Атбасар аудандық соты қылмыстық істі бейнебайланыс арқылы қарады
Атбасар аудандық соты бейнебайланыс арқылы азамат С.-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.
С.-ға адамдар тобымен алдын ала сөз байласа отырып, қоймаға кiру арқылы мүлікті жасырын түрде ұрлады деп айып тағылды. Аталған істі қарау барысында С. Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының үкімімен Қостанай қаласындағы мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Сот С.-ны бейнебайланыс жүйесі арқылы сот отырысына қатыстыру үшін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жеткізу туралы қаулы шығарды.