Жаңалықтар

ТМД –да дауларды баламалы түрде шешу тәсілі туралы

05/07/2013

21 маусымда Минск қаласында халықаралық деңгейде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында дауларды баламалы түрде шешу тәсілі: ұлттық әдістен халықаралық әдіске» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Ашықтық аясында

05/07/2013

Бүгінде жаһандану үрдісіне бағытталған қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ақпараттарды жұртшылыққа жеткізуде БАҚ-тың орны бөлек. Соның ішінде қоғамдық пікірдің тұтқасын ұстаған баспасөз өкілдері сот саласының қызметіне қатысты ақпараттарды жариялауда «қамшы салдырған» емес. Осы мақсатта Жоғарғы Сотта сот өкілдерінің БАҚ-пен жұмыс жасауда тиімді әдістерді қолдана білуін үйретуге арналған екі күндік семинар-трениг өтті. 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде

04/07/2013

Астанада Жоғарғы Соттың Төрағасы Бектас Бекназаров Уонг Чью Лю басқарған Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, төрағасының орынбасарын, Вьетнам ұлттық жиналысының делегациясын қабылдады. 

Кездесу барысында тараптар екі елдің сот істерін жүргізу және сот құрылымына қатысты   мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Соның ішінде Б.Бекназаров Қазақстандағы сот жүйесінің халықаралық стандартқа және қоғам талаптарына сәйкес келу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратынын атап өтті. 

Төраға қабылдауында

03/07/2013

Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Ата заңымызда кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатқа үйлескен дәстүрлі шара Жоғарғы Сотта өз жалғасын тапты. Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың жеке қабылдауында  республикамыздың әр өңірінен келген 12 азамат болды.  

Кездесуде азаматтар республика соттарының сот актілерімен келіспейтіндігін алға тартты. 

Баймағанбетовке қатысты қылмыстық іс кейінге қалдырылды

02/07/2013

2013 жылғы 09 шілдесінде сағат 11.00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында ҚР ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігімен сотталған С.Н.Баймаганбетовке қатысты қылмыстық іс қаралады.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылғы 08 қаңтардағы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Серік Нұртайұлы Баймағанбетов ҚР ҚК-нің 307 бабының 2 бөлігі бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылып,  ақталған болатын.

Журналистер марапатталды

28/06/2013

 Жоғарғы Сотта баспасөз, радио және телевидение қызметкерлерінің күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов оларды құттықтап, ақ тілек лебізін білдірді.

Қазынаның ақшасын жымқырғаны үшін...

28/06/2013

28 маусымда Әулиекөл аудандық сотының судьясы Светлана Ахмедова  Қышмұрын ауылының бұрынғы әкімі Михаил Харченкоға қатысты сот үкімін жария етті. Бұрынғы шенеунік 7 жыл өмірін  темір тордың ар жағында өткізетін болды. 

Сот қызметі таразыланды

27/06/2013

27 маусымда Жоғарғы Сотта республикамыздың бас қазысы Бектас Бекназаровтың төрағалық етуімен 2013 жылдың І жартылдығында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша республика  соттарының атқарған жұмысының  қорытындысына  байланысты  кеңейтілген жиналыс өтті.

Баласын саудалағандар темір торда

27/06/2013

Адамның бір қызығы бала деген» - деп ұлы Абай айтқандай, сылдырлаған сәби күлкісі отбасының қуанышы,  ана бақыты емес пе. Өкінішке орай, ізгі қағиданы сақтамай, баласының тағдырын саудаға салып, нәпақа табатындар да жоқ емес...

2 жастағы ұлын сатпақ болған 28 жастағы Ирина Козлова темір тордың ар жағында 8 жыл өмірін өткізбек. Ал, оның анасы Алла немересін сатып, оңай олжаға кенелемін деп ойласа керек. Алайда, оның да қара ниет ойы жүзеге аспай, қызының артынан 7 жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге тоғытылған.

Тиімді сот жүйесін құруға бағытталған игі қадам

26/06/2013

Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы  Елес Әбдіқадыров Түркия Республикасы Судьялар мен прокурорлардың Жоғарғы Кеңесі 2-ші департаментінің басшысы Несибе Узермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар конституциялық заң шеңберінде адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету, келешекте екі елдің ынтымақтастықты нығайту сынды  мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Беттер