Жоғарғы Сот жалпықалалық сенбілікке қатысты
24/09/2016
Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары мен аппарат қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам.
Жыл сайын өткізілетін экологиялық айлық аясындағы сенбілік Астананың аумағын абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Жоғарғы Сот қызметкерлері Керей Жәнібек хандар көшесі аумағында, сондай-ақ Жоғарғы Сот ғимараты аумағындағы 120 астам түп ағаш отырғызды.
Источник:
ҚР Жоғары Соттың баспасөз қызметі