Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев тағайындалған судьяларды таныстырды
Қазақстан Республикасының Президентінің 20.02.2016 жылғы №426 Жарлығына сәйкес, Орал қаласының №2 сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы лауазымына Мұрат Иманбаев тағайындалды.
Қызылорда қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақмола гарнизоны Әскери сотының төрағасы лауазымына Алмат Бабатов тағайындалды.
Осы Президент Жарлығымен, 30 жыл бойы судьялық лауазымды адал әрі абыроймен атқарған Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Қыпшақ Байжановты, құрметті доғарысқа шығарып салды.
Сот төрағасы С.Абдуллаев өз сөзінде, көпжылдық адал еңбегі мен сот жүйесіне және сот төрелігін дамытуда сіңірген ерен еңбегі үшін әріптесіне алғысын білдірді.Жаңадан тағайындалған судьяларға судья лауазымындағы қызметтеріне сәттілік, борышына адал болып, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау жолында сот төрелігін әділ іске асыруды тіледі.