Жоғарғы сот судьялары Әзербайжанға барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың делегациясы Әзербайжанға келді. Делегация құрамында судьялар Нұржан Қайыпжан, Ирина Калашникова, Герман Нұрбаев, Аслан Түкиев, Ербол Өмірәлиев, Департамент өкілдері – Жанат Бекжанов пен Арман Жүкенов бар.

Бұл сапар Америка адвокаттар қауымдастығының (ABA ROLI) көмегімен ұйымдастырылды. Мақсат – әкімшілік әділет жүйесінің және соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етудің оң тәжірибесін зерделеу.

Делегация мүшелерімен Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Рамиз Рзаев кездесті. Меймандарға жоғары сот органының әкімшілік алқасының жұмысы таныстырылды.

Адвокаттар алқасының басшылығымен де кездесу өтті. Сонымен қатар, Қазақстан судьялары Баку апелляциялық соты мен Сумгаит соты кешеніне барады деп жоспарлануда.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі