Қарағандыда сот балаларды асырау үшін олардың әкесінен алимент өндірді
02/03/2017
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты кәмелет жасына толмаған балалары бар анаға алимент мәселесін шешіп берді.
Талапкер өз арызында балалардың әкесі ерікті түрде материалдық көмек жасамайтынын және күтіп бағуға қаражат бермейтінін көрсеткен.
Сот істі қарап, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-бабына сәйкес, борышкер табысы мен басқа да кірістерінің 3/1 бөлігі анасының пайдасына берілуі жөнінде шешім шығарды.
Қазақстан Республикасы АПК-тің 243-бабына сәйкес, сот бұйрығы дереу жүзеге асуы тиіс.
Источник:
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі