілік органдары бөлімі сот және юстиция секторының меңгерушісі. 
1984 ж. (наурыз) - 1993 ж. (желтоқсан) – Қазақ ССР-інің, кейіннен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1994 ж. (қаңтар) – 1999 ж. (желтоқсан) - Қазақстан Республикасының Пәкстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 
2000 (қаңтар) – 2001 (ақпан) – Қазақстанның Польша Республикасындағы уақытша өкілі. 
2002 (қаңтар) – 2004 (қаңтар) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі институттың ректоры. 
2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының директоры.

Малахов Михаил Федорович 
(1946 жылы туылған)

1946 жылы Ресейдің Куйбышев қаласында туған. Орыс.1972 жылы Свердловск заң институтын бітірген. 
1972-89 жж. - Көкшетау облыстық сотының мүшесі, төрағаның орынбасары. Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы. Қазақ ССР Юстиция министрінің бірінші орынбасары. 
1989-1993 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының бірінші орынбасары. 
1993 ж. (желтоқсан) - 1996 ж. (маусым) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
1996 жылдан бастап осы уақытқа дейін нотариус болып жұмыс істейді.

 

Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы
(1940 - 2015)

1974 ж. - Қазақ мемлекеттік университетінің заң факулътетін бітірді. 
1973 ж. - Талдықорған қалалық прокуратурасында сынақтан өтуші, аға тергеуші. 
1974-81 жж. -Талдықорған облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. 
1981-87 жж. - Талдыкорған облысы Қаратал аудандық халық сотының судъясы. 
1987-88 жж. - Қазақ ССР-і Юстиция министрлігі сот органдары басқармасының аға консультанты. 
1988 -1990 жж. - Қазақ ССР-і Прокуратурасының бөлім прокуроры. 
1990 - 92 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңдар және құқықтық ақпарат басқармасының бастығы. 
1992-93 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті құқық қорғау органдары бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі. 
1993 ж. - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары. 
1993-95 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының бірінші орынбасары. 
1995-96 жж. - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. 
1996 ж. (маусым) – 2000 ж. (шілде) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы. 
2000 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік заң академиясының ректоры, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» ААҚ президенті (ректоры).
2003 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы. 
«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған, «Құрметті судья» атағының иегері.
2000 – 2015 ж. Қазақ мемлекеттік заң академиясының ректоры, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» ААҚ президенті (ректоры).
2003 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы.
«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған, «Құрметті судья» атағының иегері.
2000 – 2015 г. Президент АО «Университет КАЗГЮУ»

 

Мәми Қайрат Әбдіразақұлы
(1954 жылы туылған)

1981 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1981-90 жж. - Гурьев облыстық сотының судьясы, төрағасының орынбасары, төрағасы. 
1990-93 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 
1993-95 жж. - Алматы қалалық сотының төрағасы. 
1995-96 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 
1996 ж.(сәуір-маусым) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы. 
1996-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 
1999-1999 жж. (ақпан-тамыз) - Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі. 
1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі. 
2000-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы
(1954 жылы туылған)

1981 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
10.1981-06.1982 ж.ж. – Жамбыл облыстық сотының стажері.
06.1982-06.1987 ж.ж. – Жамбыл қаласы Центральный аудандық халық сотының судьясы.
06.1987-03.1992 ж.ж. – Жамбыл облыстық сотының мүшесі, төрағаның орынбасары.
03.1992-12.1996 ж.ж. – Жамбыл облысы Әділет басқармасының бастығы.
12.1996-06.1999 ж.ж. – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
06.1999-02.2001 ж.ж. – Жамбыл облыстық сотының төрағасы.
02.2001-05.2006 ж.ж. – Алматы қалалық сотының төрағасы.
05.2006-04.2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы.
04.2009-04.2011 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

 

Бектас Әбдіханұлы Бекназаров
(1956 жылы туған)
1983 ж. -  С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
1978-81 жж.- Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халықтық сотында сот орындаушысы.
1981-84 жж. - Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант.
1984-90 жж. - Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы.
1990-94 жж. - Жамбыл облыстық сотының мүшесі.
1994-95 жж. -  Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары.
1995-97 жж.- Жамбыл облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы.
1997-02 жж. - Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы.
2000-02 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  судьясы.
2002-06 жж. - Атырау облыстық сотының төрағасы.
2006-09 жж. - Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының  төрағасы.
2009-11 жж. - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
04.2011 жж. - 10.2013 жж.- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

 

Мәми Қайрат Әбдіразақұлы
(1954 жылы туылған)

1981 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1981-90 жж. - Гурьев облыстық сотының судьясы, төрағасының орынбасары, төрағасы. 
1990-93 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 
1993-95 жж. - Алматы қалалық сотының төрағасы. 
1995-96 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 
1996 ж.(сәуір-маусым) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарушы. 
1996-1999 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 
1999-1999 жж. (ақпан-тамыз) - Қазақстан Республикасының Әділет вице-Министрі. 
1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі. 
2000-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
2009-2011 жж. - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
2011-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
17.10.2013 жж - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
10.2013 жж. - 12.2017 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

Жақып Қажыманұлы Асанов
(1963 жылы туылған)

1985 ж. - С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
1985 - 86 жж. - Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына тағылымдамашы болып қабылданады.
1986 - 93 жж. - Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураның бөлім бастығы.
1993 - 94 жж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Жалпы қадағалау басқармасының банктер, қаржы-несие саласындағы және тексеру органдарындағы заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы.
1994 - 96 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінде консультант, сектор меңгерушісі.
1996 - 97 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997 - 2001 ж. - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурордың аға көмекшісі Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, кейін осы басқарманың бастығы, одан кейін Бас прокуратураның Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2001 - 2002 ж. - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
2002 - 2003 ж. - Павлодар облысының прокуроры.
2003 - 2005 ж. - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.
2005 - 2006 ж. - Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы, «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның президенті және директорлар кеңесінің мүшесі.
2007 - 2012 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 - 2016 ж. - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2016 - 2017 ж. - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.
11.12.2017 ж. - 08.12.2022 ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.

 

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы

(1972 жылы туылған )

Ыстамбул мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1998-1999 жж. – ЖШС-нің заңгері.

1999-2001 жж. – Павлодар облысы Әділет басқармасының бас маманы.

2001-2003 жж. – Павлодар облыстық сотының бас маманы.

2003-2007 жж. – Павлодар қалалық сотының судьясы.

2007-2008 жж. – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

2008-2012 жж. – Екібастұз қалалық сотының төрағасы.

2012-2014 жж. – Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.

2014-2015 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2016-2021 жж. – Қостанай облыстық сотының төрағасы.

2021-2022 жж. – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.

2022 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.