Үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты онлайн-кредит алу қарыз алушыны міндеттемелерден босатпайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарыз алушы сотқа қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы ХҚҰ-ға талап қоюмен жүгінген.

6001-23-00-3ГП/415

Талаптар сотталғандар Е. және Н. талапкерден алаяқтық жолмен жеке куәлікті алып, оның атынан даулы қарыз шартын жасағандығына уәжделген.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырған. Даулы шарт жарамсыз деп танылған.

Бұл ретте АПК-ның 76-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот үкімінің преюдициалдық сипатын айқындай отырып, талапкердің даулы мәміле жасасуға ерік білдірмеуі және оны алдаудың ықпалымен жасауы туралы тұжырымдар уәжді.

Жоғарғы Сот соттардың бұл тұжырымдары материалдық құқық нормаларына негізделмеген деп есептеді.

Даулы шарт бойынша қарыз алушы тауарларды мобильді қосымша арқылы сатып алу үшін 189 816 теңге сомасына онлайн кредит ресімдегені анықталды.

Облыс сотының 2022 жылғы 25 ақпандағы үкімімен Е. және Н. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталған. Онда Е.тұрғын үй алу үшін есепке қою сылтауымен алдау арқылы қарыз алушының жеке куәлігіне қол жеткізгені анықталған. Е. және Н. талапкердің сенімін теріс пайдаланып, ХҚҰ-ға онлайн кредитті ресімдеп, содан кейін қарыз алушының ақшасына билік еткені сенімді түрде анықталған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде Е. және Н. тауарларды сатып алу туралы даулы шарт ресімделген.

Соттар дауды шеше отырып, АК-ның 159-бабы 9-тармағының ерік-жігер кемістігі туралы ережелеріне сүйенген.

Осы норманың диспозициясынан, егер оны жасау мәміленің екінші тарапының, яғни бұл жағдайда ХҚҰ-ның заңсыз қасақана әрекеттерінің нәтижесі болса, мәміле осы негіз бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

АПК-ның 72-бабының талаптарына қайшы, талапкер мұндай дәлелдемелерді ұсынбаған. Қарыз алушыға микрокредит беру кезінде ХҚҰ тарапынан заңсыз әрекеттер жасалмаған.

Микрокредит алуға Онлайн өтінімді қарыз алушы өзі берген, ресімдеу кезінде бөгде адамдар тарапынан алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін онлайн кредиттерді ресімдеу кезінде міндетті болып табылатын жеке басын биометриялық сәйкестендіру қолданылған.

Даулы кредит шартына талапкерге тиесілі ұялы байланыстың абоненттік нөміріне ХҚҰ жіберген SMS-кодтарды енгізу арқылы қол қойылған.

Бұл ретте микрокредит беруге қол қойылған өтініште қарыз алушы ақша қаражатын үшінші тұлғаның шотына, бұл жағдайда тауарлық кредит ресімделген серіктестің шотына аудару туралы келісім берген.

Талапкер шағымданған сот актілерінде шартты онлайн режимде ресімдеу рәсімінде қандай да бір бұзушылықтар келтірілмеген.

Осыған байланысты талапкердің олармен қарым-қатынасында МҚҰ-ға қатысы жоқ және ол үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бере алмайды.

Осылайша, ақша қаражатын ХҚҰ-дан тікелей талап қоюшының өзі алғандықтан, АК-ның 715-бабы 1-тармағының және 722-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес оларды қайтару үшін жауаптылық талап қоюшыға жүктеледі.

Сонымен қатар, талап қоюшы қылмыстық іс шеңберінде жәбірленуші тарап бола отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын іске асырған.

Мәселен, көрсетілген үкіммен қарыз алушының пайдасына алынған микрокредит мөлшерінде ақшалай қаражат өндірілген, сонымен бірге даулы сот актілерімен ол даулы шарт бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудан босатылған, бұл өз кезегінде талап қоюшыны негізсіз байытуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, ХҚҰ алдын ала тергеу барысында да, сот талқылауы кезінде де қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап ретінде тартылмағанын атап өткен жөн.

Ақша қаражатын алу үшін қажетті тиісті деректерді үшінші тұлғаларға беру талап қоюшының өзінің байқаусыздық көрінісі болып табылады.

Бұл үшін жауаптылықты ХҚҰ-ға жүктеу негізсіз және азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың АК-ның 8-бабында бекітілген парасаттылығы мен әділдігі қағидаттарына сәйкес келмейді.

Осы дәлелдердің барлығын жиынтықта бағалай отырып, Жоғарғы Сот жергілікті соттардың даулы мәмілені жарамсыз деп тануға құқықтық негіздері жоқ деген қорытындыға келді және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды.

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі