Жоғарғы Соттың серіктестеріне - 30 жыл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ф.Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі өткен аптаның соңында еліміздегі өзінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында достық кездесу ұйымдастырды.

Қордың еліміздегі директоры Александр Вольтерс: «Біз серіктестерімізсіз, достарымызсыз табысымыздың жарқын тарихын жаза алмас едік», деп атап өтті.

Осы жылдар ішінде Қор құқықты дамыту, кәсіподақтар, жастар көшбасшылығы, жергілікті өзін-өзі басқару және басқа да салаларда түрлі жобаларды іске асырды.

Жоғарғы Сот Қормен 2008 жылдан бастап өзара іс-қимылын жүзеге асырып келеді. Бірлескен ынтымақтастықтың нәтижесінде азаматтардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыруда маңызды жұмыстар атқарылды.

Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта Қорға білім беру блогының іс-шараларын дайындаудағы жемісті серіктестік іс-қимылдары үшін алғыс айтты.

Астана қаласындағы FES офисінің басшысы Зәуреш Шутоваға жоғары сот органының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің құттықтау хаты және «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі табыс етілді.